халқымыздың әдет-ғұрпын,дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеу, бүгініміз бен келешегіміздің болашағына тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Суреттер, ақпарпаттық технология, аттар, арқан.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І кезең: Көкпар
ІІ кезең: Ұлттық ойын
ІІІ кезең: Жорға (сұрақ-жауап)
ІҮ кезең: Ұлттық тағам
Көкпар ( салт, ойын).
Жігіттердің күш-қайратын, ерлік, ептілігін сынайтын елдің ерекше қасиетін, ерекшелігін танытатын ұлттық салт ойыны. Жұрт «көкпар» немесе «көк бөрі» деп атайды. Айтта, тойда, аста «көкпар» тартылады. Ойынға екі жақтан ат тұрманы сайлы, мықты, епті жігіттер шығады. Көкпарға лақ беріледі (кейде бұзау да берілген). Күші, айласы асқан жігіттер жеңіске жетеді. Көкпардың мұндай түрін «тақым тартыс» деп атайды
Ұлттық ойын.
Мінеки, сондай жомарт сенің халқың,
Ешқашан жоғалтпаған ата-салтын.
Жас ұрпақ, ойлан өзің, біл тарихтан,
Қазақ боп қал, қадірле қазақ халқын.
Оқушыларды екі топқа бөліп, оларға сұрақтар қоямын.
Жорға.
Сұрақтар:
І - топ
1. Үш арсызды не?
2. Бес қатер деген не?
3. Малдың басын қандай
қонаққа ұсынады
4. Жеті атаңды ата?
ІІ – топ.
Үш жүзді ата?
Баланың тәрбиесін қадағалайтын мейірімді жан?
Үш байлық не?
Ал, ендеше балалар наурыз туралы қандай тақпақтар білеміз? Кәне, кім айтады? Балалардың тақпақтарын ортаға салу.
Ұлттық тағам
Балалардың үйден ата-аналары дайындап берген тағамды алғызып, ол тағамның жасалу жолын айтып беруі керек.