kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

К?ктем (ашы? саба?)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы: Шы?армашылы?.

      О?у іс – ?рекеті: Сурет салу.

Та?ырыбы: Алма а?ашы г?лдеді.

Ма?саттары: Білімділік: А?ашты салуды естеріне т?сіру, ?ыл?аламмен сурет салуда ?арапайым ?оз?алысты на?ты бере білуге ?йрету.

Дамытушылы?: Т?стерді сезіну ж?не араластыра білу да?дысын жетілдіру.

Т?рбиелік: Эстетикалы? сезімін ?алыптастыру, композиция ??ра білуге, асы?пай ойлану?а т?рбиелеу.

?олданылатын к?рнекі ??ралдар: К?ктем мезгіліні? суреті, к?ктем мезгілінде болатын ?згерістерді? суреттері, «Г?лдеп т?р?ан алма а?ашы» суреті, слайд, музыкалы? с?йемелдеу.

?ажетті ??рал – жабды?тар: сурет д?птері, гуашь, ?ыл?алам, су, с?лгі.

С?здік ж?мыс: перде, араластыру.к?лтешелері к?бінесе бесеу болып келеді. Сауса?ымызды а? бояу?а батырып бес к?лтеше жасаймыз.

-Енді сауса?ымызды с?ртеміз, сары бояу?а батырамыз. Б?л г?лді? ортасында?ы шырынын бейнелеуге к?мектеседі.Бояуды араластыры жа?уда мынаны ескереміз, бірінші бояуды жа??аннан кейін ?ыл?аламды жуып, сулы майлы?пен с?ртеміз.

Сауса? жатты?уы:

?шты – ?шты к?белек,

Би билейді д??гелеп.

Г?лін к?ріп алманы?,

А?аш?а ?онды к?белек.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«к?ктем (ашы? саба?)»

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Оқу іс – әрекеті: Сурет салу.

Тақырыбы: Алма ағашы гүлдеді.

Мақсаттары: Білімділік: Ағашты салуды естеріне түсіру, қылқаламмен сурет салуда қарапайым қозғалысты нақты бере білуге үйрету.

Дамытушылық: Түстерді сезіну және араластыра білу дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелік: Эстетикалық сезімін қалыптастыру, композиция құра білуге, асықпай ойлануға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Көктем мезгілінің суреті, көктем мезгілінде болатын өзгерістердің суреттері, «Гүлдеп тұрған алма ағашы» суреті, слайд, музыкалық сүйемелдеу.

Қажетті құрал – жабдықтар: сурет дәптері, гуашь, қылқалам, су, сүлгі.

Сөздік жұмыс: перде, араластыру.

Оқу іс – әрекетінің кезеңдері


Педагогтың іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Жылулық шеңбері

Көктем қандай көңілді,

Күміс жаңбыр төгілді.

Мөлдір аспан ашылып,

Күн пердесі сөгілді.

- Балалар, біз қай мезгіл туралы өлең айттық?

-Балалар, қазір қай мезгіл?

- Сендерге көктем мезгілі ұнай ма?


Балалар бір – біріне жылулық лебіздерін білдіреді.


-Көктем мезгілі туралы

-Қазір көктем езгілі.

-Ия, ұнайды.


Ұйымдастырушылық – ізденістік

-Балалар, қазір біз сендермен ойын ойнаймыз. Бұл ойын «Сипап сез» деп аталады.

Шарты: Әр бала ортаға шығып көзін жұмады. Тақтада тұрған суретті сипап сезіп не екенін айтады.Бұл көктем мезгілінде болатын өзгерістерге сай суреттер болып табылады.

1 – сурет: Күн




2 – сурет: Ағаш





3 – сурет: Қарлығаш



4 – сурет: Аю








5 – сурет: Жәндіктер



Балалар ойын ойнайды.









Бұл – күн. Көтем мезгілінде күн жылынады, әрі күн ұзарады.

Бұл – ағаш. Көктемде ағаштар бүршік жарып, жапырақтары шыға бастайды.

Бұл – қарлығаш. Құстар жылы жақтан ұшып келеді.

Бұл – аю. Көктемде аюлар, жалпы жан – жануарлар ұйқысынан оянады.

Көктемде жәндіктер жер бетіне шығады.



Тосын сый!

Ортаға көбелек кіріп келеді.

Көбелек: - балалар, көктем келісімен мен де келдім. Мен гүл іздеп жүрмін. Осы «Рауан» тобының балалары маған көмектеседі деп ойлап келдім. Маған гүлді табуға көмектесесіңдер ме?

-Көбелек, сен уайымдама, біздің балалар міндетті түрде саған көмектеседі. Сен әзірге бізге қонақ болып дем ала тұр.

-Балалар, көктемде ағаштарда қандай өзгерістер болады? Алма ағаштарында ше?

Біз сендермен осы күнге дейін қандай ағаштар түрлерін салдық?



-Бүгін біз гүлдеп тұрған алма ағашының сурет саламыз. Бізге бұл тапсырманы орындау үшін жасыл, қоңыр, сары түстер қажет болады.

Ең бірінші ағашты саламыз, төменнен жоғарыға қарай жіңішкерте сызу арқылы діңін саламыз, діңінің төмен жағын ашық қоңыр түспен жеңіл жаға отырып, жіңішкерте, бұтақтарын көлбеу саламыз.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымыздан жел еседі.

Кіп – кішкентай ағаштар.

Үп – үлкен болып өседі.


Дайын ағашқа енді гүлдерді саламыз. Саусақпен бастыру әдісін қолданамыз.

-Балалар, ағаштың гүлін салу үшін кішкентай саусағымызды ақ бояуға батырамыз, алма ағашының гүлдерінің күлтешелері көбінесе бесеу болып келеді. Саусағымызды ақ бояуға батырып бес күлтеше жасаймыз.

-Енді саусағымызды сүртеміз, сары бояуға батырамыз. Бұл гүлдің ортасындағы шырынын бейнелеуге көмектеседі.Бояуды араластыры жағуда мынаны ескереміз, бірінші бояуды жаққаннан кейін қылқаламды жуып, сулы майлықпен сүртеміз.

Саусақ жаттығуы:

Ұшты – ұшты көбелек,

Би билейді дөңгелеп.

Гүлін көріп алманың,

Ағашқа қонды көбелек.


Балалар көбелекті көріп қуанады.

-Ия, көмектесеміз.




Ағаштар бүршік атады. Алма ағашы гүлдейді.


Күзгі ағаш, қысқы ағаш, шыршаларды салдық.















Көбелекпен бірге сергіту сәтін жасайды.

Ағаштың жасалу жолдарын айтады, естеріне түсіреді. Әдемі гүлдер ашады, Гүлдері күлгін, ашық қызылға бояйды.







Балалар саусақтарын қимылдатып, сергиді.




Кішкентай саусақтарын ақ бояуға батырады.

Бес күлтеше жасайды.


Саусақ жаттығуын жасайды.


Рефлексиялық - түзетушілік


Балалардың жұмысынан көрме ұйымдастырылады.

Салған суреттерін салыстырып, кемшіліктерін айтады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
к?ктем (ашы? саба?)

Автор: Рахимбай Самал Т?рсымбай?ызы

Дата: 09.01.2016

Номер свидетельства: 274202


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства