«Кім жүйрік?»
Мақсаты: 1 «Г» «Ғ»- сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығын, жұмбақ шешіп,әріптен сөз ойлап,сөйлеу мәнеріне баулу.
Адамгершілікке,шапшаңдыққа өз ойын дәл жеткізе білуге үйрету.
Ой-өрісін ,тіл байлығын дамыту.
Көрнекілігі: слайд,сылдырмақ,қалам,қағаз,суреттер.
Барысы: Ұйымдастыру.
Мазмұны: Бағдарламаға 4 оқушыдан құралған,екі топ қатысады.
Қатысушылардың жалпы саны-8.
Ойын 5 кезеңнен тұрады.Топтар әр кезеңнің қорытындысы бойынша
ұпай жинайды.5 кезеңнен кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.
Жоспары: 1.айналым. «Ойлан тап!»
1) Топтарға оқу бағдарламасының аясында әзірленген 10 сұрақ қойылады
2) Әр топ дұрыс жауапқа 4 ұпайдан беріледі.
2.айналым. «Миға шабуыл.»
1. «Астана» сөзінен көп жаңа сөз жазу.5-ұпай.
3.айналым. « Жалғасын тап.»
1. Мақалдардың жалғасын табу. 5-ұпай.
4.айналым. «Ұшқыр ой,жылдам жауап бер. »
1.Жұмбақтың шешуін табу. 5-ұпай.
5.айналым. «Кім жүйрік?»
1.Математикалық тапсырмалар. 5-ұпай.
Қорытындылау.
Жүргізуші: «Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену,жалықпау»-дей отырып «Кім тапқыр?» сайысына қош келдіңіздер!
Ақ көңілмен,ниетпен
Әділ баға берсін деп
Шаршамай еш жалықпай
Әділқазы алқасынан
Сайлап алсақ жөн болар.
(Әділқазыларды сайлау.)
1. Аманова Роза.
2. Аймақова Сәуле.
3. Балмұханова Жанар.
Жүргізуші: Шақырамыз,келіңіздер жарысуға
Өнер-білім шыңымен алысуға
Бар білімді салайықшы ортамызға.
Қанекей,кім озады бұл сайыста?-дей отырып,ортамызға сайыскерлерімізді шақырамыз.
1.сайыскер.
Армандарым көп менің
Атқарамын деп келдім.
Үйренген соң,білімді.
Сайысамын деп келдім.
2.сайыскер.
Оқып білім ғылымды
Болып өсем білімді,
Өз тіліммен жеткізем,
Жүректегі үнімді. Жүргізуші: Бүгінгі күн сайыста
Сен ешкімнен қалыспа,
Біліміңді көрсетер
Сұрақтарға жауап бер.
1-сұрақ. 1.айналым. 1. «Ойлан тап!» «Ойлан тап!» кезегіне берейік.
10 сұрақтан тұрады.Әр дұрыс жауапқа 4-ұпайдан беріледі.
1.Қазақ алфавитінде неше әріп бар? ............... (42)
2.Абай Құнанбаевтың азан шақырылып қойылған аты кім?....... ( Ибраһим)
3.Тұңғыш әліппе оқулығын кім жазған?.................. (Ахмет Байтұрсынов)
4. Қазақтың үш биі кімдер? ...................... (Төле би,Әйтеке би, Қазыбек би)
5. 9-Мамыр қандай мереке?......................... (Жеңіс күні)
6.Оқу жылының алғашқы айы? .................. (Қыркүйек)
7.Қазақстан Республикасының Рәміздерін ата?....... (Әнұран,Елтаңба,Ту.)
8.Сөйлем нелерден құралады? ................ (Сөйлем сөздерден құралады.)
9.Әнұранның авторлары кімдер?.... (Шәмші Қалдаяқов,Нұрсұлтан Назарбаев,
Жұмекен Нәжімеденов) 10.Алғашқы мектеп ашқан кім?................ (Ыбырай Алтынсарин)
2.айналым.2-кезең.
2. «Миға шабуыл»
Қатыссаң көтерілер көңіл күйің,
«А С Т А Н А» сөзінен көп жаңа сөз құрап шықса,мақсатқа жетеміз-ау,біз де бүгін ,-дей отырып «Миға шабуыл»кезегіне береміз.
А с т а н а Асан,ас,аса,аста,сана,сатта,саста,ат,ата,аттан,аттас,ана,ананас,сан,санат,
санас,тас,таса,таста,татта,нан,тана,атта,татта,
3.айналым.3-кезең.
3. «Жалғасын тап?»
Таңғалдыр білімніңмен көрерменді
Әрқайсысы бақтарынан көрер енді
Қанекей,өрендерім бастайықшы
«Жалғасын тап»мақалдардың,-дей отырып келесі кезекті
«Жалғасын тап» кезегіне береміз.
1.Оқу - білім бұлағы......................................(Білім өмір шырағы)
2.Аққуды атпа................................................(Досыңды сатпа)
3.Әкеге қарап ұл өсер....................................(Шешеге қарап,қыз өсер)
4.Оқу инемен ..................................................(Құдық қазғандай)
5.Күлме досқа...................................................(Келер басқа)
6.Отан оттанда...................................................(Ыстық)
7.Жүз теңгең болғанша........................................(Жүз досың болсыншы)
8.Батыр туса ел ырысы........................................(Жаңбыр жауса ,жер ырысы)
9.Тіл тас жарады...................................................( Тас жармаса бас жарады)
10.Еңбек етсең ерінбей........................................(Тояды қарның тіленбей)
4.айналым.4-кезең.
4.«Ұшқыр ой,жылдам жауап бер»
Өз тілін жетік біліп үйренсе кім?
Ең жақын ұрпағы сол Жиреншенің
Құрбы-құрдас,сергітіп бірін-бірі.
Жұмбақты шеше білсе дұрыстығын ,-дей келе келесі кезекті жұмбаққа береміз.
1.Үлкен алтын табақтан
Әлемге нұр таратқан
Бұл не? (Күн)
2.Еш тесікке тұрмайды.
Ол жоқта жер құрғайды.
Бұл не? (Су)
3.Көзге көрінбес
Қолға ұсталмас.
Бұл не? (Ауа)
4.Орақ болып туады,табақ болып тынады.
Бұл не? (Су)
5.Сатайын десем, ауыр кілем.
Сатпайын десем,тәуір кілем.
Бұл не? (Жер)
6.Үй үстінде ұсақ тас ,
Алайын десем алынбас.
Бұл не? (Жұлдыз)
7.Ти десем тимейді,
Тиме десем тиеді.
Бұл не? (Ерін)
8.Екі көрші өзгелерді көреді,
Ал олар бірін-бірі көре алмайды?
Бұл не? (Көз)
9. Сылдырдан қорқады
Шошынып жорытады
Бұл не? (Қоян)
10. Жұқа тақтай бөлшегі
Ұзындықтың өлшемі
Бұл не? (Сызғыш)
5.айналым. 5кезең.
5. «Кім жүйрік?»
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Біліміңді тексеріп,
Математика бәйгесіне қатысар.-дей, келе барынша математикалық есеп шешкен топ жеңіске жетеді.
1.Санды немен белгілейміз?............................(цифрмен)
2.1 аптада неше күн бар?..................................(7 күн бар.)
3.Аптаның нешінші күні (сәрсенбі)....................(үшінші күні)
4.1-дм-де неше см бар?.......................................(10 см бар)
5.Өрнектердің қандай түрлерін білеміэ?..................
(санды өрнектер ,әріпті өрнектер.)
6. 1 м –де неше дц бар? .................................. (10 дм бар)
7. 1 танбалы сандарды ата? ........................... (0,1,2,3,4,5,6,7,8,9)
8. Қосылғыштардың компонентерін ата...................(қосылғыш, қосылғыш,қосылғыштардың мәні)
9. Азайғыштың компонентерін ата....................(азайғыш, азайтқыш айырманың мәні).
10. Қосудың ауыстырымдылық қасиетін ата..............(қосылғыштардың орнындарын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді)
11. Санға 1-ді қосқанда неше шығады? ....................(санға 1-ді қосқанда келесі сан шығады)
12. Саннан 1-ді азайтқанда неше шығады?..............(алдыңғы сан шығады)
13. Кез келген санға о-ді қосатын болсақ неше шығады?.........( Кез келген санға о-ді қосатын болсақ, қосылатын санның өзі шығады)
Қорытынды.
Жүргізуші: Білімнің мініп алып тұлпарына
Қиналмай шықтың бүгін шыңдарына
«Кім тапқыр?» сайысы аяқталды
Сөз кезегі әділқазы алқасында.
Жүргізуші: Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер,- деп
Үнемі білімдеріңді жетілдіріп өте жақсы деген бағаларымен оқуларына тілектеспіз. Сайысқа қатысқандарыңа көп -көп рахмет!
Дайындаған :
№ 6 орта мектептің 1 «Г» сынып мұғалімі: Игибаева Маңдайлы.