kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

К?бейтуді? терімділік, ?лестірімділік ?асиеттері.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: Т?рлі ойындар ойнату ар?ылы к?бейткіштерді сан?а к?бейту, ?осындыны сан?а к?бейту т?сілдерін пысы?тау?а жа?дай ту?ызу.

Дамытушылы?: логикалы? ойлау ?абілетін, о?ушыны? белсенділігін арттыру, ?зін-?зі ба?ылауы, ба?алауды ?йрету.

Т?рбиелік: интербелсенді та?тамен ж?мыс жасау ар?ылы білімге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру, о?ушыларды шапша?ды??а, ?здігінен ж?мыс істеуге, Отанс?йгіштікке т?рбиелеу.

К?тілетін н?тиже: К?бейтуді? ?асиеттерін іс ж?зінде пайдалана алып, есептеуде тиімді т?сілдермен шы?арады.  Интерактивті та?тада ж?мыс жасай білу да?дылары ?алыптасады.

Саба?ты? к?рнекілігі: интербелсенді та?та, карташалар, электронды? о?улы?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«К?бейтуді? терімділік, ?лестірімділік ?асиеттері. »

17-18 . Көбейтудің терімділік, үлестірімділік қасиеттері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Түрлі ойындар ойнату арқылы көбейткіштерді санға көбейту, қосындыны санға көбейту тәсілдерін пысықтауға жағдай туғызу.

Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін, оқушының белсенділігін арттыру, өзін-өзі бақылауы, бағалауды үйрету.

Тәрбиелік: интербелсенді тақтамен жұмыс жасау арқылы білімге деген қызығушылығын арттыру, оқушыларды шапшаңдыққа, өздігінен жұмыс істеуге, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Көбейтудің қасиеттерін іс жүзінде пайдалана алып, есептеуде тиімді тәсілдермен шығарады. Интерактивті тақтада жұмыс жасай білу дағдылары қалыптасады..

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, карташалар, электрондық оқулық.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық тренинг: «Жүректен жүрекке».

ІІ. Өтілген тақырыпты қайталау.

- Көбейтудің қандай қасиеттері бар?

- Көбейтудің терімділік қасиеті дегеніміз не?

- Көбейтудің үлестірімділік қасиеті дегеніміз не?

1) Тақтаға жазылған есептерді шығару:

6 х 2 х 5 = ; ( 3 + 5 ) х 6 =

2) Дидактикалық ойын: “ Компьютер”

3 * 3 * 2 / 3 * 4 / 8=

2 * 6 / 4 *7 / 3 * 6 =

Сандарды ретімен көбейту,бөлу.

3) Электрондық оқулықпен жұмыс.

3 минутқа берілген тапсырманы орындау.

Көбейту, бөлу кестесін қайталау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

21 ғасырды елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев білім кезеңі деп белгілеген. Білімге көп назар аударылған.Өйткені еліміздің даму деңгейі біліммен өлшенеді. Мемелекеттің негізгі тірегі – білімді, білікті, дарынды адамдар.Олай болса, еліміздің экономикасын көтеруге бар күшімізді жұмсайық! Болашаққа қадам жасау күнделікті сабақ үстінде алған білімдеріңнен басталады.



- Бүгінгі сабағымызда “Білім шыңына” көтерілуіміз керек. Оған көтерілу үшін тапсырмаларды орындау керекпіз. Ол үшін екі қатарға бөліндік. Сол жақта отырған оқушылар сол баспалдақпен көтеріледі ( яғни сол жақтағы есептерді шығарады). Оң жақтағы оқушылар оң баспалдақпен өрлейді.

Мұғалім: Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына!

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізеді сіздерді

Математика сырына!

Жолға шығарып салайық,

Ал сайысты бастайық!

-тапсырмасы. 1- топ. Үлестірімділік қасиетін пайдаланып, өрнектердің мәндерін тап:

( 4+5 ) * 5=

( 10+3 ) * 3=

(30+4 ) * 2 =

2- топқа арналған есеп:

( 6+3)*4=

( 40+2 ) * 2=

(30+4) * 5=

- тапсырмасы. 1-топ:

тиімді тәсілмен шығар:

5*3*10=

2*4*9=

30*1*6=

2- топ:

3*4*10=

2*5*9=

40*0*6=

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды соғайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Сәл демалып алайық!





- тапсырмасы.”Достық” тобына – сөз еспті қолайлы тәсілмен шығар.

Мерекеге әрқайсысы 7 теңгеден тұратын 20 қызыл шар және 30 көк шар сатып алынды. Барлық шарға қанша ақша төленді?

Шешуі: (20+30)*7=350 немесе 20*7+30*7 =350

Жауабы: барлығы 350 теңге төленді.

“Шырақ” тобының сөз есебі.

Анасы 3 баласының әрқайсысына 6 ұзынжол және 7 төркөз дәптерден сатып алды. Анасы барлығы неше дәптер сатып алды?

Шешуі: (6+7)*3 6*3+7*3= 39

Жауабы: барлығы 39 дәптер

- тапсырмасы. Тиісті таңбаны қою.

23 3 4 = 80

5 6 8 = 22

2-топ:

46 1 9 = 5

7 6 5 = 47

– тапсырмасы.

Өзіндік жұмыс.

Карташа тарату.

( 40+30)*4

2*14*5

(20+40)*3

3*10*4

ІІІ. Қорытынды.

Біз бүгін біліміміздің арқасында “білім шыңына”көтерілдік.Білім – қолдағы шырақ. Ендеше, шырақтарың әрқашан нұрын шашсын!

ІҮ.Бағалау.

Ү. Рефлексия.

Әр оқушы алдындағы дөңгелекке өзінің көңіл-күйін, сабақтан алған әсерін, білімін сурет арқылы білдіреді.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
К?бейтуді? терімділік, ?лестірімділік ?асиеттері.

Автор: Абдрахова Замира Шилибаевна

Дата: 11.03.2015

Номер свидетельства: 184421


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства