Просмотр содержимого документа
«К?бейту ж?не б?лу 32х5 ж?не 160:5»
Көбейту және бөлу 32х5 және 160:5
Құрманбекова Ақмарал Жұмабекқызы
Бақанас мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі
Математика 3-сынып
Мақсаты :32х5 және 160:5 түріндегі ауызша көбейту және бөлу тәсілдері жайлы білімді тиянақтау.
Күтілетін нәтижелер: Ауызша көбейту мен бөлу тәсілдеріне жаттығу.
Негізгі идеялар: Матеметикалық тілін, есептеу дағдыларын дамыту
І. « Проблеманы айқындау» кезеңі
Оқушылар 4 топқа бөлініп отырады.
«Ойсергек». Тез есепте . (60+10):7+40х5:10+25х7-10=
1. 6 мысық пен 3 тауықтың аяғы нешеу ?
6х4+3х2=24+6= 30
2. Аспанда қанша күн бар?
3. Кемпірқосақта неше түс бар?
Үй тапсырмасын тексеру.
«Дөңгелек үстел» тәсілі былайша орындалады: Топ ішіндегі оқушылар қолдарына маркерді алып, кезекпен үй тапсырмасынқалай орындағаны туралы есеп береді.
Жаңа тақырыпқа бағыттау.
№1. есепті шығарып, талқылайды.
Топтық жұмыс.
Оқушылар берілген тапсырманы бірлесе жазып орындайды.Олар кезекпен өз түсініктерін келтіріп, есептің шығару тәсілдеріне комментарий жасайды.
ІІ «Проблеманы шешу» кезеңі.
Тапсырма. №3 есепті жазбаша шығару тапсырмасы беріледі.
Әр топқа бір бағаннан беріледі.
І ІІ ІІІ ІV
42х5 95х2 35х4 75х6
210 :5 190:2 140:4 450:6
«Үндемес» тәсілі. Мұғалім оқушыларға: « Балалар ауыздарыңызды мықтап кілттеңіздер! Есепті шығарғанда және оны тексергенде сөйлеуге болмайды!» - деп ойынның шарттарын айтады.
Оқушылар үндемей бір-бірімен сөйлеспей, ақылдаспай есепті шығарады.
Мұғалім оқушыларға ауыздарын ашуға рұқсат береді: «Қалталарыңыздағы кілтті алып, ауыздарыңызды ашыңыздар!»
Бәріміз бірден «Алақай» деп айқай салайық!
Әр топ ішінен бір оқушыдан жауаптарын бүкіл оқушыға айтады.
ІІІ «Проблема шешімін қолдану» кезеңі.
№2а) І топ.
Үшінші күні неше километр жол төселеді?
60+(60-27)=93 93:3=31км.
Жауабы: Үшінші күні 31 км жол төселеді.
ІІ топ. №2.2.
Лепсі каналының ұзындығы неше км ?
(82+70):4=152:4=(120+32):4=30+8=38км
ІІІ топ №5 а)
ІV топ №5 2
Жариялау. Оқушылар топ ішінде қалай шығарғандығын бір-біріне таныстырады.
«Сергіту сәті»
№4. Қай топ тез орындайды?
P=12см= (4см+2см)х2. Р=12см=(3см+3см)х2
Шығармашылық тапсырма.
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА №6 62 БЕТ
Кері байланыс.
Бүгінгі сабақ қалай өтті? (Бас бармақпен бағалау).