Просмотр содержимого документа
«Классный час ко Дню Учителя»
Қарттар күні мен ұстаздар күні
мерекесіне арналған концерттік
бағдарлама.
Тақырыбы: «ҰСТАЗЫМ – АЛТЫН ДІҢГЕГІМ».
Тұрыңыздар келе жатыр мұғалім!
І жүрг: Кім боласың?
Кім болсаң да аман бол.
Бастықпысың?
Өте жақсы, тұра қал.
Мұғалімді келеке еткен бар құлар,
Мықты болсаң, мойындарын бұра бар!
ІІ жүрг: Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары –
Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі!
Мектеп көрген әдептілер айтпақшы,
Мұғалімнен шықпаңыздар жоғары!
І жүрг: Орындалып, айталық, бір ойдағы іс,
Отырармыз қуанышта, тойда біз.
Сондай кезде есте болар бір нәрсе:
Мұғалімнен бұрын сөйлеп қоймаңыз!
ІІ жүрг: Ақыл. Сана. Сабыр. Талас-тартысу –
Мұғалімнің табиғаты, жалпы осы.
Бос уақыты: ойдан басқа ойы жоқ,
Бос уақыты: әрбір түннің жартысы.
І жүрг: Махабатты: бала және Отаны,
Сүйікті ісі: Қағаз-кітап қопару.
Демалысы: шәкірттерге хат жазу,
Ал, кәсібі: от беру мен от алу!
ІІ жүрг: Қашан көрсең бұл халықтың шат бәрі,
Қашан көрсең күліп бара жатқаны.
Күлетіні: бақыттылық нышаны,
Байлықтары: шәкірттердің хаттары!
І жүрг: Ал, мұғалім барса алдыңа, дұрысы:
Жұрегіңмен сездір дағы ұлы ісін,
Ұшып тұрып, қалбалақтап қол беріп,
Тастай қылып тындырып бер жұмысын!
ІІ жүрг :... Кім боласың?
Ұмтылмаңыз жоғары.
Мұғалімнен үлкен адам жоқ әлі!
Кім болмаңыз, прокурор ма, сотсыз ба,
Тұрыңыздар, келе жатыр мұғалім!
І жүрг: Армысыздар, құрметті қонақтар, Аяулы біздің ұстаздар,
ата – аналар және оқушылар!
ІІ жүрг: Бүгінгі ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық,
І жүрг: Қажымас қайрат,
ІІ жүрг: Шығармашылық табыс,
І жүрг: Жанұяларыңызға бақыт тілейміз!
ІІ жүрг: Бүгінгі ән-күйіміз өздеріңізге арналады.
..........................орындауында Өлен « »
Мерекелік құттықтаусөз мектебіміздің директорына
беріледі:
І жүрг:
«Ұстазға»
Менің балғын қиялымды тербеткен,
Құшағымды алыстарға серметкен.
Айта аламын жұрт алдында қысылмай,
О, мұғалім, бір өзіңді ер деп мен.
Әр шәкіртке бола білген жанашыр,
Бүгін от боп әр жүректе жанасың.
Сен бергенсің алғашқыда айырып,
Жақсылық пен жамандықтың арасын.
Аралатқан ғалымдардың мол бағын,
Әлі есімде сол бір бейнең, сондағы үн.
Көрген сайын жанарыңнан оқимын,
Ізгілік пен парасаттың жолдарын.
І жүрг: Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес балаға,
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға.
І жүрг: Әл-Фарабидің мына сөзіне көңіл бөліп көрейікші: «Ұстаз... Жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жақсану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болуы керек».Байқайсыздар ма, бұл сөзден біз Роза Бекенқызы бейнесін көреміз.
Күләтәй апай – мектепте орны бөлек,
Сүйеді шәкірттіңіз сізді ерек.
Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,
Жел жағымда тұратын сен бәйтерек.
Сізге мектебіміздің әншісінің орындауында
« » әнің сізге арнаймыз.
Ойын « »
ІІ жүрг: Ғасырымыздың ғұлама қаламгері М.Әуезовтың «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса ел болғаның қайсы?»Осы үздік ой жетегінде ең алдымен ұрпақ тәлімгерлерімізге біздің қонақтарымызға бас иеміз.
І жүрг: «Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы - мұғалім», - деген екен Ғ.Мүсірепов. Сондай ұстазымыз Әсем апай және Роза апай.