Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға сөйлем,оның түрлер туралы толық түсінік беру.Мәтін құра білуге ,мәтінді ажыратуға ,сөйлемдердің түрлерін айыра білуге үйрету.ғылым сөзіне талдау жасау.Мақалдардың сыңарын таба білуге төсілдіру.Топпен шығармашылық жұмыс істеуге үйрету. 2.Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту,сөздік қорын,байланыстырып сөйлеу,шығармашылық ,есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту. 3.Оқушыларды жеке тұлға екенін түсіне білуге,ұқыптылыққа,мәдениеттілікке тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі:Суреттер,шығармашылық тапсырмалар,тірек сызбалары,ойындар,кестелер т.б.
Сабақтың әдісі :түсіндіру,сұрақ-жауап,көрнекілік,ізденушілік. Сабақтың түрі :жарыс сабақ.
Сабақтың барысы : 1.Ұйымдастыру бөлімі. .Шаттық шеңбері. -Қуанамын мен де, Өзін көрсетеді. Қуанасың сен де, Жанындағы досын көрсетеді Қуанайық достарым, Бір-бірінің қолдарынан ұстайды. Арайлап атқан күнге ! Қолдарын жоғары көтереді. . Тілек айту. -Мен өзіме және өзгелерге ашық аспан тілеймін. -Мен өзіме және өзгелерге нұрлы күн тілеймін.
Үй жұмысын тексеру
Топпен жұмыс
1-топ Күз
2-топ Жаңбыр
3-топ Құстар
4-топ Жапырақтар
(сөздерден сөйлем құрау,тақпақ)
1.Сөйлем дегеніміз не?Бір сөйлем айт.
2.Сөйлем неден құралады?
3.Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
4.Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады ?
5.Сөйлемнің соңына не қойылады?
Диафильм көру (сөйлем)
Сөйлем
Хабарлы сөйлем Сұраулы сөйлем Лепті сөйлем
Хабарлы сөйлем
Хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің соңынан нүкте (.) қойылады.
Күзде жыл құстары жылы жаққа қайтады.
Бүгін далада қар жауды.
Кітаппен жұмыс
1-топ 1-жаттығу
2-топ 2-жаттығу
3-топ 3-жаттығу
4-топ 4-жаттығу
Шығармашылық жұмыс
Сөйлемдер дұрыс құрылған ба? Түзетіп қайта жаз.
Саққұлақ ит жақсы. Мал күзетеді ол. Шапты қасқыр қораға бір күні. Тап берді оған Саққұлақ. Қорқып қаша жөнелді қасқыр.
Жатқа жазу диктанты
Тізбектеліп барады
Аспандағы тырналар.
Көзін алмай қарайды
Құмарланып балалар.
Сергіту сәті
Сызба бойынша сөйлем құра:
.
.
.
Өлең құрастыр
_______________ жұлмаймын,
________________ қумаймын.
________________ тыңдаймын
________________ сыйлаймын.
Оқушылардың білімін анықтауға арналған тест
Сөйлемнің неше түрі бар:
А) 2
Б) 1
В) 3*
2. Дұрыс сөйлемді тап
А) Оқиды Асхат сыныпта екінші
Б) Асхат екінші сыныпта оқиды.*
В) Сыныпта оқиды екінші Асхат
3. Хабарлы сөйлемнің соңынан қандай белгі қойылады?