Просмотр содержимого документа
«Кембридж т?сілімен о?ыту. ?ыс?а мерзімді жоспар. "Адамды адам еткен е?бек" »
Астана қаласы
№ 8 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі:
Аштаева Гүлжан Маханқызы
Қысқа мерзімді сабақ жоспары Дүниетану 4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Адамды адам еткен еңбек.
Мақсаты: «Адамды адам еткен еңбек» деген ұғымның мағынасын ашады. Еңбектентіп, өз жасаған бұйымдарын қорғауға үйренеді.
Күтілетін нәтижесі: Оқушылар жануарлардың тіршілігін бақылауды үйренеді. Адам табиғаттың бір бөлігі деген тұжырымды дәлелдейді. Топпен жұмыс істеу арқылы өз ойын айту, сұрақтар қойып, жауап береді. Әртістік қабілеттері дамиды.Шығармашылық жұмыс жасай алады
Тапсырма негіздері: Оқулықтағы практакалық жұмыс (7- 8 бет)
Ізденіс негіздегі тапсырмалар; Топпен тапсырманы талқылау, ойларын ортаға салу, топқа бейімделу; Оқулықпен жұмыс; Дәптермен жұмыс.
Оқушыларға арналған дереккөздер тапсырмалар: Ғаламтордан мәліметтер қарастыру. Проектор, www.google.com сайтына кіреді.
Сабақтың көрнекілігі: Постерлер, бағалау парақшалары мен критерийлері, кері байланыс парақшасы. Бор , тақта, маркер, плакат, түсті суреттер.
Сабақта орындалатын тәсілдер: Жеке жұптық, топпен жұмыс, оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс, сергіту сәті, практикалық жұмыс, кесте, «галереяға саяхат» стратегиясы, топтық бағалау, өзін – өзі бағалау, өткенге шолу жасау, өмірмен байланыс, көңіл – күйлерін көтеру сәті.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар, көңіл – күйлерің қалай? Бізде қазір қандай сабақ? Өзіміздің жақсы оқушы, білімді екенімізді қалай көрсете аламыз?
Үй тапсырмасын тексеру.
Мәтінді оқып. энциклопедиядан ежелгі адамдардың тіршілігі туралы оқып, зерттеу жұмысын жүргізу керек болатын, кім дайын екен?
Геометриялық фигуралар арқылы 3 топқа бөлініп алу.
Табиғат туралы өлең оқылады.
Табиғат аялаған жан аясын,
Аямай төгер бізге сан саясын.
Аяла табиғатты өз көзіңдей,
Сүйеді тірліктегі әр баласын.
Бүгін адамның табиғаттан не үйренгенін оқып білеміз.
Адам табиғаттан нені оқып үйренді деп ойлайсындар?(Оқушылар жауабы тыңдалады)
Дұрыс. Бүгін тағы өткен өмірге саяхат жасаймыз.
Бұл сабақта, дұрыс айтасындар адам үздіксіз еңбек ету нәтижесінде ғана дамитынына көзімізді жеткіземіз, яғни адамды адам еткен еңбек екенін оқып білеміз.
Түсініктеме.
Адамдардың өткен өмірі туралы мәліметтерді тарихи дереккөз деп атайды. Тарихи дереккөздерді жазбаша, ауызекі және заттық дереккөз деп бөледі. Әрбір топ «Тарихи дереккөз» кестесін толтырады.
Заттық дереккөз
Жазбаша дереккөз
Ауызекі дереккөз
1-топ: Заттық дереккөз
2-топ: Жазбаша дереккөз
3-топ: Ауызекі дереккөз
Әрбір топ өз жазғандарын оқып, таныстырып өтеді.
2. Оқулықпен жұмыс.
Мәтін үш бөлікке бөлінеді. Әр топ өздеріне берілген бөлігін оқып,
мазмұнын талқылайды.
Жүзеген асыру.
1-топ: «Адамды адам еткен еңбек», сол туралы мәлімет жазады.
2-топ: Мәтін бойынша қазіргі заман адамының ерекшелігін көрсететін салыстырмалы саралау жұмысын жүргізеді, жазады.
3-топ: Әлидің әкесімен болған оқиғаға көрініс жасайды.
«Галереяға саяхат» жасау. Жасаған бұйымдары мен жазған мәліметтерді әр топ галереяға саяхат жасап, өз сұрақтарын қояды.
Тренинг
«Мен өнерлі боламын» оқушылар ауада сурет салады. Мен балалар алаңын саламын. Оны .... түспен бояймын. Оған ... жаттығулар жасайтын қондырғылар саламын. Жасаған суретімді досыма ұсынамын.
Сабақты бекіту үшін дәптермен жұмыс.
Семантикалық карта толтырады.
Бұйымдар
Шаруалық құралдыр
Киіз үй жабдығы
Зергерлік бұйым
Білезік
Балға
Қоржын
Орақ
Текемет
Шашбау
Кілем
Басқұр
Сырға
Тырма
Семантикалық картаны көршісіне береді. Неше жауап дұрыс екенін жазып қояды.
10-11 дұрыс жауабы – 5 балл
9- 8 дұрыс жауабы – 4 балл
7- 5 дұрыс жауабы – 3 балл
5- тен төмен болса 2 балл
Қорытындылау.
Семантикалық картаға жауап бергеннен кейін әр топқа сұрақ қоямын.
1-топ:
Адамды адам еткен еңбек екенін білу үшін қандай тарихи деректемелерді пайдаланды?
2-топ:
Тарих дегеніміз не? Ғалымдар ненің арқасында көне заман туралы біледі?
3-топ:
«Адамды адам еткен еңбек» дегенді қалай түсінесіндер?
Сабақты қорытындылау.
Топ басшысы бағалау критерийлері арқылы топтағы оқушыларды бағалайды.
№
Топ мүше-
лері
Үй тап-сырмасын
орындады
Тақ-
таға
шық-
ты
Мұғалімнің сұрағына жауап берді
Топта белсен-
ділік танытты
Семан-
тика-
лық
карта
Топ бас-
шының
бағасы
Мұға-
лімнің
бағасы
1
2
3
4
Үйге тапсырма:
Мәтінді мазмұндау. Адамның еңбегі туралы бақылауларын бақылау күнделігіне жазып келу.