kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

К?ктем жыры. М?риям Хакімжанова

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:

О?ушыны М?риям Хакімжанованы? « К?ктем жыры» атты ?ле?ін м?нерлеп, т?сініп о?у?а ?йрету, ?ле?ні? ?зекті т?йінді ойын ашу?а жа?дай жасау, ?з бетінше шы?армашылы?пен ж?мыс істеуге баулу;

 Байланыстырып с?йлеуін, шы?армашылы? ойлауын, талдау ?абілеттерін, о?у м?нерін, дамыту;

Таби?атты ?ор?ау?а, ?ам?ор болу?а жетелеу; Топпен ж?мыс істей отырып, ?згені? пікірін ??рметтеуге, ?йымшылды??а, ауыз-біршілікке т?рбиелеу. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«К?ктем жыры. М?риям Хакімжанова»

Әдебиеттік оқу


Тақырыбы:

Көктем жыры.   Мәриям Хакімжанова

Мақсаты:

  1. Оқушыны Мәриям Хакімжанованың « Көктем жыры» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу;

  2. Байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын, талдау қабілеттерін, оқу мәнерін, дамыту;

  3. Табиғатты қорғауға, қамқор болуға жетелеу; Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа, ауыз-біршілікке тәрбиелеу. 

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: Суреттер, слайд,


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа әзірлік.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Өлеңді тізбектетіп, мәнерлеп бәріне оқытып шығу.

  2. Көктем туралы шағын әңгімені 3 қатардан 3 оқушыға оқыту.

  3. -Авторы кім? Автор туралы

Туған жері, туған жылы-.................

Шығармалары-................................

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

-Өлең не туралы?

-Көктем қанша уақыт қонақтайты?

-Көктем айларын ата.

ІҮ. Негізгі бөлім

1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2. Жаңа сабаққа даярлық.

Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт,

Таң-тамаша дүние, дабырлап жұрт.

Көктем келді.

Өмірдің келешегі –

Көкпен бірге дүркіреп төл өседі.

М.Мақатаев
3. Жаңа сабақ: кіріспе:

1. Автор туралы мәлімет

М.Хакімжанова   1906 жылы 16.11. Қостанай  облысы  қазіргі Алтынсарин ауданындағы Қызыл  шоқ  ауылында  туған. Ол  ақын ,  ҚР – ның халық  жазушысы. 1993 жылы 7 .02- да 89 жасқа  қараған  шағында  дүние  салды.

Алғашқы жинағы “Жеңешем өлеңдері” 1935 ж. жарық көрді.

Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың өмірі мен Отан соғысындағы ерлігін жырлаған “Мәншүк” поэмасы (1945, орыс тілінде 1947),

“Ана махаббаты” (1953, таңдамалы),

“ Ана көктемі” (1963),

“Гүл туралы аңыз” (1970), т.б. 30-ға тарта өлең, поэмалары,

балаларға арналған “Бөбегім менің — өлеңім менің” (1959),

“Ана мейірімі” (1964) жыр жинақтары басылды.

2. Мәриям Хакімжанованың « Көктем жыры» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқу.

А) Мұғалім оқып береді.

Ә) Іштей оқу

Б) 3 қатардан 3 оқушыға 1 шумақтан оқыту

В) Жұппен жалғастыра 2 тармақтан оқу

-Ақын көктемгі қандай өзгерістерді жырлаған?

Г) Қыздарға 1-шумағын оқыту

-Осы шумақта ақын нелерді адам кейпінде суреттеген? (көктем, тау-кейіптеу )

Д) Ұлдарға 2-шумағын оқыту

-Өлеңнің бұл шумағындағы ұйқас туралы не айта аласыңдар?

Е) 3-шумағын хормен оқу

-Сөздің ішіндегі қай буындар күшті, көтеріңкі айтылып, айқын естіліп тұр?

-Сөз ішінде осындай белгілі бір буынның күшті, көтеріңкі айтылуын, айқын естілуін логикалық екпін дейміз.

  1. Тақтамен жұмыс

Сатылай кешенді талдау

Авторы: Мәриям Хакімжанова

Тақырыбы: Көктем келді

Жанр түрі: өлең

Идеясы: көктем өзгерісі

Шумағы: 3

Тармағы: 4

Бунағы: 3 бунақты, 11 буынды

Ұйқас түрі: а-а-б-а

Өлеңнің тәрбиелік мәні: Табиғатты қорғау


3 4 4

/ Бастады / /той-думанын / / жазық дала,/ 11 -а

3 4 4

/ Күркіреп / / жатыр тулап / / сай мен сала. / 11 -а

3 4 4

/ Малшылар / / өрісінен / / қозы терсе, / 11 -б

3 4 4

/ Мәз боп жүр / /соны тасып/ /бір топ бала./ 11 -а

Талдау

-Әр тармағында неше бунақ бар? (3)

-Әр бунақта неше буын бар? (3+4+4)

-Буынды тапқанда нені ескеру керек еді? (әр бунақтағы буын саны 4-тен аспайтынын-...кірігуді)

Қосымша түсінік

Қазақ өлеңінің бунақ ішіндегі буын санына қарай негізгі 5 түрі болады. Олар 6, 7, 8, 11 және аралас буынды. Бүгінгі өлеңіміз 3 бунақты 11 буыннан құралып тұр . Мұндай өлеңді қазақтың «қара өлеңі» деп атайды екен. Және қара өлеңнің ұйқасы а-а-б-а болып келеді.


Сергіту сәті

«Шақырады көктем» әнін орындау


Шығармашылық тапсырма

  1. Өлеңнің ұйқасын тап

Жасыл көктем келеді

Самал беттен өбеді.

Көкте бұлттар көбейсе

Мөлдір тамшы төгеді. 

  1. Берілген сөздерге сын есім тіркеп сөз тіркесін жаса.

... көктем ... күн ...су

... гүлдер ... құстар ... жер

  1. «Табиғатты қорғайық» тақырыбына эссе жазу

Ү.  Қорыту.

-Не білдіңдер?

-Не білетін едіңдер?

-Не білгің келеді?

ҮІ.  Үйге тапсырма:

1. Жаттау. (Өлеңді мәнерлеп, үзілісті, екпінді, логикалық екпінді анықтап оқуға жаттығу.)

ҮІІ. Бағалау.

Пирамида







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
К?ктем жыры. М?риям Хакімжанова

Автор: Сейтенова Майра Сапаровна

Дата: 30.03.2016

Номер свидетельства: 312312


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства