kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Халы? т?рбиесі асыл ?азынам

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:  «Халы? т?рбиесі асыл ?азына»

Ма?саты: жастар бойына ?лтты?, ?ла?атты ?асиеттерді сі?іріп, о?ушыларды имандылы??а, мейірімділікке т?рбиелеу ж?не о?ушы бойына ?дептілік ж?не адами  ?асиеттерді ?алыптастыру. Жа?сы мен жаманды  ажырата біліп, аталы с?зден  ?ибрат алу.

К?рнекілігі:  адами ?асиеттерге баулитын  на?ыл с?здер. Ма?ал-м?телдер жазыл?ан плакаттар ілу.

?йымдастыру: с?лемдесу, т?гендеу

Барысы:

1-ж?ргізуші: ?аза? – с?з ?адірін ?з ?адірім деп білген халы?. Кендігін де, елдігін де, кеме?герлігі мен  к?семдігін с?зге сый?ыз?ан. Оны?  тарихы, та?дыры, т?лімі мен т?рбиесі, даналы?ы мен дала к??ілі де сол  с?зде жатыр.

2-ж?ргізуші: ?аза? тарихында  с?зді? орны ерекше. Бітпес  дауды?, б?ту?сіз шуды? кесімі де, шешімі де с?з бол?ан. Т?ла бойды? тылсым сырын сыр?а  жаря еткен сезім, тере? а?ыл, кемел ой,  арман-м?рат, м??-сыр б?рі сый?ан  си?ыр с?зді?  ба?асын біреу білсе, ?аза?тай-а? білсін. Сонды?тан да с?зден ?ткен к?ш, с?зден ?ткен ??дірет жо?. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Халы? т?рбиесі асыл ?азынам»

Маңғыстау облысы.Бейнеу ауданы. Күйкен орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шағанова Бақтыгүл Ашықбайқызы

Күні: 03.02.2016

Тақырыбы: «Халық тәрбиесі асыл қазына»

Мақсаты: жастар бойына ұлттық, ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, оқушыларды имандылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу және оқушы бойына әдептілік және адами қасиеттерді қалыптастыру. Жақсы мен жаманды ажырата біліп, аталы сөзден ғибрат алу.

Көрнекілігі: адами қасиеттерге баулитын нақыл сөздер. Мақал-мәтелдер жазылған плакаттар ілу.

Ұйымдастыру: сәлемдесу, түгендеу

Барысы:

1-жүргізуші: Қазақ – сөз қадірін өз қадірім деп білген халық. Кендігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін сөзге сыйғызған. Оның тарихы, тағдыры, тәлімі мен тәрбиесі, даналығы мен дала көңілі де сол сөзде жатыр.

2-жүргізуші: Қазақ тарихында сөздің орны ерекше. Бітпес даудың, бәтуәсіз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған. Тұла бойдың тылсым сырын сырқа жаря еткен сезім, терең ақыл, кемел ой, арман-мұрат, мұң-сыр бәрі сыйған сиқыр сөздің бағасын біреу білсе, қазақтай-ақ білсін. Сондықтан да сөзден өткен күш, сөзден өткен құдірет жоқ.

1-оқушы: Шешендіктен не пайда

Артында сөз қалмаса,

Батырлықтан не пайда

Халқына қайрат қылмаса

Хандықтан да пайда жоқ

Қара шашын жаймаса

Молдалықтан пайда жоқ

Шариғатты өзгертіп

Надандарды алдса.

2-оқушы: Даралық сөз суырып салма ақындықпен туыстас. Аумалы-төкпелі алмағайып замандарды бастан кешкен халықтың өзіндік басқару жүйесі болды: ел қамын жеген ерлердің, сөзін сөйлеп жағдайын жайлаған шешендері, білімпаз билері болды. Би халықтың көкейіндегісін айтқан, көмейіндегісін жарыққа шығарған әділет жоқшысы.

1-жүргізуші: 120 жасқа келген Абыз бабаға Әсет би амандаса келеді де былай дейді.

Ассалаумагалейкүм, Абыз баба,

Жасыңыз келіп қапты 120-ға.

Атамыз айтып еді дейтұғын ұрпақтарға

Айтыңызшы өсиет бір асқан дана.....

3-оқушы: Өркенің өссін десең өршіл болма,

Кесапаты тиер еліңе.

Елім өссін десең өршіл болма,

Өркеніңді өшірерсің.

Басына іс түскен пақырға

Қастық қылма,

Қайғысы түсер басыңа.

Жанашыры жоқ жарлыға

Жәрдемші бол асыға,

Қиын қистау күндерде

Өзі келер қасыңа

Бүгін сағы сынды деп

Жақыныңды басын ба.

4-оқушы: Тату болса ағайын жақын,

Ақылшы болса апайың жақын.

Бауырмал болса інің жақын.

Алдыңа тартқан адал асын

Қимас жақын қарындасың,

Сыбайлас болсаң нағашың жақын.

Адал болсаң досың жақын,

Еркелейтін немерең жақын.

5-оқушы: Алтын ұяң Отан қымбат,

Құт-берекең-атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат,

Мейірімді апаң қымбат.

Асқар тауың әкең қымбат,

Туып-өскен елің қымбат.

Ұят пенен ар қымбат,

Кіндік кескен жер қымбат.

6-оқушы: Арадан шыққан жау қиын, таусылмайтын дау қиын,

Шанышқыланған сөз қиын

Жазылмаса дерт қиын.

Іске аспаған серт қиын

Ақылыңнан адасып

Өзің түскен өрт қиын.

Не істеріңді біле алмай

Ашиды сонда бас миың.

7-оқушы: Қызыл жасыл киінбесе

Қыздың сәні кірер ме.

Мың бұралып билемесе

Бидің сәні кірер ме,-дегендей келесі кезекті Айдананың биіне береміз.

8-оқушы: Ақыл-адамды аздырмайтын ем,

Білім таусылмайтын кен.

Адамның басшысы-ақыл

Жетекшісі-талап

Шолғыншысы-ой

Жолдасы-кәсіп

Қорғаны-сабыр

Қорғаушысы-мінез.

9-оқушы: Еліңе жақсы көп болса

Пайдасы ерге тиер.

Содырлы сотқар көп болса,

Еліне найзасы тиер

Ақылды кең болсаң

Әрқашанда халқын сүйер.

Басыңы үлкен қатер төнсе,

Үшке дейін қатты шыда,

Кең болсаң кем болмайсың

Деген сөз бар.

1-жүргізуші: Нартуғанның термесі «Қызыл тілім сөйлеші»

Иә, туған соң адам боп

Білімсізден жаман жоқ.

Ардақ тұтып үлкенді

Ата жолын жалғапты.

10-оқушы: Жақсыға үлкен кіші-бәрі жақсы,

Жасына бірге өскен көкесіндей.

Жақын адам алысты жақын етер,

Беттескен екі таудың өркешіндей.

«Дедім-ай ау»



Мұғалім: Қайтадан қайылып өмірге келмейсің,

Барыңды, нәріңді тіршікте бергейсің.

Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң-

Шын бақыт, осыны ұқ, мәңгілік өлмейсің.

Осымен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Ден қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

























































Бейнеу ауданы «Күйкен орта мектебі» ММ-сі



Мектепішілік олимпиадасында

Әдебиеттік оқу пәні бойынша

І орын алған

____________________________

Марапатталады



Мектеп директоры Ө.Шығанбайұлы








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Халы? т?рбиесі асыл ?азынам

Автор: Шаганова Бактыгул

Дата: 29.02.2016

Номер свидетельства: 300508


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства