kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ке т?лімі. Ж?нібек К?рменов

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: ?нде  ?нерді? бір т?рі екендігі жайлы айта келіп, бала Ермекті? ?мірімен таныстыру, ауызекі с?йлеу тілдерін дамыту; д?рыс, т?сініп о?у да?дыларын жетілдіру; ?нерге, ?нге деген ??штарлы?ын арттыра отырып, ?семдікті ба?алай білуге баулу.

К?рменов Ж?нібек (22 наурыз1949 жылы, ?арауыл ауылы, Абай ауданы,Шы?ыс ?аза?стан облысы – 22 маусым, 1992 жылы, Алматы) – ?нші, жазушы, ?аза? КСР-іні? е?бек сі?ірген артист (1990). 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ке т?лімі. Ж?нібек К?рменов»

Сабақтың тақырыбы: Әке тәлімі. Жәнібек Кәрменов

Мақсаты: Әнде өнердің бір түрі екендігі жайлы айта келіп, бала Ермектің өмірімен таныстыру, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту; дұрыс, түсініп оқу дағдыларын жетілдіру; өнерге, әнге деген құштарлығын арттыра отырып, әсемдікті бағалай білуге баулу.

Түрі: біріккен сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер, сызба.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй жұмысын сұрау: Оразбек Бодықовтың « Ақ құс туралы аңыз» әңгімесінде кім жайлы әңгімелейді?

Шәмші Қалдаяқов кім?

Ол кімдер жайлы айтты?

Анасынан естіген аңыз әңгімесі не жайлы еді?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Әннің құдіреті деген не?

Қалай түсінесің?

Осы әңгімеден өзіңе қандай әсер алдың?

ІҮ.Мақсат қою: Сабақтың мақсатымен таныстыру. Сен қандай өлеңдерді айтқанды жақсы көресің?

Ү. Жаңа сабақ: Кітаппен жұмыс. 1.Оқу, іштей оқу,тізбектей оқу.

Мазмұнын талдап түсіну. Әңгіменің авторы кім? (Жәнібек Кәрменов).

Кәрменов Жәнібек (22 наурыз1949 жылы, Қарауыл ауылы, Абай ауданы,Шығыс Қазақстан облысы – 22 маусым, 1992 жылы, Алматы) – әнші, жазушы, қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артист (1990).

Өмірбаяны: Алматы эстрада-цирк өнері студиясының (қазіргі колледж) әншілік бөлімін (педагогы Ж.Елебеков), және Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. “Өнер”баспасында редактор, Алматы мемлекеттік консерваториясында халық әндері кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. Ол өзіндік әнорындаушылығымен ерекше көзге түсті, көптеген халық композиторларыныңшығарма өмірі мен мұрасын насихаттау және олардың ұмытылған әнмәтіндерін қалпына келтіру ісіне мол үлес қосты. Кезінде Қазақ радиосы мен телевизиясы арқылы халық әншілері мен әншілік дәстүр жайында хабарлар (А.Сейдімбекпен бірге) жүргізді. Өнер тақырыбына арналған кітаптары (“Ақылбайдың әні”, ”Ғашықтың тілі”, “Махаббат әні”) жарық көрді. 1984 жылы концерттік- орындаушылық, зерттеу қызметтері және жастар арасында халық өнерін насихаттаудағы жұмыстары үшін оған Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді. 1996 жылы оның есімі Қарауыл ауылындағы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы) музыка мектебіне берілген.

Ол жайында не білесің?

Бала Ермекті өнерге, әнді түсінуге жетектеген кім? (әкесі Бекмұхамед).

Қалайша? Сұрақтармен тапсырмалармен жұмыс.

1. Ермектің әкесінің ән туралы айтқан пікірлерін тауып оқы, көңіліңе тоқы.

  1. «Әннің жақсысы да, жаманы да тыңдаушысынан» деген пікірмен келісесің бе?

  2. Өзіңнің көзқарасыңды дәлелде. Осы мәтінді Оразбек Бодықовтың «Ақ құс туралы аңыз» әңгімесімен салыстырып көр.

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау:

Дәптермен жұмыс. Мәтіннен сызбада берілген сөздерге қатысты сөздерді тауып жаз.

шалғын

. . .(көгілдір)

ну

балғын

. . .(жайқалған)

таулар

. . .(орман)

. . .(шөпке)

. . .(қалың)

сыңсыған

. . . (тұнық)

қалықтаған

қарағай

. . .(ақ қайыңды аралайды)

аспан

. . .(құс суреті)





Сөз тіркестерін пайдаланып әңгіме құр. Мәтінге ат қой.

ҮІІ. Қорыту: Бүгінгі сабақтан кім жайлы білдік?

Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаевтың балалық шағы жайлы не білесің?

Ол қандай әнді айтты.

Оның көзіне не елестеді?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу, мазмұнын айту, бір әнді тыңдап, жазған кім екенін біліп, көз алдыңа не елестегенін айт.

Бағалау.





































Жәнібек Кәрменұлы Кәрменов



(1949 ж 22-наурыз - 1992ж 22 маусым)

















































Жәнібек Кәрменұлы Кәрменов



(1949 ж 22-наурыз - 1992ж 22 маусым)




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
?ке т?лімі. Ж?нібек К?рменов

Автор: Сарсембаева Индира Жумабековна

Дата: 09.01.2016

Номер свидетельства: 274057


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства