Мультфильм к?ру. Б?л к?рген ?й жануарлары туралы сендерге ?нады ма? Ол не себепті ?й жануарлары деп аталады?
Олай болса, біз б?гін сендермен балалар жазушысы Бейсенбай Кірісбай?лыны? Хайуанаттар д?ниесі ?ле?імен танысамыз. 1-о?ушы т?йе жайлы о?ып, басты ерекшеліктерін айту. ?зі? білмейтін ?андай ?асиетін бай?ады?? Т?йені? иесін не дейді?
2-о?ушы сиыр туралы ?ле?ді о?ып, ?з ойын айтады.
3-о?ушы жыл?ы туралы ?з ойын, иесі туралы айтып кету.
4-о?ушы ?ойды? пайдасы ж?нінен жасалатын б?йымдар?а то?талады.
Просмотр содержимого документа
«Хайуанаттар дуниесі Б. Кірісбай?лы »
Сабактын такырыбы: Хайуанаттар дуниесі Б. Кірісбайұлы
Сабактын максаты: Төрт түлік туралы өлендерді мән беріп окуға, мәнерлеп окуға баулу Әр түліктін басты ерекшеліктерін атауға үйрету.
Дамытушылық: өлеңнен малдың бұрын өзін білмеген қасиетін байқауға әр түліктің иелерін есте сақтауға сөздік қорын дамыту, тіл байлығын арттыру
Тәрбиелілік:жан-жануарды сүюге, қамқорлық жасай білуге, ұлттық тәрбиеге бейімдеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, ой толғау.
Сабақтың көрнекілігі: төрт түлік суреттері, мақал-мәтелдер
Техникалық құрал, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын,
Ізгі әрі нәзік жарық мейірімді
Болып кетер сонда дереу жан жағым.
Үй тапсырмасын сұрау. (4-5 оқушы). Бекіту
Мультфильм көру. Бұл көрген үй жануарлары туралы сендерге ұнады ма? Ол не себепті үй жануарлары деп аталады?
Олай болса, біз бүгін сендермен балалар жазушысы Бейсенбай Кірісбайұлының Хайуанаттар дүниесі өлеңімен танысамыз. 1-оқушы түйе жайлы оқып, басты ерекшеліктерін айту. Өзің білмейтін қандай қасиетін байқадың? Түйенің иесін не дейді?
2-оқушы сиыр туралы өлеңді оқып, өз ойын айтады.
3-оқушы жылқы туралы өз ойын, иесі туралы айтып кету.
4-оқушы қойдың пайдасы жүнінен жасалатын бұйымдарға тоқталады.
5-оқушы ешкінің пайдасы оның түбітінен ең жақсы шәлі тоқылады.
Олай болса, балалар, енді мақал-мәтелдерге тоқталайық.
Мақал-мәтелдер
Қойшы көп болса, қой арам өледі.
Мал өсірсең, қой өсір
Өнімі оның көл көсір
Қуырдақтың әкесін
Түйе сойғанда көресің
Түйе тұзға келеді,
Күйеу қызға келеді.
Сырын білмеген аттың
Сыртынан жүгірме.
Жылқыда өт жоқ,
Құста сүт жоқ.
Сиыр сипағанды білмейді,
Жаман сыйлағанды білмейді.
Айдағанын бес ешкі,
Ысқырығың жер жарар.
Олай болса осы төрт түлікті қалай шақырады? Соған тоқталайық.
Жылқыны қалай шақырады?(құрау-құрау)
Түйені ше? (кос-кос)
Сиырды ше? (аухау-аухау)
Қойды қалай шақырады? (пұшайт-пұшайт)
Ешкіні лағына қалай шақырады? (шөре-шөре)
Олай болса, енді, балалар, тест сұрағына қалай жауап беретінімізді байқайық.
Тест тапсырмалары.
Еттен жасалатын тағамның түрі (бес әріп)
Сүттен жасалатын сүт тағамы (бес әріп)
Түйенің ең төзімдісі, әрі мықтысы қандай түйе? (үш әріп)
Нар жолында жүк қалмайды деуі содан.
Түйенің сүтінен ашытып жасалған қышқылтым сүт (бес әріп)
Қойдың терісінен жасалатын киім
Қандай асыл тұқымды ешкілердің жүні өте құнды?
Ал балалар, енді шаршаған боларсыңдар, сергіту сәтін жасаймыз.
Ой толғау. Біз бүгінгі сабағымызда төрт түлік туралы өтіп жатырмыз. Сондықтан төрт түліктің пайдасы тақырыбына эссе жазу. 2 минут.
Жазылған эсселерді оқу.
Бағалау.
Үй тапсырмасы: өзіне ұнаған өлең шумағын жаттау. Төрт түлік туралы біліп келу.
Сабақты қорыту. Мен бүгінгі сабақта не білдім, әлі де не білгім келеді?