kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Кедей" С.Торай?ыров. Ашы? саба? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

3-сыныпта "?дебиеттік о?у" п?нінде С?лтанмахм?т Торай?ыровты? "Кедей" ?ле?ін о?ытып, ме?гертуде интербелсенді ?дістерді ?олданып ?ткізген б?л саба?ым, жа?сы н?тиже к?рсетті. О?ушыларды ?з бетінше ж?мыс жасайды, топты?, ж?пты?, жекелей ж?мыс т?рлерін орындай отырып, жа?а саба?ты ме?гереді.?з ойларын еркін жеткізе білуге, пікірталас?а т?се алу?а ?йренеді.Б?л саба?ты? ?ріптестеріме де к?п к?мегі тиері аны?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Кедей" С.Торай?ыров. Ашы? саба? жоспары»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ















«Кедей»

С. Торайғыров

Әдебиеттік оқу пәні 3-сынып













Сынып жетекшісі: Нукешева Ә.Ө





Қойтас орта мектебі КММ

2015-2016 оқу жылы



Әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: «Кедей»


Мектеп: Қойтас орта мектебі КММ

Күні: 23.11. 15 ж.


Мұғалімнің есімі: Нукешева Ә.Ө.

Сынып: 3


Қатысқандар Қатыспағандар

саны:7 саны: жоқ

Сабаққа негізделген

оқу мақсаты:


Өлеңді мәнерлеп, сауатты оқуға машықтандыру, өлеңнің мазмұнын жүйелі баяндау дағдысын жетілдіру; адамгершілік, мейірбандық сезімін қалыптастыру.


Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:


  • Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқиды.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Өлең мазмұнын түсінеді, адамгершілік, мейірбандық сезімі қалыптасады.

Кейбір оқушылар:

  • Өлең мазмұнын терең түсінеді, өз пікірін білдіреді, шығармашылық жұмыс жасайды.

Тілдік мақсат:

Оқушылар:

  • Өлеңді оқиды, талдайды, өз ойын айта алады.


Негізгі сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша, ... деп ойлаймын, менің түсінуімше, маған ... ой келді, т.б.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

1.Әңгімені мазмұндау.

2. Өлеңді оқу, талдау.

- Бұл өлеңді ақын неліктен «Кедей» деп атаған?

- Кедей деп кімдерді атаған?

- Кедейдің ауыр тұрмысын қалай бейнелеген?

- Өлеңнен қай кездегі халық тұрмысын білуге болады?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

-Аштық, кедейлік мұлде болмас үшін не істеуге болады деп ойлайсың?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Кластер құру,

Алдыңғы оқу:

«Күлпаш» әңгімесін мазмұндап келу.

Жоспар:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

1. Ұйымдастыру.

*«Шаттық шеңберіне» шақыру.

* Топқа бөлу




2. Үй тапсырмасын сұрау.

* Бағалау парақтарын таратып беру.

* «Сот отырысы» әдісі бойынша сұралатынын түсіндіру. Оқушыларды рөлге бөлу./ Айыпталушы, айыптаушы, қорғаушы, сарапшы/


3. Жаңа сабақты меңгерту.

* «Галереяда ой шарлау» әдісі арқылы өтілетін тақырып мазмұнын ашатын суреттер көрсету, тақырыпты оқушылардың өздері анықтауына мүмкіндік беру, сабақ мақсатын өздері қоюға жетелеу.


* Табыс критерийлерімен таныстыру.

1. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқимын.

2. Мазмұнын ұғамын.

3. Өз пікірімді білдіремін.

4. Еркін, жүйелі сөйлеуге үйренемін.


*Өлеңнің авторы Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы қысқаша мағлұмат беру.

Слайдтан көрсету.

С. Торайғыров – талантты ақын, әрі жазушы.

* Өлеңді тізбектей оқыту.


Сергіту сәтін жасату.


* «Миға шабуыл» әдісі бойынша «Кедей» сөзіне кластер құрғызу.


* «Пікірталастар» әдісі. Стикермен белгіленген екі оқушы пікірталасқа шығады.






4. Бекіту.

* «Өрмекшінің торы» әдісі арқылы «Аштық, кедейлік мүлде болмас үшін не істеуге болады деп ойлайсың?» деген сұрақ төңірегінде әркімге өз пікірін айтқызу.

* «Тест сынағы» әдісі арқылы өтілген тақырып бойынша білімдерін тексеру. Қате, дұрысын бірден анықтау.

1.«Күлпаш» әңгімесінің авторы кім?

А) Зейін Шашкин

Ә) Бейімбет Майлин

Б) Қабдеш Жұмаділов

2. «Кедей» өлеңінің авторы кім?

А)Н. Байғанин

Ә) М. Жұмабаев

Б) С. Торайғыров

3. Осы шығармада не туралы айтылған?

А)байлық

Ә) кедейлік

Б) достық

4. Әңгіме мен өлеңдегі ұқсастықтар қайсы?

А) ауыр тұрмыс

Ә) қой күзету

Б) табиғаттың күйі


5. Қорытындылау. «Бағдаршам» әдісі. Кері байланыс жасау.

- Не білдің?

- Нені білгің келеді?

- Нені түсінбедің?

6. Үйге тапсырма. Өлеңді жаттап келу.


7. Бағалау. Сабақ бойы қалыптастырушы бағалауды жүзеге асырып отыру. Қалыптастырушы бағалаудан жиынтық баға шығару.





Оқушының іс-әрекеті:


* «Гүл ұсыну» әдісі арқылы бір-біріне тілек айтып шығады.

* Балықтар түрлері бойынша топқа бөлініп отырады.



* Бағалау парақтарына топ мүшелерінің есімін жазады.

* Тағайындалған рөлдер бойынша әр оқушы өз міндетін атқарады. «Күлпаш» әңгімесін топта мазмұндап, бір-біріне баға қояды.




*Оқушылар тақырыпты өздері анықтап, сабақ мақсатын қояды.








*Табыс критерийлерімен танысады.









*Оқушылар оқулықтан қарап, танысады.






*Оқушылар өлеңді тізбектей мәнерлеп оқиды. Топта бағаланады.

*Оқушылар сергіту сәтін жасайды.


*Кластер құрады, топтан бір оқушы шығып қорғайды. Топтық жұмыс пен жеке жұмыс бағаланады.


*Топтық жұмыс орындайды.

1-топ. «Қазір кедей адам жоқ»

2-топ. «Қазіргі кезде де кедей адамдар бар»

тақырыбында топта талқылап, топтан стикермен белгіленген оқушылар ортаға шығып, пікірталасқа түседі. Топтық жұмыс және оқушылардың жеке жұмысы бағаланады.

*Барлық оқушылар ортаға шеңбер бойымен тұрып, жіпті бір-біріне бере отырып, берілген сұрақ төңірегінде өз ойларын айтып шығады.




*Қолдарындағы әріптерді көрсету арқылы дұрыс жауапты нұсқап отырады.

























*Оқушылар қызыл, жасыл, сары түстерді көтеру арқылы сабақ бойынша не түсінгендерін көрсетеді.

*Оқушылар стикерге өз ой-пікірлерін жазып, «Даналық ағашына» іледі.

*Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап келеді.




*Оқушылар бағалау парақтарына қойылған бағаларын тексереді, мұғалімге ұсынады.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы: 5 -7 мин

«Гүл ұсыну» ынтымақтастық ахуал туғызу, «Балықтар» түрімен топқа бөлу, үй тапсырмасын сұрауға дайындық, «Сот отырысы», рөлдерге бөлу

Гүл, балықтар мүсіні, рөлдік ойынға қажетті атаулар жазылған қағаздар.

Ортасы : 30-35 мин

Жаңа сабақты меңгерту, «Галереяда ой шарлау», «Миға шабуыл», «Пікірталастар», «Тест сынағы»,

«Өрмекшінің торы»

Слайд, кластер, жіп, қағаз, түрлі түсті бояулар,

Аяқталуы : 5-8 мин

Қорытындылау, бағалау. «Бағдаршам», қалыптастырушы, жиынтық бағалау

Бағдаршам түстері, Бағалау парағы, смайликтер

Қосымша ақпарат Деңгейлік тапсырма беру.

Өлеңді жаттап келеді және өлеңді эссе түрінде жазып келеді.

Саралау – сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс


*Пікірталасқа түсіру арқылы, топтық жұмысқа, бағалауда басшылық жасату, үйге тапсырманы күрделендіріп, эссе жазып келуді тапсыру арқылы.



* Оқушылардың өзін-өзі, бірін-бірі бағалауын жүзеге асыру үшін бағалау парағын қолданамын және кезеңдер бойынша оқушыларды ынталандыру мақсатында қалыптастырушы бағалауды жүзеге асырамын.

* Сауатты жазуды талап ету – қазақ тілімен байланысты, ел басынан өткен ауыр күндер – тарих пәнімен байланысты, интерактивті тақтаны қолдануда қауіпсіздік ережесін сақтау керектігін ескердім.

Осы тақырыпты меңгерту арқылы оқушылар бойында адамгершілік құндылықтарды дамыту көзделеді.

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Сабақ мақсатына жетті. Оқушылар табыс критерийлері бойынша сабақты меңгерді. Сабақ басында сыныптағы ахуал жақсы қалыптасқандықтан, сабақ аяғына дейін оқушылар белсенді болды. Сабақты меңгертуде жоспарлаған, таңдап алынған әдіс-тәсілдер тиімді болды. Мен берілген уақыт ішінде үлгердім. Сабақ барысында өз жоспарыма ешқандай түзету, өзгерту енгізген жоқпын







Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды ( оқытуды да , оқуды да ескеріңіз)?

1. Оқушыларды пікірталасқа қатыстыра алу.

2. Оқушылардың өзін-өзі, бірін-бірі бағалауы.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1. Топқа бөліп оқыту.

2. АКТ –ны қолдану.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Сыныпта оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, өз ойларын еркін жеткізе білуге, пікірталасқа түсе алуға мүмкіндік бере отырып оқушылардың мүмкіндіктерін ескеру.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Кедей" С.Торай?ыров. Ашы? саба? жоспары

Автор: Нукешева Асел Омирзаковна

Дата: 23.12.2015

Номер свидетельства: 269646


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства