- ?ыздарды хал?ымызды? ізгі ?асиеттері: имандылы?, инабаттылы?, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде т?рбиелеу.
- ?р ?ыз баланы парасатты, жан – жа?ты білімді болу?а, ?семдік, с?лулы? ?лемін т?сінуге т?рбиелеу.
- ?ыз балаларды? ?жымда ?зара тіл табысуы, бас?а ортада ?з м?мкіндіктерін к?рсетуі ар?ылы беделге ие болуы, ?жым арасында досты?ты ны?айту. Бай?ау барысы:
«?ыз сыны» ?ні орындалады.
Осы ?нге бай?ау?а ?атысушы ?ыздар би билейді.
1-ші ж?ргізуші:
- ?айырлы к?н, ??рметті ?стаздар, о?ушылар, к?ктемні? шуа?ты мерекелерімен ??тты?таймын, осы к?ктем мерекелері ?арса?ында ?ткізілгелі отыр?ан ?ыз сыны бай?ауына хош келді?іздер! «?ыз ?ссе-елді? к?ркі, г?л ?ссе-жерді? к?ркі» демекші, бізді? бабаларымыз ?семдікті? с?лу ?лгісін ару ?ызды? тал бойынан к?руді арманда?ан. ?ызын ?ыры? ?йден тия отырып, ала?анына салып ?спеттеп еркелеткен, жастайынан шеберлікке, ісмерлікке, баулы?ан. ?аза? ?ызыны? бойында «а?ылдылы?, сыпайылы?, инабаттылы?» сия?ты ?асиеттер мен ?атар ?р?ашанда еркін с?йлеп, ойын ашы? айтатын ?жеттілік т?н бол?ан. Б?гінгі сайысты? ма?саты да: осындай асыл ?асиеттерді бойына сі?ірген, «он сауса?ынан ?нер там?ан» шебер де ісмер ?ыздарды т?рбиелеу. Едеше, ?ыздар?а с?ттілік тілей отырып бай?ауды бастайы?!
2-ші ж?ргізуші:
Б?гінгі «К?ктем аруы» атты ?ыз сыны сайысына ?ош келді?іздер!
- Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу. - Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. - қыз балалардың ұжымда өзара тіл табысуы, басқа ортада өз мүмкіндіктерін көрсетуі арқылы беделге ие болуы, ұжым арасында достықты нығайту. Байқау барысы:
«Қыз сыны» әні орындалады.
Осы әнге байқауға қатысушы қыздар би билейді.
1-ші жүргізуші:
- Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар, көктемнің шуақты мерекелерімен құттықтаймын, осы көктем мерекелері қарсаңында өткізілгелі отырған қыз сыны байқауына хош келдіңіздер! «Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе-жердің көркі» демекші, біздің бабаларымыз әсемдіктің сұлу үлгісін ару қыздың тал бойынан көруді армандаған. Қызын қырық үйден тия отырып, алақанына салып әспеттеп еркелеткен, жастайынан шеберлікке, ісмерлікке, баулыған. Қазақ қызының бойында «ақылдылық, сыпайылық, инабаттылық» сияқты қасиеттер мен қатар әрқашанда еркін сөйлеп, ойын ашық айтатын өжеттілік тән болған. Бүгінгі сайыстың мақсаты да: осындай асыл қасиеттерді бойына сіңірген, «он саусағынан өнер тамған» шебер де ісмер қыздарды тәрбиелеу. Едеше, қыздарға сәттілік тілей отырып байқауды бастайық!
2-ші жүргізуші:
Бүгінгі «Көктем аруы» атты қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!
1-жүргізуші. Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
„Қыз өссе елдің көркі"деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
2-жүргізуші. Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал,сайысқа
Өнер көрсет,құрбылармен жарыс та.
Сайысымызды бастамас бұрын құттықтау кезегін береміз.
1-жүргізуші. Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.
Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазылар мүшесімен танысайық:
1-жүргізуші. Ортаға аруларымызды шақырайық. Қарсы алыңыздар:(Музыка ойнайды. Сынып ұлдары қыздарды алып шығады )
1.Шақырайық көркем әсерлі Сұлудай ару Нұрайды
2.Сымбат деген сымбатымен көрікті Жаулап алар жан дүниеңді еріксіз
3.Диана қызымыз өнерлі Біздің елдің өрені
4.Аяжан қызымыз білімді Меңгерген бар ілімді
5. Айдана келер ортаға Керіліп киелі сахнаға
6.Қап қара көзімен мөлдіреп Сәлемін береді Сабина кеп
7.Қарақат қыз елгезек Алады тез тіліңді.
2 -жүргізуші:Бірінші сайыс -өзін-өзі таныстыру.
Көңілге түй сен мұны,
Әр бүлдіршін –ел гүлі.
Бақытты елде туғаның
Есіміңнен белгілі.
(өздерін таныстырады)
1 аруымыз Сабинаны қарсы алайық
2 аруымыз Сымбатты қарсы алайық
3 аруымыз Нұрайды қарсы алайық
4 аруымыз Қарақатты қарсы алайық
5 аруымыз Аяжанды қарсы алайық
6 аруымыз Айдананы қарсы алайық
7 аруымыз Диананы қарсы алайық
ІІ. «Өнерлі өрге жүзер»
2-ші жүргізуші: Болады қыздың аты затына сай, Ниет етсең болуға өнерге бай. Артық емес, үйрен де жирен деген, Бос қалып, бұл өмірде жүрмесін жай. 1-ші жүргізуші: Ал кімнің өнері бар қаншалықты Би билеп,ал біреуі ән салыпты. Бүгінгі қыз сынында бәйге алуға, Арулар аянбай ақ жан салыпты – дей отырып, байқаудың «Өнерлі өрге жүзер» деп аталатын кезеңдеріне кезек береміз. Бұл кезеңдерде қатысушы қыздар ретімен шығып өз өнерін (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу немесе қолөнер) көрсетеді
ІІІ. «Шеберлік шыңға жеткізер» қолөнер бұйымдарынан көрме 2 - жүргізуші: Шебер қыздар көрме жайса, Он саусағы майысып. Тігін тігер, тоқу тоқып, Бәрі іскер, бәрі ұста.
«Шеберлік шыңға жеткізер» сайысын бастаймыз. Бұл сайыста әр оқушы өз шығармашылығынан (тоқыма, кесте, бисерден жасалған бұйымдар т.б.) шағын көрме жасайды. Жасаған қолөнер бұйымдарына түсініктеме беріп, әділқазы мүшелерінің сұрақтарына жауап береді. ІV. «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді»
1 - жүргізуші:
«Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын,
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес, Халқының сақтай білген ізгі салтын» – дегендей байқаудың келесі кезеңі «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» деп аталады. Бұл кезеңде ұлттық салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беру арқылы кішкене аруларымыз сынға түседі.
2-ші жүргізуші: Ақылдылық қыздарға жарасады, Көзі ашықпен бәрі де санасады. Келесі сұрақ – жауап сайысында Сыналар білімі мен парасаты
Лездік сұрақтар
1-ші жүргізуші: 1-ші қыздың сұрақтары
1.Ұлттық бас киімдерді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т.б.) 2. Әлемдік деңгейдегі әнші, опера жұлдызы ( Бибігүл Төлегенова). 3. Киіз үй жиһаздарын ата (кебеже, абдыра, кереует, жастағыш,жүк аяқ, тұс киіз, кілем) 2-ші жүргізуші:
2-ші қыздың сұрақтары 1. Ас атасы (нан) 2. Қыздың бұрымы дегеніміз не? (өрілген шаш)
3. Ананың анасы сізге кім болады? (Нағашы әже)
1-ші жүргізуші: 3-ші қыздың сұрақтары. 1. Зор байлық (денсаулық) 2. Жыр падишасы атанған қазақтың ақын қызы (Фариза Оңғарсынова).
3. Шашқа тағатын әшекей (шашбау)
2-ші жүргізуші:
4-ші қыздың сұрақтары 1. Әйгілі күйші апамыз (Дина Нүрпейісова). 2. Киелі құс (аққу) 3. Қамырдан жасалатын ұлттық тағамдар? (Бауырсақ, шелпек, таба нан т.б.). 1-ші жүргізуші:
5-ші қыздың сұрақтары. 1. Апа сіңлінің балалары (бөле) 2. Би өнерінің ханшайымы атанған апамыз (Шара Жиенқұлова)
3. Тар қонышты, өкшесіз жеңіл аяқ киім (мәсі)
2-ші жүргізуші:
6-шы арудың сұрақтары. 1. Абайдың әжесінің аты (Зере)
2. Зергерлік бұйымдарды ата (сырға,білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қапсырма, шашбау, бойтұмар, түйреуіш, белбеу). 3. Қазақтың ұлттық ою-өрнектерін ата (қошқар мүйіз, арқар, сыңар, өркеш, төртқұлақ, түйетабан, қос алқа, сыңар). 2-ші жүргізуші:
7-ші арудың сұрақтары. 1. Сүт өнімдерін ата (қымыз, шұбат, айран, қаймақ, май, сүзбе, көже, қойыртпақ, шалап, боза, іркіт, ірімшік, құрт, жент, малта) 2. Анаңның туыстары (нағашы) 3. Ұлттық діни мейрамдар (Ораза айт, құрбан айт )
ІV. «Мен анамды сүйемін» шағын эссе оқу
Қатысушыларымыз шығармаларын аяқтап болғанша ән шашу тыңдаңыздар.
Ән:
V. «Көктемгі қиял» сәндер шеруі
2-ші жүргізуші:
Сымбатына сән киім жарасатын, Аспандағы айменен таласатын. Өнеріне сәні сай келіп тұрған, Аруларға қызығып қарасын деп,- байқаудың соңғы кезеңі «Көктемгі қиял» атты сәндер шеруі. Бұл сайыста қыздар өз қолдарынан шыққан қиял - ғажайып киім үлгілерін киіп, сән үлгілерін көрсетеді.
1-ші жүргізуші:
Кімдер білгір, кімдер ұшқыр, Салыстырып біз көрдік. Қара қылды қақ жарып, Әділін тек айтатын. Ортамызда төбе би, Өзіңізге сөз бердік,- деп бүгінгі сайысымызды аяқтай отырып, әділқазы алқасына сөз береміз. 2-ші жүргізуші: Ал қазір әділқазылар алқасы арулардың ұпайларын есептегенше, ән тыңдайық.
Ән: 1-ші жүргізуші: Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. «Қыз - ұлттың жаны» демекші, ата – аналарыңның аяулысы, құрбы – құрдастарыңның қадірлісі мен қымбаттысы, өмірдің сәні бола беріңіздер! Ару қыздарымызға рахмет айтамыз. Байқауға қатысқан қыздарды марапаттау, сыйлықтар ұсыну.