Просмотр содержимого документа
«К?ксерек 3 сынып »
Тақырыбы «М.Әуезов.Көксерек»
Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі Бекенова Б.Б
Орал,-2014ж
Тақырыбы: М.Әуезов.Көксерек
Мақсаты: а)М.Әуезов туралы мағлұмат беріп,әңгіме мазмұнын
меңгерту,өзекті ойды анықтау.
ә) Әңгіме талдау арқылы оқушы қиялын,шығармашылығын
дамыту,өз ойларын, пікірлерін қорғауға дағдыландыру.
б) Табиғатты сүюге, оны қорғауға баулу.Оның заңдылығын бұзуға жол бермеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Түрі: Аралас,СТО
Әдісі: Рольдегі оқушылар,сұрақ-жауап
Көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайдтар
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Күтілетін нәтиже: Өз пікірін айта алатын,қайырымдылық пен қатігездікті түсінетін, табиғат пен адамзат арасындағы байланысты бұзбайтын жеке тұлға.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлім
Сабаққа дайындықтарын қадағалау.
Психологиялық дайындық.
Табиғат- ана!
Табиғаттың сырын танып білейік,
Табиғаттың тілін ұғып көрейік.
Тыныштығын сақтап өмір-өзеннің,
Ізгіліктің шамын жағып жүрелік.
(қызығушылықты ояту, ұлы ақындарды айтқызу)
Үй тапсырмасын тексеру.Ғ.Қайырбековтің «Болашақ сақшы» өлеңін жатқа сұрау.
Еліміз қандай мемлекеттермен көршілес? Өлеңдегі жас ұланның арманы қандай? Сендер Отанды қорғауда қандай үлес қосар едіңдер? Жаңа сабақ. Жақсы ендеше мына суреттерге назар аударайықшы.Бүгінгі сабағымызда не туралы әңгімелейміз деп ойлайсыңдар? Көксерек киносынан үзінді көрсету.Көксерек киносының режисері қырғыз Толоуш Океев,Құрмаш ролінде-Қамбар Уәлиев ойнады.1973 жылы Қырғыз тауының баурайында,Ыстықкөл жағалауында түсірілген.1974ж Мәскеуде тұсаукесері өткен және Бакуде өткен кинофестивалдің 1 жүлдесіне ие болған.Көксерек әңгімесіне ұқсас шығармалар. Ш.Айтматовтың «Жан пида» романы,Джек Лондон «Ақ азу» хикаяты,О.Сүлейменов «Бөлтіріктер өлеңі»
Бүгін М.Әуезовтің Көксерек повесінен үзіндімен танысамыз.Кәне бұл туралы не білесіңдер? Топтастыру.
Драматург 1897ж Семей облысы Абай
М.Әуезов ауданында дүниеге келді Ұлы жазушы
Қоғам қайраткері 1929ж Көксерек әңгімесін жазды
ұстаз Ғұлама ғалым
М.Әуезовтің тағы қандай әңгімелерін білесіңдер?
Сөздік жұмысы.
Қырыс-қырсық мінез
Тағы-жабайы
Мағынаны тану.
Рольдегі оқушылар әдісі.
1.Баяндаушы-3 қатардан оқушыларға оқыту,баяндату,бөлімге ат қойғызу.
2.Сұрақ қоюшы-әр қатар мәтін бойынша сұрақтар қояды.
3.Із қуушы-кейіпкерлердің ізін қуалайды.
4.Сөз тапқыш –әңгімедегі көркемдегіш сөздерді табады.
5Дәнекерші-өмірмен байланыстырады.
6.Бейнелеуші-сурет салады.
7.Ізденуші-мәтінге қатысты ақпараттар айту.Жалпы әлемде қасқырлардың 6 түрі бар.Қасқыр,койот,шибөрі,эфиоп шибөрісі,ала шибөрі,теңбіл шибөрі.Қазақстанда сұр қасқыр көп тараған.Арасында қара,қызыл,ақ қасқырлар болған.Сұр қасқыр тұқымына көкбөрі текті азулар көп тараған.Олардың ұзындығы 160см,биіктігі 180см,салмағы 80кг, бас сүйегі 270мм.Қасқырды еркегін-арлан,ұрғашысын- қаншық,күшігін-бөлтірік,Бөрі,Көкжал,Жаманауыз деп те атаған.
8.Кейіпкерлерді сипаттау-әр кейіпкер туралы кім екендігін, мінез-құлқын айту.
Аргументтік эссе.
1.Менің ұстанымым.
2.Оның негіздері.
3.Неге?
4.Қарсы аргументтер
5.Қарсы аргументке негіздеме.
6.Қорытынды.
Сергіту сәті
Аппақ болып таң атты, Түтін тік боп шығады. Гүлге қонған көбелек, Самғап биік ұшады. Қоюланып қара бұлт, Төкті жаңбыр себелеп. Жапырақты жамылып, Бұға қалды көбелек.
Кері әсер парағы.
Әсер еткен жері
Неліктен?
Пікіріңіз
Шығармашылық тапсырма
1.Иттің иесі болса,----------тәңірісі бар.
2.---------қанша бақсаңда, орманға қарап ұлиды.
3.-----------қанша өсірсең де ит болмайды.Мақалдардың мағынасын ашу,түсіндіру.
Ой толғаныс.
Әңгіме кестесі.
Мәтіннің аты.
Шығарманың қандай түрі?
Идеясы
Мәтіннің кейіпкерлері
Мәтін бізге не үйретті?
Мәтіннің аяқталуы.
Осы шығармадан соң көз алдарыңа не елестеді?
Осы әңгімені достарыңа оқуға ұсынар ма едіңдер? неге?
Қорытынды.
Адам мен табиғат арасында үндестік, үйлесім өз заңдылығы болуы шарт. Оны еш уақытта бұзбау керек.Егер заңдылық сақталмаса,оның жақсылыққа апармайтынын ескертеді.Ендеше табиғатқа қиянат жасамайық.
Бағалау.
Үйге тапсырма. Әңгімені түсініп оқу, «Адам және табиғат» эссе жазу.