Просмотр содержимого документа
«К?кшетау ашы? саба? »
Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров « Көкшетау»
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: оқушылардың Ілияс Жансүгіров туралы түсініктерін, білімдерін молайту. Көкшетау өлеңінің мазмұнын ашу. Оқушылардың ойлау шығармашылық қабілеттерін арттыру.
2) Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту. Есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3) Тәрбиелік: туған жеріміздің сұлу табиғатын сүюге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, Көкшетаудың табиғат көріністері, ақ қағаздар, түрлі түсті қарындаштар, фломастерлер
Сабақтың әдістері: СТО әдісі
Типі: жаңа сабақ
Түрі :топпен жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Балалар, бүгін сабағымызға қонақтар келіп отыр. Ендеше бүгін келген қонақтарға өзіміздің білімдерімізді көрсетейік.
Оқушыларды үш топқа бөлу, топбасшысын сайлау
І- топ: Бурабай
ІІ- топ Оқжетпес
ІІІ- топ Жұмбақтас
1) Сәлемдесу
2) Оқушыларды түгендеу
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
І. Ой шақыру
Интерактивный тақтаның көмегімен Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» атты әні қойылады. Ал балалар енді мұқият болыңдар қазір сендер бір ән тыңдайсыңдар. Осы әнді тыңдау барысында ойларыңды жинақтай отырыңдар.
Музыка тоқтайды. Ал балалар сендер әнді тыңдадыңдар. Осы әнді тыңдағанда ойларыңа не келді. Көз алдарыңа не елестеді. Бұл ән не туралы екен. ( балалардың жауабы)
Ия өте тамаша. Бұл ән сендерге кездейсоқ қойылған жоқ. Себебі біздің бүгінгі өтер тақырыбымыз осы атаумен үндес. Яғни бүгінгі тақырыбымыз Ілияс Жансүгіровтың « Көкшетау» өлеңі. Балалар біз Ілияс Жансүгіровтың
шығармаларымен, өлеңдерімен алдыңғы сыныптарда танысқанбыз, мәліметтер жинағанбыз. Ендеше сол білімдеріңді ортаға салуға тура келеді.
Алдарыңда түрлі- түсті фломастерлер, ақ қағаздар жатыр. Ілияс Жансүгіров деп жазып ортаға саласыңдар. Ортаға салады. Топтан бір спикер шығып, іліп қорғайды. Ия дұрыс өте тамаша. Үш топтың да Ілияс Жансүгіров бойынша білімін тамашаладық.
ІІ. Мағынаны тану
Ал ендеше Көкшетау өлеңімен танысайық.
Өлеңді бөліктерге бөлу.
Әр топтағы оқушылар іштерінен жеке –жеке оқиды.
Бір оқушы мәнерлеп оқиды.( әр топтан).
Бір оқушы сол шумақты мазмұндап береді.
Сергіту сәті:
Ал балалар біз сендермен сергіп алдық. Енді өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап берейік .
Ақын суреттеп отырған таудың аты қандай?
Оны қай шумағынан байқадыңдар?
Таудың әсемдігі мен көркемдігі өлеңнің қай шумақтарында айтылған.
Ақын суреттеп отырған таудың биіктігі өлеңнің қай жолдарынан көрінеді.
1.Ақын тауды кімге теңейді?
2.Өлеңде қандай тастар туралы айтылған.
Енді келесі тапсырма
І –топ Бурабай тобына
Ілия Жансүгіровтың «Көкшетау» өлеңі бойынша сурет салу