kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

К?ктем с?ні конспект урока

Нажмите, чтобы узнать подробности

П?ні: Ана тілі

К?ні: 

Саба?ты? та?ырыбы: К?ктем с?ні.
Саба?ты? ма?саты: 1Білімділік: Ертегіні о?и отырып,таби?атта?ы а?-??старды? тыныс- тіршілігімен, т?рлерімен таныстыру.
2.Дамытушылы?: О?ушыларды? с?здік ?орын молайту,ой-?рісін,д?ние танымын ке?ейту.С?йлеу шеберлігін жетілдіру,белсенділігін арттыру.
3.Т?рбиелік: Адамгершілікке,е?бек с?йгіштікке,ту?ан жерін,таби?атын с?йе білуге т?рбиелеу.

?дісі: Т?сіндіру, с?ра?- жауап, ?ызы?ушылы?ын ояту,р?лге б?ліп о?ыту.
К?рнекілігі:    К?ктем суреті, а?дарды? суреті, мультимедиа.
Т?рі: Жа?а саба?.
Саба?ты? барысы:                            

I.      ?йымдастыру кезе?і: С?лемдесу,о?ушыларды т?гендеу,назарларын саба??а аудару,психологиялы? дайынды?,3 топ?а б?лу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«К?ктем с?ні конспект урока »

Бекітемін

Сыныбы:

Пәні: Ана тілі

Күні: 19.02.2014.

Сабақтың тақырыбы: Көктем сәні.
Сабақтың мақсаты: 1Білімділік: Ертегіні оқи отырып,табиғаттағы аң-құстардың тыныс- тіршілігімен, түрлерімен таныстыру.
2.Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту,ой-өрісін,дүние танымын кеңейту.Сөйлеу шеберлігін жетілдіру,белсенділігін арттыру.
3.Тәрбиелік: Адамгершілікке,еңбек сүйгіштікке,туған жерін,табиғатын сүйе білуге тәрбиелеу.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ- жауап, қызығушылығын ояту,рөлге бөліп оқыту.
Көрнекілігі:    Көктем суреті, аңдардың суреті, мультимедиа.
Түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:                            

I.      Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу,назарларын сабаққа аудару,психологиялық дайындық,3 топқа бөлу.

Психологиялық дайындық

Біз бақытты баламыз,

Ойнап күліп аламыз.

Жетілсін деп санамыз

Оқып білім аламыз.

II.    Үй тапсырмасын тексеру: 
            3 топқа бөлу

1-топ «Достық»

2-топ«Шаттық»

3-топ«Жігер»

1-топ өлеңді жатқа айту

2-топ осы өлеңдегі табиғат көрінісінің суретін салу

3-топ көктемде болатын өзгерістер туралы сөйлем жазу


III.Сергіту сәті: «Қызыл өрік»биі

IV. Жаңа сабақ:         Көктем сәні. (Ертегі)
     Көктем мезгілі ғажайып бір ертегіге ұқсайды.

--Ал ертегі дегеніміз не?

--Қиялдан туған әңгіме

Ертегі 3-топқа бөлінеді

1- Қиял- ғажайып ертегісі                                          

   2- Хайуанаттар ертегісі

3- Шыншыл ертегі

Ребус шешу (Көктем)                                                                         


Жауабы:(Көктем)                                                                         

V. Оқулықпен жұмыс: 1.Мәтінді дауыстап,мәнерлеп оқып беру

2.Сөздікпен жұмыс:  Нөсер-жауын

Шаттық-қуану

Жігер-қуат,ынта

3.Мәтінмен жұмыс: 

Сұраққа жауап алу.1. Аң патшасы арыстан қандай жарлық береді?
                             2.Арыстан аңдарға қандай сұрақ қойды?   
                             3. Көктем сәні туралы аңдар не айтты?
                             4.»Қызыл кітап» туралы не білесіңдер?

VI. Қорытынды:    

1-топ. рөлге бөліп оқу





2-топ.Ассоциацияны толтыру

Гүл жасыл желек хош иіс

Нөсер ашық аспан шаттық

еңбек Көктем сәні мөлдір су

жылылық салқын самал жігер

шалқыған көңіл күлкі

3-топ. ертегідегі бір аңның суретін салу



Жұмбақтар

Айбарлы түрі бар,

Қанжардай тісі бар,

Тума бойында

Тасыған күші бар

Күжірейген жалды.

Білсең айт бұл аңды.

(Арыстан)


Қалқиған ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.  (Қоян)
 
Күші десең, күші бар.
Тісі десең, тісі бар.
Торуылдап ауылды,
Түнде жортар ісі бар.
                                         (Қасқыр)

Таусылама, қараңдар,

Табиғаттың қызығы?

Суық жақтағы жануар –

Бұтақ-бұтақ мүйізі.

(Бұғы)

Қорықпайды күшті аңнан,

Қорқады тек тышқаннан (Піл)

Өзі ширақ, өзі қу,

Жүрген жері айқай-шу. (Түлкі)

VII.Үйге тапсырма:

  1. Ертегіні мәнерлеп оқып,мазмұнын айту.

2.Өзіңе жауабы ұнаған аңның суретін салып келу.
VIII.Бағалау:














Бекітемін

Сыныбы: 3А

Күні:25.02.2014



Тәрбие сағаты: Шын дос – таусылмас қазына

     Сабақтың мақсаты:  оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке,әдемілікке, қарапайым болуға тәрбиелеу. Достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, біріне бірі тірек, медет болуынан, қам-қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінетінін ұғындыру.

Көрнекілігі: ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер.

                                   Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру .Сәлемдесу.

- Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. (Оқушылар достарына  арнап  бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады)(слайд1)

3-топқа бөлу

1-топ «Қыран»

2-топ«Сұңқар»

3-топ«Тұлпар»

ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі, достық туралы әңгіме. (слайд 2)

    Достық – адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы.

   Достық- өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі.

 Достықтың негізі – достардың өмірге көзқарастары мен түсініктерінің ұқсастығы, бірлігі.

 Достықтың негізі-достардың бір-біріне адалдығы,татулығы,шын көңілмен жақсылық жасауы.

Екі дос ертегісін тыңдау (слайд 3)

     Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде  қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.

     Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:

- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер малым-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім.  Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, - дейді.

     Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

-          Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді.

-          Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.

-          Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын.

-          Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, - дейді.

     Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.

     Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.

     Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады.» деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.

   Қай кезде, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау қажет. Ф.Франклин айтқандай, досты асықпай таңдау қажет.

   Дос қандай болу керек? (слайд 4)

                                жомарт

                                адамгершілігі мол

                                қарапайым

                                мейірімді

                                кешірімді

                                адал

ДОС                        төзімді

                                ақылды

                                кек сақтамайтын

III. Мақал-мәтелдер (слайд 5)

           1) Білімдімен дос болсаң,

            Сасқанда ақылын айтар.

            Білімсізбен дос болсаң,

            Топ ішінде бетін қайтар.

      2) Дұшпан біреу болса да көптік етер,

            Досың мың болса да аздық етер.

            3)Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең.

            4)Заттың жаңасы жақсы,

            Достың ескісі жақсы.

5)Досың үшін жан пида.
6)Дұшпанға тастай қатты бол,
Досыңа балдай тәтті бол.
7)Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
8)Жаман аттан аяғым артық,
Жаман жолдастан таяғым артық.


IV.Би-шешендер сөзі. (слайд 6)

1)Дос адам артық сұрамайды.

                     Махмұт Қашқари.

2)Дос достың кемшілігін кешіре береді.

                    Жүсіп Баласағұн.

3)Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас. 

    Абай.

4) Екі ердің достығы асулардан асырар,

    Екі елдің достығы ғасырлардан асырар.

                   Мұзафар Әлімбаев.

5 )Қассыз қазақ болса да,

    Доссыз қазақ болмаған.

 Жүсіп Баласаұғн.

6)Жақсы жолдас сыр шашпас.
Ақан сері Қорамсаұлы


V.«Жалғастырып көр» ойыны (слайд 7)

а)Әрбір адамға дос керек. Өйткені...

ә)Сыйластық бар жерде...

б)Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім...

Дос туралы жыр өлеңін хормен айту

VI. Сауалға жауап іздеу. (слайд 8)

Хаттарға жауап:

1-топ

А)Сен асығып барасың, ешқандай кешігуге болмайтын кездесуің бар. Досың саған тез келіп кетші, бір жағдаймен өте қатты қысылып тұрмын деді. Сенің әрекетің.

Ә)Досың қатты ауырып ауруханада жатыр. Өте қымбат дәрілер керек. Оның жағдайы жоқ. Сен не істер едің?

2-топ

Б)Сенің ең жақын досың жағымсыз қылық істеді. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?

В)Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?

3-топ

Г)Анаң сабақтан қайтқанда нан ала кел деп ақша берді. Сені үйдегілер күтіп отыр.  Түскі тамаққа нан әкеледі деп. Досың да анасы нан ала кел деген ақшасын жоғалтып алып не істерін білмей тұр. Не істейсің?

Д)Алда аналар мейрамы,сен анаңа сыйлық сатып алдың.Досыңда анасына сыйлық алғысы келіп тұр,бірақ досыңда ақша жоқ.Сен не істейсің?

 

Достық туралы өлең шумақтары:
1. Нағыз достар бір-біріне ұнаған.
Қиындықта бірін-бірі сынаған.
Мүмкін емес доссыз емес өмір сүруде,
Сүйеу болар шақтарыңда құлаған.
2. Досы үшін дос көнеді бейнетке,
Дос деген сөз ең қадірлі жер-көкте,
Жақсылардың айрылмас досы көп.
Қолын берген қиыншылық кездессе.
3. Достарымды сүйемін бірге жүрген,
Бірге ойнап, менімен бірге күлген.
Достар деген жаныңның бір бөлшегі
Орын алған жүректің бір түбінен.
4. Балдырған балалар,
Достықты бағалар.
Есіңе сақтағын,
Адал бол,
Шыншыл бол.
Өтірік айтпағын,
Сөзіңнен қайтпағын.
5. Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Бірге балық аулаймыз,
Міне біздер қандаймыз.
Орман, көлге, шыңға біз,
Саяхатқа шығамыз.
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашан да біргеміз.
6. Екі деген – екі дос,
Бірін-бірі қимайтын
Артық кемді етпей сөз,
Бірін-бірі сыйлайтын
Досыңа бол адал жан,
Бірдей бөліс сынақты
Бір нүктеге қадалған,
Екі көзің сияқты.

VII.Сахналық қойылым.
Әдебиет – өмір айнасы,
Сахна-оның жалғасы.
Қазір біз сахналық қойылымды көреміз.

1-топ
Тақтаға қағылған шеге.
Автор.
«Мінезі нашарлау, бұзақы бір бала болыпты. Күндердің күнінде әкесі оған бір дорба толы шеге беріпті. Әкесі: «Жолдастарыңмен әрбір керіскен, төбелескен кезіңде тақтайға бір шеге қағып отыр.»- депті. Бала бірінші күні тақтайға 10 шеге қағыпты. Содан кейінгі күндері өздерін тежей жүріп, күн сайын шегені аз қағуға тырысыпты. Сөйтіп, әйтеуір бір шеге қақпаған күнге де жетіпті. Әкесіне барып айтқанда ол баласының шеге қаққан тақтайына қарап:
Әкесі: Бүгіннен бастап керіспеген, төбелеспеген әрбір күніңде бір шегеден суырып отыр,- депті.
Автор:
Бірнеше күн өткеннен кейін тақтайда шеге қалмапты.
Әкесі:
Балам тақтайға дұрыстап қарашы. Көптеген тесіктер пайда болды, енді бұрынғыдай біртегіс болмайды. Жолдастарыңмен керісіп, төбелескен кезде былапыт, жаман сөздер айтылады. Әр жаман сөз жанға бір жарақат жасайды. Соңында жолдасыңнан мың рет кешірім сұрасаң да, ол тесіктер бітелмейді. Дос асыл тас тәрізді. Сенің қуанышыңа ортақтасады. Көңілің жабырқаса, көмекшің болып, қайғыңды басады.

2-топ
Автор:Махаббат етігі жыртылып қалып сабақтан бірнеше күн қатарынан қалды.Оны сыныптасы Нұрсезім іздеп үйіне келді.

Махаббат,көптен сабақта жоқсың ғой.Ауырып қалған жоқсыңба?

-Жоқ ауырған жоқпын.Етігім жыртылып қалды.Жаңасын алатын үйде ақша болмай тұр.

-Мен етігімді жөндетіп алып келе жатыр едім.Менің әзірше киетін етігім бар ғой.Сен кие тұр.

-Мамаң ұрыспай ма?

-Мамама түсіндіріп айтамын ғой.

-Рахмет!

Автор:Махаббат етікті киіп алды да бірге шығып кетті.

3-топ
Достық туралы
(Ел аузынан)
Автор: Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары:
- Достық неше түрлі болады?
Әйтімбет:
- Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық та, екіншісі амал достық.
Дан:
- Дұрыс-ақ енді оларды қалай ажыратамыз?
Әйтімбет:
- Адал дос өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өмірі қысқа болады.

Көріністі қорытындылау: Адал достық пен арам достыққа мысал келтіріңдер.
1)Сабақта бір-бірінен үй жұмысын, бақылау жұмысын көшіріп алуға арналған достық-арам достық, олардың өмірі қысқа болады

2)Өмірлік нұсқа болар достық ата-аналарымыздың бала кезінен қазірге дейін дос болғаны.Адал достықтың өмірі ұзақ болады

Балалар өздеріңді көріктендіріп жүрген асыл да адал достарың жөнінде кім айтып бере алады. Өздеріңіздің достықтарыңыздың мықты, берік екендіктерін мысалдар арқылы дәлелдей аласыңдар ма?( достары туралы айтқызу)

1-оқушы: Досқа жақсылық жасасаң, ол да саған жақсылық жасайды. Біз басқа да елдермен доспыз. «Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын» деп бекер айтпаған. Досың болса, ешқашан қиналмайсың.

2-оқушы: Дос адамға керек. Доспен ой бөлісесің,сырласасың, бір-біріңе көмек бересің. Досы көп болу үшін сабақты жақсы оқып, тәртіпті болу қажет.
3-оқушы: Барлық балаларда дос болу қажет. Досыңды ешқашан ренжітпеу, оған жамандық жасамау керек. Менің досым бар. Мен оны ешқашан алдамаймын. Ренжітпеймін. Ол да мені ренжітпейді.

4-оқушы: Дос әсіресе қиын жағдайда көмек береді. «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген мақал рас айтылған.
VIII.Қорытынды:
Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе сендерге тек қана адал, таза, ақ ниетті достарың көп болсын деп тілеймін. Өздерің де нағыз дос бола біліңдер.
Достық деген таусылмайтын қазына,
Көктемде де солып қалар гүл емес,
Қарамайды ол сыйдың көп пен азына
Нағыз достар тіпті сый да тілемес.

-Достықтың күші-бірлікте, кепілі-татулықта. Сендерде де сыныптас достарыңды қолдап, қол ұшын беруге әрқашан дайын болыңдар. Сау саламатта болыңыздар!








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
К?ктем с?ні конспект урока

Автор: Орынбаева Айман Нуралы?ызы

Дата: 30.04.2015

Номер свидетельства: 207327


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства