kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Киелі сандар сыры дидактикалық материал.do

Нажмите, чтобы узнать подробности

бастауыш сынып мұғалімдері дидактикалық материал ретінді қолданады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Киелі сандар сыры дидактикалық материал.do»

































Ақмола облысы Зеренді ауданы

КММ «Викторовка орта мектебі»




«Киелі сандар сыры»

дидактикалық материалдар және сабақ жоспары








Бастауыш сынып мұғалімі:

Мейрхан Алмагул







2016-17 оқу жылы





Мазмұны

Кіріспе .......................................................3

Бір санына байланысты............................5

Екі санына байланысты............................9

Үш санына байланысты...........................10

Төрт санына байланысты.........................12

Бес санына байланысты............................13

Алты санына байланысты........................14

Жеті санына байланысты.........................17

Сегіз санына байланысты.......................19

Тоғыз санына байланысты.......................20

Он, он екі, он бес, отыз санына

байланысты...............................................21

Қырық санына байланысты......................22

Қазақ тілінен сабақ жоспары....................25









Құрастырған: Зеренді ауданы

КММ «Викторовка орта мектебінің»

бастауыш сынып мұғалімі Мейрхан Алмагул




«Киелі сандар сыры»

дидактикалық материалдар және сабақ жоспары



Зеренді ауданы

КММ «Викторовка орта мектебінің»

бастауыш сынып әдістемелік

кеңесінде бекітілді.









2016-17 оқу жылы














Бұл жинаққа «Киелі сандар сыры» және

оны сабақтарда қолдану сабақ үлгісі енген.

Жинақты бастауыш сынып мұғалімдері

көмекші құрал ретінде пайдалана алады.
















6. .... атасын білген ер,.... жұрттың қамын жер.(жеті)

7. Білгенің....., білмегенің –...... (бір тоғыз), (тоқсан тоғыз)

Көңілді шумақтар оқу. Презентация

1-топ. 1 – бір

Же1 екен 1қазан: ---------- Жебір екен бірқазан:

Кей1 жемді 1қазан -------- Кейбір жемді бірқазан

1 – ақ сәтте қойды жеп. -- Бір – ақ сәтте қойды жеп

Кү1 етті, - Күбір етті,

«Тойдым», - деп. - -----------«Тойдым», - деп.

Естіп 1 кез дү1ді, ------------ Естіп бір кез дүбірді,

Жағадағы тү1ді -------------- Жағадағы түбірді

Паналауға жүгірді. ---------- Паналауға жүгірді

1. Піл к3ті --------------------- Піл күшті Піл к3ті емес ----------------- Піл күшті емес

Тіл к3ті.------------------------- Тіл күшті.

2-топ. 2. 6н балдақ қол сәні,--------Алтын балдақ қол сәні,

Әшекей т10 сәні.------------------ Әшекей тон сәні.

3. 4еу түгел болса, төбедегі келер, ------------Төртеу түгел болса, төбедегі келер,

6ау ала болса, ауыздағы кетер. -----------------Алтау ала болса, ауыздағы кетер.

IV. Сабақты бекіту.

Қорапты кез келген оқушыға лақтыру арқылы нөмірленген сұрақтарға жауап беру.

- Дара және күрделі сан есімдерге мысал келтіру.

V. Бағалау .

VI. Үйге тапсырма: Киелі сандарға байланысты мақал – мәтелдер жинастыру.

VII. Рефлекция

31

Бармақ пен ортан қолдың аралығы. 1 қарыс, 20 см

5) құлаш

Иық деңгейінде созылған екі қол ұшының аралығы. 1 құлаш, 142 см

Бір табан, бір адым, бір аттам өлшемдерін көрсет.

1-топ. 2 - жаттығу. Жұмбақтарды шешіп, жинақтық сан есімдерді табыңдар

Кездеспейді екеуі

Көк аспан мекені ( ай мен күн)

Басы да екеу

Аяғы да екеу ( қайшы)

Қатар тұрып екеуі

Бірін бірі көрмейді

Көр десең де көрмейді ( екі көз)

Біреуін бердім,

Онын тердім.

(тұқым)


Сергіту сәті. (Музыка әуенімен)

1-2-3 – Бойға жинап күш,

4-5-6 – Жаса қазақ халқы.

7-8-9 – Болмасын еш соғыс,

10 – дегенім «Отан» қорға оны, ботам!

2-топ. 3- жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті сан есімді қойып жазу.

1. Білекті.... жығады, білімді.... жығады.(бірді)

2. Қызға...... үйден тыю.(қырық)

3. Ер жігіттің..... сөйлегені өлгені.(екі)

4..... ала болса, ауыздағы кетеді(алтау)

5...... кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ.(қырық)

30

Кіріспе


Әр санның өзіндік қасиеті, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Дана халқымыз бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.

Бұл жинақтың мақсаты:

1. Халық қазынасының тереңіне бойлап, қасиетті сандар жайында мағұлматтарды оқушылардың қажеттілігіне жарату. 
2. Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрінгенін, қасиетті сандарға ерекше тәрбие көзі ретінде пайданағанын дәлелдеу.

Әрбір мемлекет, әрбір ұлт өз өкілінің білімі мен бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен дарындылығы, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрініп, басқаларға қарағанда оқ бойы озық тұратынымен бағаланады. Өз ұлтының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін бойына ана сүтімен, әке қанымен сіңірген әрбір ұрпақ осы заман талабына сай біліммен қаруланса, ел келешегі еңселі, мәртебесі биік, арманы асқақ, елдің мерейі үстем болмақ. Ұлы ғалым Пифогор: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену - сенбеу әркімнің өз еркінде. Басқа ғылымдар мен дін қағидаларының да болжамдарға


3

сай келе бермеуі мүмкін.

Дейтұрғанмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір маңызы бар екенін жоққа шығара алмаспыз.

Киелі сандардың қасиеті. Қазақ киеге үлкен мән берген халық. Табиғаттың кейбір апаттарын, отты, кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлеген. Сондай-ақ қазақ халқының өмірінде түрлі мәнді ерекше сипат бере отырып жиі қолданылатын сандар тізбегі көп. «3, 7, 9, 40» сандар тізбегін өзіміздің салт-дәстүрімізден, ырым - тыйымдарымыздан, нақыл сөздерімізден, мақал-мәтелдерімізден анық көруге болады.

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарының қадір-қасиетін біле отырып, әрбір сан жайлы ой толғанысын тудыру, білімге құштарлықты оятады.










4

жазыңдар.

Атасы– бірінші

Әкесі -

Баласы-...

Немересі

Шөбересі-...

Шөпшек -...

Немене-...

Оқулықпен жұмыс . 1 - жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, сан есімдерді тап.

Он саусақ.

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ

Жалғыз деген сөзді тағы қалай айтуға болады?

Бір.

Бір санына байланысты қандай өлшемдер, мақал – мәтелдер білеміз?

І. Ұзындық өлшемдері: 1) елі (бір елі) 1 елі, 2 см

Саусақтың көлденең қалыңдығы, ені

2) тұтам

Бармақ пен ортан қолдың түйісу аралығы

3) сүйем

Бармақ пен сұқ саусақтың аралығы

4) қарыс

29

5. Қыран бүркіт
6. Берен мылтық

7. Жүйрік тазы.
Жеті күн:
1. Бүгін
2. Ертең

3. Бүрсігүні
4. Арғы күн
5. Ауыр күн
6. Соңғы күн
7. Азына
Жеті жетім:
Тыңдамаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу - қазсыз көл жетім,
Замандасы қалмаса - Бәрінен де сол жетім.

(оқушылар өз білімдерімен берілген берілген сандар құпиясын ұштастыра отырып, жобаларын қорғайды)
Топтық жұмыс.

Сан есімдер реттік және есептік деп бөлінеді.
1-топ.
« Есептік сан есім»
Мәтіннен есептік сан есімдерді табу
Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 808 429 адам тұрады (1 қараша 2013) Қазір қаланың аумағы 200 км2 алып жатыр.

2-топ. «Реттік сан есім»
Жеті аталарыңды ойға түсіріп, реттік сан есімдерді 28







Бір санына байланысты ұзындық өлшеуіштерін өткенде: шақырым, құлаш, қадам, қары, қарыс, сүйем, бармақ, буын, елі, шынашақ, кез, көш жер туралы түсінік беріп, мөлшерлеп болса да айтуға болады.


Қашықтық және ұзындық өлшемдері:


1шақырым - 1000 м,

1қарыс - 20 см,

1құлаш - 142 см,

1елі – 1-1,5 см

1 арқан - 1420см

1 сүйем – 17-18 см

1 сынық сүйем 14-15

1 тұтам – 8-10 см

1 адым – 1 м екендігін айтуға болады.

Сол сияқты салмақ өлшеуіштері:

1 мысқал - 0,4 гр;

1 қадақ – 750 гр;

1 келі – 1 кг;


5

1 пұт – 16 кг;

1 батпан – 100 кг;

1 торсық – 6-7 литр;

1 саба – 10-15 литр

1 шелек – 12,3 литр

1 көнек сүт – 6-7 литр


1 торсық (айран) – 6-7 литр

1 шара – 1,5-2 литр

1 аяқ – 1 литр

1 тостаған – 0,5 литр

1 ожау - 0,5 литр

1 қасық 50 грамм.


1 қап шамамен – 50-60 кг

1 арқа жүк – 45-50 кг

1 жамбы күміс – 6 кг

1 пітір бидай – 3 кг

1 қадақ шамамен – 250 г

1 таймөңке шай шамамен – 25 г

1 қайнатым шай шамамен – 6,5 г

1 шөкім тұз шамамен – 12,5 г


Уақыт өлшеуіштері:

Бір сәт – 1 секунд

1 ай 30-31 күн

1 тоқсан – 3 ай

1 жыл – 365 күн



6

бір құс

он үш бала

Қазақ халқында осы келтірілген сандардың қандай сырлары бар? Әр топ өз топтарындағы сандарды кластерге түсіреді . Жұптық жұмыс.





(3 санын 2 оқушы, 5санына 2 оқушы, 7 санын 2 оқушы , 9 санын 2 оқушы)

Үш және жеті санына байланысты:
Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ.

Үш тоқтам: Ақыл – арқан, ой - өріс, адам – қазық .

Үш қасиет: өліде – аруақ, малда – кие, аста – кепиет.

Үш талғам: мейірім – сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесепат.

Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз

Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті.

Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл:

Үш жұрт: өз жұртың – күншіл, қайын жұртың – міншіл, нағашы жұртың – сыншыл.

Жеті қазына:
1. Ер жігіт
2. Сұлу әйел
3. Ақыл, білім
4. Жүйрік ат

27

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, өткенді қайталау .

Оқушылардан «Серпілген доп» ойыны арқылы үйге берілген тапсырма тексеріледі.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Бүгінгі сабағымызды екі топ «Жамбы ату» ойыны арқылы бастаймыз. Әдісі: Тақтада сандар берілген сол сандарға жебемен атып дәл тигізу арқылы тапсырма алып отырамыз. Кім дұрыс орындайды, сол оқушы сол ұпай санын алады.




Зат есім     Сын есім   Сан есім   Етістік

Тапсырмалар: -Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары , мысал келтіру. – Сын есім дегеніміз не? Сұрақтары, мысалы. -Етістік дегеніміз не ? Сұрақтары мысал келтіру. – Сан есім дегеніміз не? Сұрақтары, мысалдары.

Бүгінгі сабағымызда сан есімді қайталай отырып, дара және күрделі сан есімдерді білетін боламыз. 3 және 33; 7 және 77; 9 және 59 т.б.

Бұлар дара және күрделі сан есімдер.

  • Дара, күрделі дегеніміз не?

  • Дара сан есімге бір сөзден жасалған сөздер жатады. Мысалы: үш, алты, жеті, тоғыз.

  • Күрделі сан есім екі немесе одан да көп сөздің тіркесінен жасалады.

Мысалы: он үш, қырық бір, бес жүз елу.

(Оқушыларға мысал келтіріп айтқызу.)


26

1 сүт пісірім – 5-10 минут

Бие сауым -1,5 сағат

Ет пісірім – 2,5-3 сағат

1 апта - 7 күн

1 ғасыр – 1 жыл.


Аудан бірлік өлшемдерінің байланысы


1 алақан == 100 оймақ

1 сырмақ = 100 алақан  =

1 сырмақ = 10000 оймақ

1 үй орны =100 тулақ


1 - санына байланысты мақал - мәтелдер


Мал - бір жұттық, батыр - бір оқтық, жер – мәңгілік.

*** *** ***

Бір жылы сөз - бір күнге азық.

*** *** ***
Бір қарлығаш келгенмен жаз болмайды,
Бір сауысқан келгенмен қыс болмайды

*** *** ***

Жалғыз ағаш орман емес, жалғыз кірпіш қорған емес.

*** *** ***

Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама.

*** *** ***

Бір күн ұрыстың қырық күндік қырсығы бар.

Бір жылға қоян терісі де шыдайды.

Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі.


7

Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді.

** *** ***

Бір тал кесте, он тал ек.



















8

Қазақ тілі сабағында сан есімді өткенде де кеңінен қолуға болады.

Қазақ тілі 4 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Сан есімді қайталау
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың сан есім туралы

білімдерін еске түсіре отырып, білімдерін тереңдету, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру, сандарға қатысты ұғымдарға мән бере отырып, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу, киелі сандардың қасиетін білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: жұптық, топтық жұмыс,сұрақ – жауап, оқулықпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: тренинг,киелі сандар, слайдтар, кластер, жұмбақ, мақал – мәтелдер, бағалау парақшасы.
Пәнаралық байланыс: математика, халық ауыз әдебиеті.
Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларға сандар жазылған конфеттер тарату арқылы топқа бөлу. (Конфеттерге 3, 5, 7, 9 сандары жазылған егер сыныпта бала көп болса әр санға байланысты 4 топқа, ал бала саны аз шағын жинақталған сынып болған жағдайда 3 пен 5 саны бар оқушылар 1 топ, 7 мен 9 саны бар балалар бір топ болып бөлінеді). Шағын жинақталған сынып болғандықтан оқушылар 2 топқа бөлінді.

Тренинг. «Мен таптым!» оқушылар дөңгелене отырып, кезекпен бірден жетіге дейін санайды. Жеті санын айтатын адам «Жеті» деудің орнына, орнынан тұрып, «Мен таптым!» деп айтуы керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады.

25

9 саны қашан да көмекке ұмтылып тұратын, ешқашан жарты жолда тастамайтын, жақсы жолдас бола алатындарға тән сан. Бұл келтірілген сандар мен оларға қатысты болжамдардың барлығы өмірде кездесетін белгілі бір сәйкестіктер, нумерологтар мен жұлдызшылардың есебі нәтижесінде анықталған дүниелер.

Сан құдіретіне қатысты мына жайды да айта кетуге тура келеді.

13 жас бірінші мүшел, 25 жас екінші мүшел, 40 жасы кемел жас, - деп есептеледі. Ертегілерде «Қырық уәзір» айтылады, оның үстіне «Ханда қырық кісінің ақылы бар», «Қырық кісі бір жақ – қыңыр кісі бір жақ», «Қырқында – қыры кеткен» деген аталы сөздер бар.

Осы киелі сандарды әр сабақтарда үнемі қолданыста енгізсек балалардың үнемі есінде сақталады. Мысалы атап айтсақ, 1 сыныпта сандармен танысқанда бастасақ , 2 - 3 сыныптарда көбейту кестесін өткен кездерде 2,3,4,5,6,7,8,9 - ға көбейту, бөлу кестесін өткен кезде әр санға байланысты сырларын, әр санға байланысты мақал – мәтелдерді үнемі қолданып отырсақ әр санның сыры, құпиясы әр бала есінде

сақталады және көбейту, бөлу кестесінінң есте сақталуына да пайдасын тигізеді деп ойлаймын. 4 сыныпта 1,2,3 таңбалы сандарды көбейту бөлу тәсілдерін өткен кезде қайталап отыруға болады. Сондай – ақ геометриялық фигураларды өткен кезде

де қасиетті сандар құпиясын қолдануға болады.


24












2 – санына байланысты:


Екі жақсы қас болмас; екі жаман дос болмас.

*** *** ***
Ерке бала - екі жылар.

*** *** ***
Жерді екі рет жыртқан, өнімді екі есе көп алады.

*** *** ***

Екі қарға таласса, бір қарғаға жем түсер.







9







3 - санына байланысты:

Мысалы: қазақ 3 санының байламдарын былай түйіндеген:

Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ.

Үш тоқтам: Ақыл – арқан, ой - өріс, адам – қазық .

Үш қасиет: өліде – аруақ, малда – кие, аста – кепиет.

Үш талғам: мейірім – сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесепат.

Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз

Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті.

Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл:

Үш жұрт: өз жұртың – күншіл, қайын жұртың – міншіл, нағашы жұртың - сыншыл
Үш із: бала, байлық, бақыт – білім.

Үш ғайып: қонақ, несібе, ажал.

Үш алыс: жер мен көк, жас пен кәрі, жақсы мен жаманның арасы.

Үш арсыз: күлкі, ұйқы, тамақ.

10

Бір және қырық сандары
«Бір күн тұзың татқанға қырық күн сәлем»
Бір және жүз сандары:
«Бір жақсы дос, жүз туыстан артық»
Бір және мың сандары:
«Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді»
Аталған әдістерді сабақ барысында ғана пайдаланып қоймай, соны - мен қатар сыныптар арасында жарыстарда, сабақтан тыс жұмыстар ұйымдастырғанда кеңінен қолдануға болады.
Мысалы, мынандай математикалық ойын өткізуге

болады. Бүкіл класс оқушылары үш немесе төрт топқа бөлінеді. Әр топтың басшысы, үстел үстінде жатқан төменгі бетінде жасырын саны бар шаршы қағазды кезек - кезегімен алады. Айталық шаршы қағазда «3» саны жазылған.

Көпшілік қай санның қандай мағынаға ие екендігін осы ежелгі ғылымның болжамдары арқылы анықтап жатады. Мысалы: 1 саны батылдар саны, қашанда тыныш жүріп асықпауға тырысады. 2 саны сенімсіздікті білдіреді, қорқақ болғанымен өз ісіне ұқыпты жандарға тән. 3 саны ашық, көңілді ортаны қалайтындар мен шымырлар саны. 4 саны жұмбақ сан. 5 саны тәуекелге бел буғыш, еркін жүріп-тұруды қалайтын, шытырман оқиғаны ұнататындар саны. 6 саны әйелге тән, өте сәтті сан, жан-жағын бағамдай алатын, мінезі салмақтыларға сәйкес. 7 саны әсершіл, арманшыл адамдарға сәйкес келеді, олармен жолда тіреспеген абзал. 8 саны басшылыққа ұмтылатындар саны. Бұл санның иелері өзінің бар мүмкіндіктерін көрсетіп, жария еткісі келіп тұратындар.

23

*** *** ***
Отыз ұлың болғанша, бір жаман шалың болсын.


40 - санына байланысты:
Жақсы кісі қырық жасында толады,
Жаман кісі қырық жасында солады.

*** *** ***
Жақсы әке жаман балаға қырық жыл ризық.

Сол сияқты, кейбір санның қолданыстағы баламасы болып келетін сөздерді үйрету мақсатында мына төмендегідей мақалдарды пайдалануға болады.
«Бір - жалғыз – бүтін» сөздері:
Жалғыз ағаш орман емес, жалғыз кірпіш қорған емес.
Қайыр қылсаң бүтін қыл.
«Екі – егіз - қос» сөздері:
Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.
Табақты үйдің тауығы – қос жұмыртқа табады.
Сонымен бірге, салыстыру мақсатында қолданыс тапқан сандар кездесетін мақал - мәтелдерді айтқызып, олардың мәнін талдап түсіндіруге болады:
Мысалы: Бір және екі сандары:
Оқымаған бір бала, Оқыса екі бала.
Бір және үш сандары:
Бір күндік жолға шықсаң, үш күндік жолға азық ал.

Бір және жеті сандары:
«Бір түлкі жеті бөріні алдайды»
Бір және он сандары:
«Бір тал кессең он тал ек»

22


Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық.

Үш қазына: Ер қазынасы – жүрген із, Ел қазынасы – көне сөз, Тіл қазынасы – ескі сөз.

Үш мақсат: Саудагер мақсаты – ұту, жол мұраты – жету, дау мұраты – біту

Үш үміт: жазылам деп науқас үмітті, байимын деп кедей үмітті, кетем деп қыз үмітті .

Үш қадірлі: ырыс, бақ, дәулет.

Үш қадірсіз: жастық, денсаулық, жақсы жар.

Үш кемшілік: атың шабан болса – жалғанның азабы, алғаның жаман болса – дүниенің тозағы, балаң жаман болса – көрінгеннің мазағы.


3 санына байланысты мақал - мәтелдер

Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.

*** *** ***
Жұмысқа үш жылда үйренеді, жалқаулыққа үш күнде үйренеді.

*** *** ***
Ат баспаймын деген жерін үш басады.





11







4 санының қадір-қасиеттері:

Төрт тұлға: от, су, жел, жер.

Төрт құбыла: Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік.

Төрт маусым: көктем, жаз, күз, қыс.

Төрт түлік: Түйе пірі – Ойсылқара, Жылқы пірі – Қамбар ата, Сиыр пірі – Зеңгі баба, Қой пірі - Шопан ата, ешкі пірі –Шекшек ата.

Төрт күнә: Аллаға күмән келтіру, нақақтан қан төгу, ата-анаға тіл тигізу, өтірік куә болу.

Төрт асыл: 1. Иман. 2. Намаз. 3. Ілім. 4. Мейір-Шапағат.

Төрт ұры: 1. Азғырушы шайтан. 2. Күпірлік. 3. Тәкаппарлық. 4. Мейірімсіздік.

Төрт дария: 1. Ніл. 2. Фират. 3. Жейхун (Амудария) . 4. Сейхун (Сырдария).

Төрт бейғамсыздық: 1. Өлімді ойлау. 2. Залым адаммен отырмау . 3. Онымен сөйлеспеу. 4. Аулақ жүру.

4 санына байланысты мақал – мәтелдер:
Төрт аяғы тең жорға сүдігерде саспайды.

*** *** ***
Төрт аяқты жылқы да сүрінеді.

12

10 - санына байланысты:
Он саусақтың саны бірдей болғанымен, тұрқы бірдей емес.

*** *** ***
Он рет айтқанынан бір рет көрсеткен артық.

*** *** ***

Он бала бір әкеге жүк болмайды,
Бір әке он балаға жүк болады.


12 - санына байланысты:
Су кезегінен қалған, он екі ай аш қалады.

*** *** ***
Он екі де бір гүлі ашылмаған.

*** *** ***
Шындық он екі қабат шынжырды үзеді.


15 - санына байланысты:
Болар бала он бесінде баспын дейді,
Болмас бала жиырма бесте жаспын дейді.

*** *** ***
Ұл он беске келгенше, қолыңдағы қобызың,
Он бес жастан асқан соң, тіл алмаса доңызың.

*** *** ***
Он бесте отау иесі.


30 - санына байланысты: Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды.

*** *** ***
Отыз күн оразаның бір күн айты бар,
Әр қылған жақсылықтың бір қайтуы бар.


21












9 - санына байланысты:
Тойған жерге тоғыз кел.

*** *** ***
Тоғыз әйелдің толғағы бір келеді.

*** *** ***
Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек.




20







5 - санына байланысты:


Бес парыз: Таң намазы, бесін намазы, екінді намазы, ашам намазы, жашиық намазы.

Бес қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта.

Бес борыш: Аллаға, пайғамбарға байланысты борыш, адамның өзіне байланысты борыш, мемлекет пен халыққа борыш, үй-іші жақындарына борыш, адамгершілік әлеміне борыш.

Бес жаратылыс: күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн.

Бес өсиет: топасқа сенбе, жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге қонба, жарлыдан сый алма.

Бес қатер: от, жау, борыш, ауру, сөз.

5 - санына байланысты мақал - мәтелдер:

Біреуге бес күн бұрын келсе, біреуге бес күн кейін келеді.

*** *** ***
Бес саусақ бірдей емес.

*** *** ***
Бес бармақ жиналса, жұдырық болады.

13










6 - санына байланысты:
6 саны берекені білдіреді. Ертеде құлға алты сөзді білсе болған екен.

Олар: отыр, тұр, жат, жүр, атқар, демал.

Алты алаш: Қазақ, қарақалпақ, өзбек, түркімен, қырғыз, жайылма.

Алты парыз: Адамдардың бір-біріне алты парызы бар: 1. Бір-біріне сәлем беруге

2. Шақырса баруға

3. Кеңес сұраса ақыл қосуға

4. Сұрағына жауап беруге

5. Ауырып қалса көңіл сұрауға

6. Қайтыс болса жерлеуге қатысуға

Алты тоймайтын нәрселер:

1. Көз қараудан тоймайды.

2. Еркек әйелден ләззат алудан тоймайды.

3. От отынан тоймайды.

4. Ғалым ғылымнан тоймайды.

5. Бай малға тоймайды.

6. Адам өмірге тоймайды.

14

7 кереметі, аптаның 7 күні,

кемпірқосақтың 7 түсі,

Жетіқарақшы жұлдызы т. б.




8 - санына байланысты:
Дос егіз болса, дұшпан сегіз.

*** *** ***
Жаманның аяғы сегіз, бірі шалмаса бірі шалады.

*** *** ***
Санақ санамай сегіз деме; сынап – сынамай дос деме.




19

Әлемнің жеті кереметі Алғашқы жеті керемет:

1.Египет пирамидасы.

2. Вавилонның аспалы бағы.
3. Ертедегі Артемида храмы.

4. Олимпиядағы Зевстің мүсіні.
5. Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы.
6. Жерорта теңізі аралығындағы Гелиостың (Күн Құдайы) қолдан жасалған мүсіні.
7. Александрия маягі.


7 санына байланысты мақал – мәтелдер:
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.

*** *** ***
Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі.

*** *** ***
Жақсыны жеті жыл жетелесең, адам болады,
Жаманды жеті жыл жетелесең, надан болады.

*** *** ***

Жеті атасын білмеген: жетесіз.

*** *** ***
Жеті атадан бері қыз алыспаңдар.

*** *** ***

Қорытынды
Қазақ халқында 7 саны - ерте замандардан киелі сан болып есептеледі. Ол дегеніміз - 7 қазына, ұлттық тағамдардағы 7 түрлі қоспалар, әлемнің

18



Алты асқар:

1. Ақыл.

2. Білім.

3. Жомарттық.

4. Әділдік. 5. Шыншылдық.

6. Кең пейіл.


6 - санына байланысты мақал - мәтелдер:


Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа.

*** *** ***
Ағайынды алты болсаң, адам тимес.

*** *** ***
Алты аға бірігіп әке болмас.









15







7 - санына байланысты:

Жеті ата: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.

Наурыз көже 7 дәмнен жасалынады – су, тұз, сүт, құрт, ет, арпа, күріш.

Жеті қарама-қайшылық: жер мен аспан, жас пен кәрі, жақсы мен жаман, тәтті мен ащы, түн мен күн, су мен ауа, жаз бен қыс.
Жеті қазына: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.
Жетіқарақшы: Ол – аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз. Оның 1, 8 көрінерлік жұлдыздық шамаға дейін жалтырап көрінетін ең жарық жұлдыздары – Алиот пен Дубке. Жетіқарақшының жарық жеті жұлдыздың сыртқы

пішіні шөміш тәрізді. Оның шеткі екі жұлдызы бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады.

16


Аптаның жеті күні. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Кемпірқосақтың жеті түсі. Жарық мынандай жеті түстен тұрады: қызыл, қызғылт-сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін. Күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскенде, жарықтың жеті түсі сынып, тамшы арасынан көрініп, кемпірқосақ пайда болады.

Жеті жұт. Бұлар:
1. Құрғақшылық.
2. Жұт (мал қырылу).
3. Өрт.
4. Оба (ауру).
5. Соғыс.
6. Топан су.
7. Зілзала (жер сілкіну).
Жеті жоқ. Ол былай: 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4.

Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ.

Жеті жетім. Бұл жөнінде мынандай даналық сөздер бар: 1.Тыңдамаған сөз жетім.

2. Киюсіз тозған бөз жетім.

3. Иесіз қалған жер жетім.

4. Басшысы жоқ ел жетім.

5. Аққу, қазсыз көл жетім.

6. Жерінен айырылған ер жетім.

7. Замандасы қалмаса – Бәрінен де сол жетім.

17


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Киелі сандар сыры дидактикалық материал.do

Автор: Мейрхан Алмагул

Дата: 14.02.2018

Номер свидетельства: 457487


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства