kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?.Кекілбай. Тасба?аны? ш?бі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кел,балалар,о?ылы?!

Саба?ты? та?ырыбы : ?.Кекілбай. Тасба?аны? ш?бі

Саба?ты? ма?саты :  1. Жа?а та?ырыпты о?ушылар?а т?сіндіру. К?ркем шы?армада?ы      

                                      негізгі ойды аны?тай білуге ?йрету.

                                  2.Ба?ыт- ба?дар бере отырып, ?здіктерінен ж?мыс істеуге

                                    ж?не    таби?атты с?юге, жан- жануарларды ?ор?ау?а т?рбиелеу.

                                  3.О?ушыларды? ой- ?рісін, с?здік ?орын дамыту.

 Саба?ты? к?рнекілігі : ?.Кекілбайды? суреті, бауырымен жор?алаушыларды?, тік

                                           ?ша?ты?, жусан, жанта?, адыраспанны? суреттері.

Саба?ты? т?рі: саяхат саба?.

Саба?ты? ?дісі: т?сіндіру, с?ра? – жауап.

П?наралы? байланыс: музыка, д?ниетану

Саба?ты? барысы:

                          І. ?йымдастыру  ( психологиялы? дайынды?)

  - К?нге ?олдарымызды созамыз. К?нні? жомарт с?улелері ананы? н?зік ала?анындай аялайды, сипалайды,  жылытады. Си?ырлы к?н барлы? ?кпе мен м??ды ерітіп жібереді. Ж?регімізді жылу мен махаббат?а толтырады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?.Кекілбай. Тасба?аны? ш?бі »



Сабақтың тақырыбы : Ә.Кекілбай. Тасбақаның шөбі

Сабақтың мақсаты : 1. Жаңа тақырыпты оқушыларға түсіндіру. Көркем шығармадағы

негізгі ойды анықтай білуге үйрету.

2.Бағыт- бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеуге

және табиғатты сүюге, жан- жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

3.Оқушылардың ой- өрісін, сөздік қорын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі : Ә.Кекілбайдың суреті, бауырымен жорғалаушылардың, тік

ұшақтың , жусан, жантақ, адыраспанның суреттері.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап.

Пәнаралық байланыс: музыка , дүниетану

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру ( психологиялық дайындық)

- Күнге қолдарымызды созамыз. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы хормен: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын

Ізгі әрі нәзік , жарық, мейірімді ,

Болып кетер сонда дереу жан- жағым.

  • Міне , балалар жүрегіміздегі осындай жы лумен сабағымызды бастаймыз.

  • Балалар, қазір ана тілі сабағы керекті құралдарымызды шығарып ,түгелдей сабаққа қатысып отырамыз. Бүгін сендерді жануарлармен бағалаймын.

Тасбақа-«5»

Кесіртке - «4»

Жылан - «3»

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

а) Оқушылардан С. Жиенбаевтың «Ұшып келем» өлеңін сұрау , туған елге, жерге байланысты

мақал сұрау . (ауызша)

ә) Оқушылар қосымша сұрақтар қою.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

  • Балалар бүгіншгі сабағымыз ерекше. Біз бүгін тік ұшақпен саяхатқа шығып ,болашаққа саяхат жасаймыз. Әрбір аялдамаға жеткенше тапсырмалар орындап отырамыз.Олай болса 1- ші аялдамаға жеткенше өзіміздің білімімізді , өнерімізді ортаға салайық .

  • Балалар, жұмбақ шешкіміз келе ме?

-Иә

Жұмбақ

1. Таң мен көзін ашады ,

Әдемі нұр шашады. (Күн)

2. Арыстан ақырады ,

Орман жарқырады. (найзағай)

3. Көктем түледі,

Жер ішеді. (көктем)

-Балалар қазір қандай мезгіл?

- Көктем

- Дұрыс айтасыңдар

-Көктемде қандай өзгерістер болады? ( оқушылардың пікірін тыңдау)

Ән: Жау- жау, жаңбыр

  • Міне балалар, өзіміздің біліміміз бен өнерімізді көрсету арқылы «Даналық әліппесі» аялдамасынада келіп жеттік.



ІV. Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру.

  • Көктем мезгілінде жаңбыр неғұрлым көп жауса, онда жер беті көк шалғын шөпке бөленеді. Барлық тіршілік иелері ( жан- жануарлар, жәндіктер, адамдар) талпынып еңбек ете бастайды.Олай болса бүгін біз Ә. Кекілбай ағамыздың «Тасбақаның шөбі» атты әңгімесімен танысамыз.

а) Автормен таныстыру.

Ә. Кекілбай- Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Оңды ауылында 6- желтоқсанда 1939 жылы дүниеге келген. Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері.Оның тұңғыш өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» деп аталады. «Бір шөкім бұлт», «Үркер» т.б роман, повестері және «Күйші», «Ауыл таңы» әңгімелері бар.

-Міне балалар , бүгін біз «Тасбақаның шөбі» атты әңгіесімен танысамыз.

Тасбақа туралы түсінік беру.

Тасбақаның арқасында қосымша қатты тас сияқты терісі бар. Оны панцирь деп атаймыз.

Тасбақа шөппен қоректенеді.Барлық бауырымен жорғалаушылардың терісі қабыршақтан тұрады.

Оқулықпен жұмыс

ә) Мәтінді дауыстап оқып беремін, түсіндіремін.

б)Оқушыларға тізбектей оқытамын.

в) Сөздікпен жұмыс жасалады

Сөздікпен жұмыс

Көсік – далада, құмдақ жерде өсетін сәбіз тәрізді жабайы өсімдік.

Маңғыстау жерінде өсетін өсімдіктермен таныстыру.(жусан, адыраспан , жантақ)

2- ші аялдамамыз «Бой сергіту » аялдамасына да келіп жеттік.

3- ші аялдамаға жету үшін мына тапсырмаларды орындайық.

Дәптермен жұмыс

1- топ. «Әлі бауыры көтере қоймаған қу жусан»дегенді басқа сөйлеммен ауыстырып жазу.

2- топ.Өзің білетін ырымдарды жазу.

3- топ. Мәтін бойынша сурет салу.

  • Міне ,балалар 3- ші аялдамамыз «Ұрпаққа мұра » аялдамасына келіп жеттік.

Сонымен бірге қазақ халқы ырым сөздерге сенім артып , жақсы нәрселерді үнемі ырымдап,жақсылыққа жорып отырған.Әлі күнге дейін осы ырымдарды айтып , ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.



V. Қорыту.

1.Жазушы «кісі мінсе кібіртік , бос жіберсең суаяқ құла» деп нені айтып отыр?

2.Қарабала келе жатып нені көрді ?

3. Оның есіне халықтың қандай ырымы түсті?

VІ. Бағалау. Оқушылардың білімін бағалау , мадақтау.

VІІ. Үйге тапсырма. Мәтіннің түсінгенін айту





Тест 6

1. Қанаттың төс қалтасындағы компос қай жерде түсіп қалады ?

А) үйінде

Ә) өзенге барғанда

Б) өзеннен оралғанда

2. Кейіпкердің ішкі жан дүниесмен , яғни өзімен өзінің сөйлесуі қалай аталады?

А) монолог

Ә) диалог

Б) іштей сөйлеу

3. Екі немесе бірнеше адамдардың кезектесіп сөйлесуі қалай аталады?

А) монолог

Ә) жарысып сөйлеу

Б) диалог

4.Көкжиектің тұстарын анықтайтын құрал қалай аталады?

А) секундомер

Ә) түсбағар

Б) сағат

5. «Әттең ,мен неге бармадым екен сонда» деген баяғы үнсіз өкініш арнасын бұзған өзендей лықсып шыққан еді» деген үзінді қай шығармадан алынған?

А) Шыбық

Ә) Қараторғай

Б)Тасбақаның шөбі

6. «... Бөлмесі бір түрлі әдеміленіп, кірсең шыққын келмейді. Гүл өсіруді жақсы көреді, айнасының алдында герань , фикус, олеандр , камелия, циперустар жайнап тұр ...» деген үзінді қай шығармадан алынған ?

А) Шығыс шынары

Ә) Бала Мәншүк

Б) Балама хат

7. Өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегін, оқиғаның тұтас желісін не дейміз?

А) сюжет

Ә)естелік

Б) Қайталау

8.М.Дулатовтың қандай романы бар?

А) Бақытсыз Жамал

Ә) Қазақ солдаты

Б) Қамар сұлу

9.Ұлы Отан соғысы қай жылы басталды?

А) 1986 ж

Ә) 1931ж

Б) 1941ж

10.М.Мәметованың шын аты?

А) Моншақ

Ә) Мәнсия

Б) Маншук

11.Мәншүкті анасы кім деп еркелетті?

А) Ботақаным

Ә) Моншағым

Б) Құлыным

12. «Тау қыраны» әңгімесінің басты кейіпкері

А) Төлеген

Ә) Бауыржан

Б) Іңкәр

13. Ұлы Отан соғысы жайлы жазған жазушы – ғалымның аты?

А) Мәлік Ғабдуллин

Ә) Төлеген Тоқтаров

Б) Ж.Жабаев

14.М. Әуезовтің атасының аты кім?

А)Жұмабай

Ә) Абай

Б) Әуез

15. Ы. Алтынсарин кімнің тәрбиесінде болған

А) нағашы атасы

Ә) әжесі

Б) нағашы әпкесі



















«Манашы орта мектебі» ММ













Ашық сабақ



Тақырыбы: Ә.Кекілбай. Тасбақаның щөбі



Тақырыбы: Бастауышым - балбұлағым

Ертеңгіліктің мақсаты : Білімділігі : оқушылардың бастауыш сыныпта алған

білімдерін қорытындылау.

Тәрбиелілігі: өз Отанын , мектебін , ұстазын

құрметтей білуге тәрбиелеу .

Дамытушылығы : оқушылардың ойлау қабілетін

дамыту.

Көрнекілігі : мектеп, білім туралы нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, слайд .

Барысы:

І. Ұйымдастыру

Мұғалім:

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Өлең оқып, би билеп, ән де бүгін айтылар.



Қайырлы күн , құрметті ата- аналар , ұстаздар және оқушылар! Бастауыш әлеміндегі дәстүрлі мерекенің бірі асыға күткен – бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер!

Бүгінгі біздің 4 «А» сыныбында өткізгелі отырған «Бастауышым - балбұлағым» атты мерекелік шараны ашық деп жариялаймын.

Ендеше , 4 «А» сыныбының сынып жетекшісі Ниязова Сандуғашты және бастауыш сыныпты бітіруші түлектерді қошеметпен ортаға шақырамыз.

Мұғалім:

Елдің елдігі

Ердің ерлігі – Әнұран

Сезім биігі

Төзім иығы – Әнұран

Әннің асылы

Ұранның басымы – Әнұран

(Әнұран орындалады)

Мұғалім:

Құрметті ата- аналар алдарыңызда тұрған балаларыңыз осыдан төрт жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп – кішкене балдырғандар еді. Енді міне бойлары да , ойлары да өсіп , бастауышта білім алып аяқтап , орта буынға өткелі тұр.Талаптарына нұр жаусын деп ертеңгілігімізді бастаймыз.

Алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Досов Болат Бексиыкұлына беріледі.

Мұғалім:

«Ұстаздық еткен жалықпас , үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай , ұстазымыз білім нәрімен сусындатып, көп нәрсені үйретті.Сондықтан да алғашқы ұстазымызға

Хормен: Мың алғыс!

Ұстаз – мейірімді , сезімтал. Сені сүймелдеп , демеп , өмірге өрлетіп ,жетелеп келе жатқан ұстазың емес пе?

Ақылбек :

Ұстаз болу – жүректің батылдығы,

Ұстаз болу- сезімнің ақындығы

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы ,

Ұстаз болу – адамның ақылдығы.

Сандияра :

Сен менің әкемдейсің , анамдайсың ,

Мен үшін армандайсың , алаңдайсың

Ұстазым сеннен артық ақылшым жоқ,

Адалдық пен парасаттан жаралғансың.

Ерасыл:

Көңілің бар шәкірттің таба алатын,

Кеуделерге намыс отын жаға алатын

Өзіңдей болса, шіркін барлық ұстаз,

Жез таңдай , күміс көмей , сөзі алтын.

Ақтілек:

Көрмеген артық сөйлеп , артық күліп,

Шәкірттерді баулыды тәртіпті қып

Қоштасамыз бүгін ұстазбенен,

«Ұстаз» әнін жаңғыртып айтып тұрып.

Хор: Ұстазым менің

Мұғалім:

-Иә, бүгін бізде үлкен қуаныш . Себебі біз білім бастауы бастауышпен қоштасқалы тұрмыз.

-Балалар , сендер мектеп табалдырығын аттағанда алғашқы кездерің естеріңізде ме ?

Хормен: Әрине

Иляс:

-Иә , біз алғаш мектепке келгенде әліппедегі әріптерді танымадық, оларды бірге қосып, оқып жаза алмадық.Осының бәрін үйреткен , «Әліппе» оқулығы емес пе?

Айгерім:

-Иә , «Әліппе» оқулығы бізге көп нәрсені үйретті.

Ашыла берді алдымнан

Кең дүние есігі

Соғылған сомдап алтыңнан

«Әліппе»- білім бесігі

«Әліппем» -менің «Әліппем» менің

Өмірді көрсем танып мен

Қайталап айтам мың рет:

Өзіңе көп –көп рахмет !

«Әліппем» менің , Әліппем

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің.

Мұғалім:

-Міне, балалар , әріптердің бәрін оқи алтын болдыңдар.Күні кеше ғана білім ордасында жанарлары жәудіреп , тал бойлары майысып, үркектей кірген балапандар , енді міне , алғашқы басқыш бастауыш мектепті тәмамдап , ортаңғы буынға көшкелі отыр .

(Слайд арқылы сыныпқа мінездеме беру)

-Рамазан , неге спорт киімін киіп шықтың?

-Дене шынықтыру сабағынан үйренгенімді көрсетейін.

-Мен онда бейнелеу өнерінен үйренгенімді көрсетейін .

-Еңбекке баулудан үйренгендей көгершіндер жасап келдім. Бұл біздің көгершіндеріміз. Бастауыштан ұшып жоғары сыныпқа ұшып бара жатырмыз. Жолымыз оң болсын ! Сәт сапар достар!

Мұғалім:

Жалығуды білмейміз,

Жабығуды білмейміз

Жауқазындай көзді тартып,

Жайраң қағып билейміз.

Би: Флешмок

Мұғалім:

Ғалым иесі ғалым да, ел қорғаны батыр да ,тілінен бал тамызған ақын да , тегеуіріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып , мал бағып, тер төккен шаруа да ,көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. Сондықтан да біз ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз .

-Ендеше ортаға бейнелеу пәнінің мұғалімі Бисенбекова Айсұлуды , еңбек пәнінің мұғалімі Шакиева Алияны , дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Тоқтабаева Динаны , орыс тілі пәнінің мұғалімі Сарсенбаева Тазагүл мен Бисенбаева Гүлжанатты , өзін өзі тану пәнінің мұғалімі Қайымбетова Жазира сынды ұстаздарды ортаға шақырамыз.

( Оқушылар осы ұстаздарға арнап өлең жолдарын оқиды )

Мұғалім:

Тамсандырып ән салат ,

Естіген жан тамсанат

Жүректерге жеткізіп

Айнура мен Сымбат қыздарыңыз ән салат.

Ән: Ұстазым

Мұғалім:

-Балалар, ендігі кезекті білімдеріңе берсек қайтеді . Тақтадан ұяшық таңдау арқылы сұрақтарға жауап береміз .

1. «Енді қайттім! Не істедім? Суға лақтырып жіберіп құтылуым керек » Қай мәтіннен алынған үзінді.

2.Ұзындық өлшем бірліктерін ата ?

3.Есептің бәрін дұрыс шығарған Мұрат қана. Шылауды тап.

4.Дүние жүзіндегі мұздықтың 90 пайыздан астамы шоғырланған құрлық қалай аталады ?

- Өте жақсы меңгерген екенсіңдер!

Келесі кезекті жайдарманшыларымызға берейік.Ортаға жайдарманшыларымызды шақырамыз.

Мұғалім:

Мың бұралса біз қарап тамсанайық ,

Сіздерге жақсылықпен жар салайық.

Бишілерді сахнаға біз шақырып,

Қол соғып қошеметпен қарсы алайық!

Би: Мектеп вальсі

Мұғалім:

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым – балбұлағым

Қоштасар күн жетті міне ,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

Хормен: Қош бол , балғын балалық,

Қош бол, сүйікті бастауышым!

Мұғалім:

Мерекеге бүгінгі

Ақ тілегін арқалап,

Келді ата- анамыз

Кезек беріп соларға

Сөзіне құлақ саламыз

Келесі құттықтау сөзді 4- сынып оқушыларының ата –аналарына береміз.

Ендеше, «Бастауышым – балбұлағым» атты ертеңгілігімізді жабық деп жарялаймыз. Сау болыңыздар!

















































Бейнеу, 2014 жыл



















Ана тілден тест сұрақтары. 4- сынып

1. «Қарлығаш би» атанған биді ата

А) Төле би В) Әйтеке би С) Майқы Д) Қазыбек би

2. «Сонда тұрып Донбауыл

Қорамсаққа қол салды» - бұл қай жылдан алынған үзінді?

А) «Қамбар батыр» В) «Қобыланды батыр» С) «Алпамыс батыр» Д) «Ер Тарғын»

3. «Пәрмене» сөзінің мағынасы не?

А) тілегі В) бұйрық С) көмек Д) әл-қуат

4. «Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай» ертегісіндегі нан илейтін кім?

А) тоқал В) қызы С) бәйбіше Д) Шығайбай

5. Жырды айтушы адамды қалай атайды?

А) ақын В) жыршы С) термеші Д) шежіреші

6. «Жерұйықты» іздейтін кісіні тап?

А) Қорқыт В) Әл Фараби С) Асан қайғы Д) Жиренше

7. «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» шығарманың қай түріне жатады?

А) мақал В) мәтел С) шешендік сөз Д) аңыз

8. «Аңыз әңгімелер» шығарманың қай түріне жатады?

А) халық ауыз әдебиеті В) Шыншыл ертегісі С) Өмірде болған адам туралы әңгіме

Д) Жазба әдебиеті

9. Қазақ әліпбиінің атасы кім?

А) Жамбыл Жабаев В) Ахмет Байтұрсынов С) Мағжан Жұмабаев Д) Төлеген Айбергенов

10. «Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз» қай бидің айтқан сөзі?

А) Төле би В) Қазыбек би С) Әйтеке би Д) Сырым

11. Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды?

А) 1905 жылы В) 1986 жылы С) 1985 жылы Д) 1990 жылы

12. Маңғыстау облысынан шыққан ақын – жазушы кім?

А) Қадыр Мырзалиев В) Мұқағали Мақатаев С) Қасым Аманжолов С) Әбіш Кекілбаев

13. Қазақта күй атасы кім?

А) Дина В) Тәттімбет С) Құрманғазы Д) Сүйінбай

14. Қазақтың бұлбұл қызы?

А) Қыз Жібек В) Әлия С) Күләш Д) Шара

15. Абай Құнанбаев қай жылы туылды?

А) 1841 жылы В) 1845 жылы С) 1849 жылы Д) 1951 жылы

16. Қазақ балаларына тұңғыш мектеп ашқан кім?

А) Ы. Алтынсарин В) А. Құнанбаев С) М. Дулатов Д) С. Сейфуллин

17. Рейхстахқа туды кім тікті?

А) Бауыржан Момышұлы В) Рақымжан Қошқарбаев

С) Махамбет Өтемісұлы Д) Әлия Молдағұлова

18. Абай Құнанбаевтың шын аты кім?

А) Ыбырай В) Исмаил С) Ибраһим Д) Телғара

19. Күнәдан таза басым бар,

21-де жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар

Алам десең, алыңдар! – бұл кімнің сөзі

А) Бауыржан Момышұлы В) Қайрат Рысқұлбеков

С) Сәбира Мұханбетжанқызы Д) Ербол Сыпатаев

20. «Үш бақытым» өлеңінің авторы кім?

А) Ахмет Байтұрсынов В) Дихан Әбілов

С) Мұқағали Мақатаев Д) Бейімбет Майлин




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
?.Кекілбай. Тасба?аны? ш?бі

Автор: Ниязова Сандугаш Локмановна

Дата: 21.04.2015

Номер свидетельства: 204082


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства