Тақырыбы:Кітап ескірмейді. Жуан және жіңішке айтылатын сөздер
Мақсаты: Білімділік:Оқушыларды мәтінді дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқуға жаттықтыру. Сөздегі дауысты дыбысқа байланысты сөз жуан және жіңішке айтылатындығын ұғындыру.
Дамытушылық:Оқушылардың таным аясын кеңейтіп, сөздік қорын дамыту, белсенділіктерін арттыру.
Оқушылар шаттық шеңберінде тұрғанда 4 түрлі-түсті жалауша таратамын.Сол түстер бойынша оқушылар (жасыл, қызыл, көк, сары) 4 топқа бөлініп отырады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1-топ Тиінді сипаттау
Оның тұрқы 16 – 28 см, салмағы 450 – 600 г. Түсі ақшыл сұр не жирен, үлпілдек, қалың жүнді, құйрығы ұзын (23 см-ге дейін). Құлағында шашағы болады. Ұясын ағаш басына кейде кеуегіне не жартас жарығына салады. Тиін – тұрғылықты аң.
2-топ. «Тиін» сөзіне дыбыстық талдау жаса
3-топ. Жылы кездегі тиіндердің мінезі туралы айт
Онша қонақжай емес,жеке-жеке өмір сүреді,
Жылы кезде
4-топ. Суық түскен кездегі тиіндердің мінезі туралы айт
Топ-топ болып өмір сүреді,бір ұяда жатады,тиіндер қауымы ынтымақтастықта болады.
Суық түскен кезде
-Балалар ынтымақтастық дегеніміз- татулық..Тиіндердің бойында да мұндай қасиет бар екен.
-Бұл жақсы қасиет пе?
-Иа
-Жалпы адам бойында да жақсы немесе жаман қасиеттер болады .
Балалар осы аталған жағымды қасиеттер адам бойында болу керек. Біздің сыныбымызда бойында жағымды қасиеттер көп бала бар ма?
Ол бала өз заттарын қалай ұстайды?
Әр оқушы кітапты қалай ұстау керек?
ІІІ. Жаңа сабақ
-Ендеше балалар, ертегілердің көпшілігінде кездесетін
Қожанасыр кейіпкерінің басынан кешкен кітап туралы бір оқиғасымен танысатын боламыз.
ІІ Мағынаны тану
1.Мәтінді мәнерлеп оқи отырып мазмұнын ашу.Кейіпкеріне тоқталу:
Қожанасыр – түркі халықтары арасына Орта ғасырда кең тараған күлдіргі әңгімелердің кейіпкері.
Әңгімелерде Қожанасыр бірде қу, бірде аңқау, бірде өткір тілді қалжыңбас бейнесінде сипатталады. Қожанасыр туралы әңгімелер бүкіл Орта, Кіші және Алдыңғы Азия, Арабия, Грекия, Румыния, Сербия, Еділ бойы, Кавказ халықтары фольклорында Молла Насреддин, Қожа Насреддин, Насреддин әпенді деген аттармен кең тараған.
Оқулықпен жұмыс
-Балалар бұл диалогты сөйлем.Сондықтан да қазір рөлге бөліп оқимыз.
Автор,қожа, досы
3.Сөздік жұмысы
Сергіту сәті
Құстай болып ұшамыз
Қанатты біз қағамыз.
Ұлу болып жорғалап,
Өсімдікке қонамыз.
Қане енді тұрайық
Қолымызды созайық.
Қанат қағып ұшайық.
4.Мәтіннің мазмұнына байланысты 4 топқа сұрақтар беріледі.
1-топ. -Кітап неліктен ескірмейді?
2-топ -Кітап туралы қандай мақал білесің?
3-топ -Әңгімеден жуан және жіңішке дыбыстар аралас келіп тұрған сөзді тап.
4-топ -Кітап туралы жұмбақ айт
ІІІ.Ой толғаныс
«Дөңгелек үстел» стратегиясы
Оқушылар сағат тілімен бағыттас айналдырып кітап туралы сөздер айтып соңғы оқушы сөйлем айтады.
Дәптермен жұмыс
Көркем жазу
4.«Ішіне және сыртына» стратегиясы
49-жаттығу
Құрамында жуан және жіңішке дыбыстар араласып келіп тұрған сөздерді ішіне ,басқа сөздерді сыртына жазу.