Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі п?ні "?ыс?ар?ан с?здер" 4-сынып Атам?ра баспасы»
Қазақ тілі
4 сынып
Сабақ № 62
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Қысқарған сөздер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларға қысқарған сөздерді таныту. Сөздердің лексикалық мағынасын байқату.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру.Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді пысықтау сабағы.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Сөйлем , суреттер, қи мақағазар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:. Ереже жаттау
Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.
Қаратпа сөз Қыстырма сөз
СӨЗ
Күрделі сөздер Біріккен сөз
Қос сөздер Қысқарған сөздер
Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі).
41−жаттығу. Мәтінді оқып, мазмұнын түсініп ал.
ҚР, КСРО сөздерінің басқа сөздерден қандай ерекшелігі бар? Оардың толық атауын жаз.
Бірнеше сөзден тұратын атаулар қықартылып айтылады: АҚШ, ҚХР, педкеңес, кг. Бұларды қысқарған сөздер дейміз.
43−жаттығу. Төмендегі сөйлемдерді көшіріп жаз. Қысқарға н сөздерге жалғаулардың қалай жалғанғанын түсіндір.
Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір.
Қазақстан Президенті АҚШ−қа ресми сапармен барып қайтты. Мараттың шешесі ҚазМҰУ−де дәріс оқиды. ҚР−дың дың өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар. Ол − дүние жүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігінің халықаралық мәселелерді кеңесіп шешетін ұйымы БҰҰ−ға мүше. Қырғыз Республикасының астанасы Бішкекте ТМД елдері басшыларының кеңесі болып өтті.
44−жаттығу. Қысқарған сөздерді көшііріп жаз.
Орлардың әрқайсысының толық атауын тұсына жаз.
Үлгі: АҚШ − Америка Құрама Штаттары
ҚР, ҰҒА, ҚазМҰУ, педкеңес
Сергіту жаттығулары.
45-жаттығу.
Қосымша жұмыстар.
. Сөйлемдердегі қысқарған сөздерді теріп жаз.
Олар қалай жасалған?
Қысқарған сөздердің толық атауын айт.
Біздің мектептің мұғалімі Ақтай Нұрышұлы ағай − облмаслихаттың депутаты. Біздің сыныптың сабақ үлгерімі мен тәртібі педкеңесте жақсы бағаланды. Дәуреннің ағасы педколледжде оқиды.
Сөйлемдерді оқып, қысқарған сөздерді тап.
Қысқарған сөздердің таолық атауын айт.
Мұндағы қысқарған сөздер қалай жасалған?
Алматы әуежайында бұрыннан бар «Ил−18», «Ту−134», «Як−40» сияқты ұшақтарға қоса алыс шетел компанияларының әйгілі ұшақтары да жиі қонатын болды. Айгүлдің әпкесі ҚХР−ге туристік жолдамамен барып қайтты. Дарханның ағасы АҚШ−та оқып жүр. Біздің сынып пединституттың студенттері практикада болды.