Просмотр содержимого документа
«Кескіндеме. К?ктем мерекесі. »
Ж.Молдағалиев атындағы №2 жалпы білім беретін мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Қойдың жүнінен әтеш жасау»
4 «А» - сыныбы
Пән мұғалімі: Кабдрахманова Г.Н
Орал 2014-2015 оқу жылы
Ашық сабақ 23.04.2015ж
Еңбекке баулу
Тақырыбы: Қойдың жүнінен әтеш жасау.
Мақсаты: 1.Жүнді өңдеу, одан әртүрлі бұйымдар жасай алу дағдыларын
қалыптастыру.
2.Қазақстанның қой шаруашылығы, пайдасы жайлы білімдерінің
кеңеюіне ықпал ету.
3.Ұқыптылыққа, икемділікке баулу.
Қажетті материалдар: қой жүні немесе ақ мақта, еңбек құралдары.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Тасбақа туралы түсініктерін айту.
Тасбақаны орындау реті.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Ой қозғау.
Жұмбақтар шешу.
Жортқан сайын жүйрігім,
Жеп келеді құйрығын.
Тауысқанда құйрығын,
Бүтінделер бір киім
(Ине – жіп)
Басында айдары,
Иекте сақалы бар.
(Әтеш)
Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай.
(Әтеш)
Қойдың жүнінен әтеш жасау.
Қазақстанның негізгі шаруашылықтарының бірі – мал шаруашылығы.
Оның ішінде еті, сүті, жүні көп пайда келтіретін қой шаруашылығы маңызды орын алады. Қазақ халқы күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдарды жасау үшін қойдың жүнін ертеден пайдаланып келеді.
Биязы қойдың жүні жылына 1 рет көктемде қырқылады.
Қойдың жүнінен жіп иіреді, мата тоқиды, жұмсақ ойыншықтар жасалады.
Жүннен драп, мәуіті, шұға, бостон сияқты маталар алынады.