Досты? пен бірлікті етіп т?л?а, Же?іске жеткен еді? талай сында.
?ара ?ылды ?а? жарып ?діл ?азым,
Е?бегін тап?ырларды? ?діл сына – деп ?діл ?азы ал?аларын сайлап алайы?.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?аза?ты? ?ырмызы ?ыз?алда?ы»
Тақырыбы : Қазақтың қырмызы қызғалдағы
Мақсаты: Қазақтың қырмызы қызғалдақ гүлін насихаттау,дүние танымын кеңейту,әдемілікті, көркемдікті сезіну талғамын қалыптастыру. Гүлге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу.Оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту.
Көрнекілік: слайд, бейне көрініс,арнайы дайындалған боямақтар стөлдер,күй табақтар,қортындылауға арналған ұсақ суреттер.
Түрі: интеллектуалды сайыс
Армысыздар, бүгінгі қызғалдақ мерекесіне жиылған қауым! Бүгінгі біздің
1 «в» сынып оқушыларының арасында өтілетін
«Қазақтың қырмызы қызғалдағы» атты интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер!
. Ендеше сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерді қошеметпен ортаға шақырайық.
« Қызыл қызғалдақ тобы» «Сары қызғалдақ тобы» «Күлгін қызғалдақ тобы»
Достық пен бірлікті етіп тұлға, Жеңіске жеткен едің талай сында. Қара қылды қақ жарып әділ қазым, Еңбегін тапқырлардың әділ сына – деп әділ қазы алқаларын сайлап алайық.
Сайысымыздың бағдарламасы мен таныс болайық.
Жарысқа 6 оқушыдан құралған үш топ қатысады. Қатысушылардың жалпы саны - 18. Ойын 5 кезеңнен тұрады. Топтар әр кезеңнің қортындысы бойынша ұпай жинайды. Бесінші айналымнан кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.
1-Таныстыру. (топтың аты ,ұраны,әні) Топ әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан алады
1-інші топ «Қызғалдақ»
Ұраны: «Қызғалдақтың гүл өңі,Отанымның жүрегі.
2-ші топ «Сарғалдақ»
Ұраны:
3-ші топ «Күлгін қызғалдақ».
Ұраны:
2- айналымның атауы – «Білгенге маржан». Топтарға қызғалдақ гүлі аясында әзірленген мәліметтері жайында айтқызу,өлең шумақ оқыту. Топ әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан алады.
«Қызғалдақ» тобы: Гүлдер тілінде қызғалдақ - махаббат сезімін жеткізу дегенді білдіреді. Бұл туралы мынадай парсы аңызы айтылады:"Парсы патшасы Фархад Ширих есімді сұлуға өлердей ғашық екен.Сондай тәтті сезімдермен мас болып жүрген патшаға бақталастары жас бойжеткеннің бақилық болғанын жекізеді. Ондай сұмдықты қабылдауға дәті шыдамаған Фархад тұлпарына мінеді де, айдалаға шауып кетеді. Сүйікті перизатынсыз өмірді қаламағандықтан, атын босатады да, өзі жардан құлап өледі. Патшаның құлаған жеріне қан ағып, олардың орнынақып-қызыл қызғалдақтар өсіп шыққан.
«Сарғалдақ» тобы:
Қызғалдақ туралы ең алғашқы деректер ІХ-ХІІ ғасырларға жатады. Гүлдің ол замандағы атауы - "дюльбаш", сөзді аударатын болсақ"тюрбан"деген мағынаны білдіреді. Тюрбан - Шығыста киілетін бас киім үлгісі.
Өз сарайларында тірі гүлден кілем төсеуді армандайтынтүрік сұлтандарыныңең сүйіктісі де осы сұлу гүл болған деседі. Өткен жолы өздеріңізгеқызғалдақтың Отаны туралы баяндағанболсақ, бүгін оның пайда болуы туралы әдемі аңыздардан сыр шерткелі отырмыз.
Ерте, ерте замандарда әлемнің бар бақытысары қызғалдақтың орамына жасырылып қойылған және оған жетіп, бақытқа қол жеткізуді армандамайтын адам болмаған деседі. Өкінішке орай, ондай бақ ешкімнің басына қонбайды. Айлар өтеді, жылдар өтеді, күндердің-күнінде ойын қуып, бейғам жүрген шынашақтай бала қолға сол гүлді алса, қауызы өзінен-өзі ашылып сала берген. Содан бері қызғалдақбейкүнәлілік пен тазалықты, пәктіктің нышаны саналып келеді.
Нақты деректер бойынша, қазақ даласындағы қызғалдақтарды зерттеу жұмыстары ХҮІІІ ғасырдың соңында басталған. Академик Питер Симон Паллас жетекшілік жасаған арнайы экспедиция 1771 жылы Солтүстік Қазақстан аймағында алғаш рет қазақ қызғалдағын зерттеп, баспа бетінде ол жөнінде ой-пікірлерін, зерттеу қорытындылары жариялайды. Қазір қазақстандық Лемон, Шренк, Борщов қызғалдақтары әлемге таныс болса, бұл атаулар қазақ қызғалдақтарын зерттеген адамдардың атымен аталған.
«Күлгін қызғалдақ» тобы:
Қызғалдақ (Tulipa) – лалагүлдер тұқымдасына жатады. Ол – көп жылдық шөптесін пиязшықты өсімдік. Қызғалдақ Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі. Өсімдіктер өмірін зерттеушілердің айтуынша, қазақ даласында қызғалдақтың 36 түрі бар, оның 18 түрі Қазақстанның эндемигі болып саналады. Бұлардың биіктігі 3-50 сантиметр, сабағы жұмыр, тік өседі, тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы болады. Гүл қоршауы ақ, қызыл, сары түсті. Жемісі қауашақ. Қызғалдақты қалалық жерлерде әсемдік үшін және одан хош иісті зат алу мақсатында өсіріп, баптап – күтеді. Қызғалдақтың 18 түрі өте сирек кездесетін гүлдер. Олар қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Бір ғажабы, сары, қызыл, ақ қызғалдақтар қазақ даласының барлық аймағында өскенімен, біз қара қызғалдақтарды тек қана Торғай жерінен кздестіретінбіз.
«Қызғалдақтар»тобы
Қызғалдақты талайлар жыр қылады, Кең даланы жұпарға толтырады, Көз жіберсең, шіркін-ай, қандай ғажап, Қызғалдақтар қиырда құлпырады.
Қызғалдақтың далада жатыр әні, Тыңдай білсең, әсем саз үн тұрады. Қызыл, сары, ақ түсті қыр гүлдері – Қызғалдақтар қиырда құлпырады.
Қыр гүлінен тарайды күн шуағы, Қыз сырындай кейде бір мұң тұрады. Қыздың күйін кешетін әдемі бір, Қызғалдақтар қиырда құлпырады.
Көктем сәні – қызғалдақ – гүл шырағы, Гүл теруге қыз тобы ынтығады. Тездетіңдер, сұлулар,қызғалдақтар, Тек көктемде жайқалып, құлпырады.
«Сарғалдақ» тобы:
Гүл терген бөктеріңде, Сүйетін,қысы,жазы,көктемін де, Туған жер,сенің алып құшағыңда Бір қызғалдақ өмірін өткеруде.
Сұлулықты айтпастан, сезінетін Жауыздықтан, жаттықтан безінетін, Туған жер, сенің алып құшағыңда, Сол қызғалдақ, еркелеп көз ілетін.
Қарсы тұрып, дауылға, жауынға да, Өзі өскен көреді тауын дара. Сол қызғалдақ, қиылып қалмаса екен! Күздің суық күнінде, дауылдар да.
Ол қызғалдақ шыдайды, шыдап бағар, Болашағы белгісіз сұрақ болар? Жауынға да, шыдайды дауылға да Мұңға батса, қайғырар, жылап та алар. Ол қызғалдақ шыдайды, шыдап бағар.
«Күлгін қызғалдақ» тобы:
3- айналымның атауы – «Әліппе». Үшінші кезеңде топтарға кез-келген 3 әріп таңдаиды. Топтар 1 минут уақыттың ішінде сол әріптен басталатын «Қызыл кітапқа» енген қызғалдақтарды атауы тиіс. . Нәтижесінде, барынша көп сөз айтқан топ жеңіске жетіп, осы кезеңде 5 ұпай алады. Жеңілген топ ұпай алмайды.
4- айналымның атауы – «Боямақ». Бұл айналымда топтарға боямақтар үлестіріледі. Топтар сол суретте жасалған гүлдің түсін тауып бояу керек.Және өз тобымен суретін немесе макетін жасап шығады. Қай топ бірінші болса, сол топ кезеңнің жеңімпазы атанып, 5-ұпай алады. Жеңілген топ ұпай алмайды.
V айналымның атауы – «Өнер» деп аталады. Топтар кезекпен 3 минутқа созылатын өнер көрсетеді. Топтың мақсаты –3 минуттың ішінде тобымен өнер көрсетуі керек. Барынша жақсы өнер көрсеткен топ кезеңде жеңіске жетіп, 5 ұпай иеленеді. Жеңілген топ ұпай алмайды.
Бесінші кезеңнен кейін ойынның жалпы есебі анықталып, бағдарламаның жеңімпазы анықталады. Жүргізуші топтарды марапаттап, жеңімпаз топтың көшбасшысына арнайы мадақтама табыстайды
Сайысымыздың бағдарламасы мен таныс болайық.
Жарысқа 6 оқушыдан құралған үш топ қатысады. Қатысушылардың жалпы саны - 18. Ойын 5 кезеңнен тұрады. Топтар әр кезеңнің қортындысы бойынша ұпай жинайды. Бесінші айналымнан кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.
1-Таныстыру. (топтың аты ,ұраны,әні) Топ әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан алады
2- айналымның атауы – «Білгенге маржан». Топтарға қызғалдақ гүлі аясында әзірленген мәліметтері жайында айтқызу,өлең шумақ оқыту. Топ әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан алады.
3- айналымның атауы – «Әліппе». Үшінші кезеңде топтарға кез-келген 3 әріп таңдаиды. Топтар 1 минут уақыттың ішінде сол әріптен басталатын «Қызыл кітапқа» енген қызғалдақтарды атауы тиіс. . Нәтижесінде, барынша көп сөз айтқан топ жеңіске жетіп, осы кезеңде 5 ұпай алады. Жеңілген топ ұпай алмайды.
4- айналымның атауы – «Боямақ». Бұл айналымда топтарға боямақтар үлестіріледі. Топтар сол суретте жасалған гүлдің түсін тауып бояу керек.Және өз тобымен суретін немесе макетін жасап шығады. Қай топ бірінші болса, сол топ кезеңнің жеңімпазы атанып, 5-ұпай алады. Жеңілген топ ұпай алмайды.
5- айналымның атауы – «Өнер» деп аталады. Топтар кезекпен 3 минутқа созылатын өнер көрсетеді. Топтың мақсаты –3 минуттың ішінде тобымен өнер көрсетуі керек. Барынша жақсы өнер көрсеткен топ кезеңде жеңіске жетіп, 5 ұпай иеленеді. Жеңілген топ ұпай алмайды.
Бесінші кезеңнен кейін ойынның жалпы есебі анықталып, бағдарламаның жеңімпазы анықталады. Жүргізуші топтарды марапаттап, жеңімпаз топтың көшбасшысына арнайы мадақтама табыстайды.