Это разработка для учителей начальных классов специальной школы. Можно проводить во внеурочное время.
Просмотр содержимого документа
«Көбелекті бейнелеу.Кляксография.»
Сабақтың тақырыбы: Көбелекті бейнелеу (Кляксография)
Сабақтың мақсаты: Қылқаламды дұрыс ұстау дағдысын меңгерту;
Міндеттері:
1) бояуды таңдауға, бірнеше түстерді қосу арқылы қажетті түс шығарып алуға үйрету, «кляксография» тәсілімен таныстыру;
2) Әріптерді дұрыс, анық айтуын қадағалау. Есту қабілетін, ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3) Тазалыққа, жұмыс жасау барысында тиянақты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, кляксография.
Сабақтың көрнекілігі: Суретті картиналар, сөздіктер
Қажетті құралдар: көбелектің эскизі, гуашь, қылқалам
Сөздік: көбелек, қылқалам
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі
-Амандасу;
-Қонақтармен амандасу;
-Қабылдағышты тексеру; (ПА-ПА-ПА)
II. Психологиялық дайындық
-Сабаққа кіріспес бұрын сабағымыз жақсы өтуі үшін бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік.
III. Тіл жаттығуы
-Әділ, аты-жөніңді толық айт.
-Нұрислам, аты-жөніңді толық айт.
IV. Негізгі бөлім
1)Мен тимеймін, жасқанба,
Дос болайық, көбелек.
Жайнап тұрған бақшамда
Гүлдерімді көре кет.
Тұтқиылдан састыра,
Жаңбыр жауса себелеп,
Тақиямның астына
Тығыла ғой, көбелек.
Оқушыларға тақырыпты хабарлау.(жекелей оқыту, хормен оқыту)
Сөздікпен жұмыс: көбелек – ұшатын жәндік, қылқалам – сурет салуға арналған құрал (жекелей, хормен оқыту)
Оқушыларға көбелектің суретін көрсету.Атын атау.Оқушыларға айтқызу.
Көбелектер сүйкімді жәндіктердің бірі. Олардың екі қанаттары болады, солардың көмегімен олар ұша алады.Олар көбінесе гүлдерді жақсы көреді.
2) Практикалық бөлім
Алдымен көбелектің суретін қақ ортасынан бүктеп аламыз .Қылқаламды суға маламыз, гуашьтің түсін таңдаймыз.
Көбелектің оң жақ қанатын қылқаламның көмегімен түрлі-түсті бояулармен
бояп шығамыз. Көбелектің сол қанатын оң қанатымен беттестіреміз.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бiр отырып, бiр тұрып,
Тез шынығып шығамыз.
V. Бекіту
-Нұрислам сен не істедің?
-Әділ сен не істедің?
VI. Қорытынды
-Сендерге сабақ ұнады ма?
-Қонақтармен қоштасыңдар.
-Сау болыңдар.