І. Кіріспе бөлім | - Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалып тастыру.Топқа бөліну 1-топ:Жапырақтар 2-топ:Құстар 3-топ:Гүлдер 4-топ:Жәндіктер Топ басшыларын әр топтан сайлап алу. | -Оқушылар амандасады. -Оқушылар осы сөздер бойынша топ- қа бөлінеді. Оқушылар әр топтан топ басшысын сайлайды. | Оқушылар сабаққа даярлық ұйымдастырып, зейіндерін сабаққа аударады. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары оянады. |
II.Тұсаукесер | Сыныптағы диалогтік оқыту:«Түрткі болу,Сынақтан өткізу,Қайта бағыттау сұрақтары».Топтарға сұрақтар қою. 1.Абай Құнанбаев кім? Шын есімі кім? 2.Қай жылы,қай жерде дүниеге келді? 3.Абайдың әкесі кім? Анасының есімі кім? 4.Абайдың қанша қара сөздері бар? 5.Абай қай жылдары өмір сүрді?(1845-1904ж) 6.Жыл мезгілдеріне арналған өлеңдерін ата? Жұмбақ шешу.Гүл-гүл жайнап жер,аспан, Гүрілдейді сайда өзен Гүлжазира жарасқан Гүлдерімен қай кезең?(көктем) 2.Қырға кілем жайылды.(қызғалдақ) | -Үйге берілген тапсырма Жазғытұры өлеңін жатқа айтады. Сұрақтарға жауап береді. Оқушылар жұмбақ шешеді. | Сабаққа қандай дайындықпен келгендерін білу.Үй тапсырмасын сұрау арқылы олардың өз беттерімен қалай дайындала тынына және тіл байлықтарының қаншалықты дамығандығына көз жеткіземін. |
III.Негізгі бөлім. | Бүгін біздер Ә.Ысқабай « Көктем қандай көрікті» әңгімесімен танысамыз. Әли Әпекұлы Ысқабаев 06.05.1939 жылы Алматы облысы Балқан ауданында Күйген ауылда дүниеге келген. Ол-ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.ҚазҰУ-ды (1966), Алматыдағы Жоғары партия мектебін бітірген(1969).Ұзақ жыл ауд,обл газеттерінде жұмыс істеген «Социалисттік Қазақстан» газетінің Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі болған. « Менің інім», « Солдат аға хат» , «Көмекші шопан», «Әубәкіровтер әулеті» , «Жұмыскер құмырсқа» прозалық кітаптарының авторы. «Көктем»сөзін топтастырады.Топтарға тапсырма беріледі.-Әр топ өз атына сай көктемгі табиғатта қандай өзгеріс болатынын айтыңдар.Енді өз атауларының табиғаттағы әдемілігін қалай сипаттар едіңдер?Неге теңеуге болады? Мәтінді оқыту.Түсініксіз сөзді түртіп отырыңдар? Мәтінді бөлімдерге бөліп,жоспар құрайық. Жоспар: 1.Көктем келді. 2.Қыр беті көркем. 3.Көңілді балалар. 4.Сайранның көптің пікіріне қосылуы. Сергіту сәті: | Барлық оқушылар зейін қойып, назарын салып тыңдайды. Мұғалімнің автор туралы айтылған ақпараттар көзін тыңдайды. Түсінбеген сөздері, яғни сұрақтары болса қояды. Әр топ өздерін толық сипаттайды. Топ бірігіп жұмыс жасайды.Не айту керектігін ойластырады.Постерге сурет,жазу,сызба,т.б. түсіріледі.Жұ- мыстарын топтан бір оқушы шығып қорғайды.Топ жұмыстары тыңдалады.Басқа топтан сұрақтар қойылады. Мәтінді топта жеке,түсініп оқиды. Сөздікпен жұмыс: Қасат қар-тығыздалып қалған қатқыл қар.Хош иісіне елтіген-аңқыған жақсы иісін ұнатқан.Дәптермен жұмыс. Бөлімдерге бөледі.Жоспар құрады. Сергіту сәтін жасайды. | Жаңа материалды игере отырып, оқушылар еңбекқорлыққа, табиғат-ананың адамға осынша разылық білдіретінін игереді. Өз ойларын ортаға сала отырып, тіл байлықтарын кеңейеді. Сөйлем құрап сөйлеу дағдылары дұрысталады, дамиды.Өз ойларын ашық ,толықтырып жеткізуге үйренеді. Өз ойларын ортаға сала отырып, тіл байлықтарын кеңейеді. |
| 1.Көктем мезгілі саған неліктен ұнайды? 2.Сайран сияқты көктемді ұнатпайтын достарыңа не айтар едіңдер? | Мәтін желісі бойынша берілген сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар қайтарады. | Берілген сұрақты мұқият тыңдап, дұрыс жауап бере білуге дағдаланады. |