Мақсаты: оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызын ұғындыру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәніні ашу. Міндеті: - оқушыларға кітаптың білім көзі екендігін ұғындыра отырып, ізденпаздық қасиеті туралы түсінік беру. - оқушылардың кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру арқылы еңбекқорлық қасиетіне баулу. - оқушыларды мақсаткерлікке, еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу. | Ресурстар Оқулық, дәптер, мақал –мәтел, дәйексөз, жағдаят. |
Сабақ барысы Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. 5 Т ережесін еске салу. 1.Тәртіп 2.Талап 3.Тыныштық 4.Тазалық 5.Татулық 1.Тыныштық сәті. Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гул түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады, олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басының түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан - жануарларға өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымен... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”. Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. | Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында. |
2.Үй тапсырмасын тексеру: «Қайнар» мазмұндау. | |
3.Дәйексөз: «Кітап – алтын қазына» Мақал Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер? Оқушылар талдапболғасын 2 рет қыздарға айтқызу, 2рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге 4рет айтып шығады. | Мағынасын түсіндіру. |
4.Әңгімелеу (Мңғалім сыйы) Шәкәрім Құдайбердиев Адам өмірін қалай түзеуге болады? Адам қайткенде тату тұра алады?... Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға – адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық өмір сүруге мүмкіндік жоқ. Әрине, адам оқып, біліп үйренуі қажет. Білім-ғылымсыз өнер табылмайды. Сол алған білім-өнерлерін адал еңбекпен жаратылыстың мол байлығын пайдалануға салса, табылмайтын нәрсе жоқ. Сол тапқан байлықты барша адам баласының керегіне, пайдасына жаратуы керек.Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады.Ал арлы, ақылды, адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтануды білмейді және істемейді.Осы үшеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп, бірімен-бірі тату тұруында сөз жоқ. Сұрақтар: 1. Адамның бойындағы қандай қасиеттер оның өмірін жақсартуға көмектеседі? 2. Неліктен жақсылық жүректен шығады деп айтады? 3. Айналаңдағы адамдармен тату болу үшін қандай игі істер жасар едіңдер? 4. Өзіңнің жақсы қасиеттерің мен құндылықтарыңды қалай көрсетесіңдер? | Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды. |
5.Шығармашылық іс – әрекет, топтық жұмыс 4 – тапсырма «Менің сүйікті ісім» атты кітап көрмесін ұйымдастырыңдар. Кіші балаларға көрмені таныстырыңдар. 5 – тапсырма Өз кітапшаңды жаса. Ат қой. Кітапшаңның мұқабасына сурет сал, ішкі беттерін безендір. Оған даналық сөздер жазып, достарыңа оқып бер. 6 – тапсырма Кітапқа ризашылықтарыңды білдіріп, алғыс сөз жазыңдар. | Оқушылар тапсырмаларды орындайды. |
6.Топпен ән айту Мен әдепті баламын Өлеңін жазған: Әбдірахман Асылбек Әнін жазағн: Ибрагим Нүсіпбаев Мені үлкендер ідепті деп мақтайды, Мінезімнен теріс қылық таппайды. Ал, егер сен жалқау болсаң тілазар, Ондай әдет жақсылыққа жатпайды. Қайырмасы: Айтқан тілді аламын, Айтқан жерге барамын, Мен әдепті, Мен әдепті баламын. Тілін алып кішінің де кәрінің, Айтқанынан шығып жүрмін бәрінің. Ата – анаңның айтқанынан шығуды, Әдептілік белгісі деп таныдым. Қайырмасы: Айтқан тілді аламын, Айтқан жерге барамын, Мен әдепті, Мен әдепті баламын. | Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді. |
7.Үй тапсырмасы: «Кітап» туралы мақал – мәтел жаттап келу. | Күнделіктеріне жазады. |
8.Сабақтың соңғы тыныштық сәті Енді көзімізді жұмайық. Сабақта айтылған барлық жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналасайық. Ол сендере үнемі қуаныш сыйлап, жүректеріңді нұрға толтырсын! Көздеріңді аша қойыңдар. -Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар! | Оқушылар көздерін жұмып демалады. |