- бағыт-бағдар бере отырып өздіктерінен жұмыс істеуге, сыни тұрғыдан ой-өрістерін дамыта отырып, ырымдардың мазмұнын түсінуге баулу;
- берілген тапсырмалар арқылы оқушылар шығармашылық ізденістерін қалыптастыру, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
- Топта өз ойларын, пікірлерін айта білуге, халқымыздың ырым- тыйым сөздерінің мағынасын ұғынып өсуге тәрбиеленеді.
1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3.Оқыту үшін бағалау.
4.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.
5.Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Сабақ кезеңдері Уақыты | Жоспар мазмұны | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар : осы іс-әрекет үшін маған қандай құралдар қажет? |
І Кіріспе 8 мин. | Психологиялық ахуал Ұйымдастыру кезеңі Ынтымақтастық атмосферасын орнату. | Мен сабақты қалай бастаймын? Оқушылармен амандасып, көңіл- күйлерін сұраймын. -Балалар,бүгінгі сабағымыздың сәтті,көңілді өтуіне тілектерімізді,ойларымызды байланыстырғыш жіп арқылы ортаға салайық. -Ал,балалар,көздеріңді жұмып,өз сыныптарыңызға қандай ортақ тілектер айтар едіңіздер? Бірлік. Ынтымақ. Татулық. -Ендеше ,балалар көздерімізді ашып,зейінімізді мына мақалға аударайық: "Ынтымақсыз іс бітпес". -Олай болса,балалар,осы жіптей үзілмей,қол ұстасып,татулықпен бірлесіп бір-бірімізге көмектесе отырып сабағымызда болатын тапсырмаларды орындайық. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру,өзін-өзі реттеу(әлеуметтік) | Байланыстырғыш жіп арқылы оқушылар бір-біріне ортақ тілек айтады. | | |
| Топқа бөлу Оқушылар гүлдердің түстерін таңдау арқылы топқа бөлінеді. | Алтын ережені қайталатамын. | Өз ұсыныстарын білдіреді.Бір-бірінің пікіріне сыйластықпен қарайды. Алтын ереже: -сабаққа кешікпеу; -басқаның пікірін тыңдау; -уақытқа бағыну; -регламент сақтау; -тапсырмаларды тиянақты орындау. | | Түрлі-түсті қағаздар Алтын ереже (ватман қағазда жазылған) |
ІІ.Тұсауке-сер 8 мин. | Өткен сабақты бекіту. Өтілген тақырып « Нан туралы өлең» мысал өлеңін 3-топтан оқушылар мәнерлеп оқиды. (жаттап келген оқушылардан сұрау) | «Нан туралы өлең» өлеңді оқушылар мәнерлеп оқиды. Осы өлеңінің негізгі түйіні не? « Нан- астың атасы, Ынтымақ көптің батасы» | Өлеңді мәнерлеп оқу. Оқушылар жауаптары: «Дүниедегі көп байлықтың ең негізгісі – нан» «Нан- қасиетті тағам» «Нан - қасиет, Нан –береке, Нан – мереке» | Оқушыларды бағалау. | |
ІІІ.Негізгі бөлім 5 мин. | Жаңа сабақ. Мағынаны тану сатысы Постермен жұмыс
| -Балалар қазір бәріміз мына бір бейнероликті тамашалайық. Бейнеролик «Тасбақа» туралы Оқушылардан тасбақа туралы не білетіндерін постерге жазу. |
Оқушылардың жауаптары
" | "Жарайсың,"Өте дұрыс",арқылы деген қолпаштау сөздерін қолдану арқылы формативті бағалау. | Бейнеролик |
2мин. | | Ендеше біз бүгін Ә. Кекілбаевтың «Тасбақаның шөбі» әңгімесімен танысамыз. | | | |
| | Сонымен бұл әңгіменің авторы кім екен? Мен өткен сабақта Ә. Кекілбаев туралы мағлұмат жинап келіңдер деген тапсырма берген болатынмын. Қане кім айтады? Ә. Кекілбаев туралы білетін деректеріңді мына кестедегі деректермен толықтырғым келіп тұр.(кестемен жұмыс) | Оқушылар жауаптары Күн ретін жазу. Тақырыпты жазып қою. | | кесте |
10 мин. | ДЖИКСО әдісі Оқулықпен жұмыс. « Тасбақаның шөбі» әңгімесі Мәтінмен жұмыс Дәптермен жұмыс | 3 топқа әңгімені 3 бөлікке бөліп беремін. Мәтінді оқып отырғанда түсініксіз сөздерді түртіп отыру. Сөздік жұмысы а) Кібіртік – баяу қимыл, сылбыр жүріс. Аяқ басуы да соқыр адамдай тым кібіртік. ә) Қара жал қақырай сөгіліпті – жердің жарылуы, жарық –жарық болып бөлініп қалуы. б) Тұқшаңдаған –бүріскен, бойын жазбай жүруі. в) Тарбаңдай – тарбаң-тарбаң еткен қимыл. г) Шегір көз – сарғыш келген көз ғ) Мимырт басады- баяу жүріс д) Сала құлаш- ұзын Әр топ оқушылары мәтінді тізбектеп оқиды ( топтарына берілген бөліктері арқылы) Түрткі болу сұрақтары: 1.Жазушы «кісі мінсе кібіртік,бос жіберсең суаяқ құла» деп нені айтып отыр? 2.Қарабала келе жатып нені көрді? 3.Оның есіне халықтың қандай ырымы түсті? 4. Өздерің тасбақаның аузына шөп тістеп алған кезін көрдіңдер ме? (Оқушылар тақырыпты қаншалықты меңгергенін топшылау). Әңгіменің негізгі идеясы не? | Оқушылар жұппен, топпен талдайды. Әр топ оқушыларының оқуы. Әңгіменің негізгі идеясы қазақ халқының тәрбие құралы ырымға, тыйымға құрылған. - Әңгімедегі Қарабала мінген аттың жүрісі жөнінде айтылған жолдарды тауып, дәптерлеріңе жазып алыңдар.
| Әр топ бір-бірін бағалайды. | Оқулық |
2 мин. | Сергіту сәті | Музыка әуені « Қызыл өрік»
| | | |
| Кестемен жұмыс Интерактивті тақтаға жазады. | Өздерің білетін ырымдарды кестеге жаздырту. | Өздері білетін ырымдарды талдай отырып жазады. | | Интерактивті тақта |
5 мин. | Топпен жұмыс | 1-топқа 5 жол өлең жаздырту. 2-топқа « Шыбын жаны көзіне көрініп» деген сөз тіркесін басқа сөзбен алмастыру. 3-топқа Тасбақаның жер астынан тістеп шыққан шөбі туралы ырымды оқулықтан тауып оқу | 1-топ: 1.Не? ( Зат есім) Тасбақа 2. Қандай?(Сын есім) Мықты, киелі 3.Не істейді? (Етістік) Тарбаңдайды,тұқшаңдай-ды 4. Шөп сөзін қатыстырып сөйлем құрау. Тістеп шыққан шөбі бар. 5.Тірі табиғаттың қай тобы? Жануар 2-топ: Шыбын жаны көзіне көрініп тұр- зәре-құты қалмады, қорықты. 3-топ: Тасбақаның жазғытұрым жер астынан тістеп шыққан шөбін алған адамның қай қалауы да орындалады. | | Ватман қағазы,маркерлер |
3 мин. | Қорытынды Рефлексия | Оқушының ғылыми жобасынан үзінді. Қорытынды жасалады: « Тасбақа да- табиғат» «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» Мұғалім оқушыларға стикерлерді ұсынып өз ойларын жазғызады | Оразгелді Бексұлтан жазған ғылыми жобасынан үзінді келтіреді. Оқушылар тақырыпты қаншалықты меңгергенін топшылау. | Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазады,тақта-дағы көңіл күй баспалдағына жапсырады. | слайд Түрлі түсті стикерлер |
1 мин. | Үйге тапсырма | 222-бет, мәтінді түсініп оқу. Тасбақаның тіршілігі жайында іздену. | Оқушылар тапсырманы күнделікке жазып алады. | | Күнделік |
1 мин | Бағалау | Оқушыларды мадақтау,ынталандыру. | | | |
Тақырыбы: Ә.Кекілбаев. Тасбақаның шөбі
Мұғалім: Шопанбекова .Г.Ж.