Кіріспе Топтарға бөліну | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Оқушыларға жұп құрып, шеңберге тұруларын ұсыну. Дөңгелене тұрайық Керегені құрайық Уық болып иіліп, Шаңырақ болып киіліп Достық үйін құрайық Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек.Олай болса бізде қол ұстасып бүгінгі сабағымызды бірлікте, ынтымақта өткізейік. «Шаңырақ» әдісі арқылы топтарға бөліну(түрлі-түсті таспалардың түстерін таңдау.) 1 – «Ақ» 2 – «Қоңыр» 3 – «Сары» 4 – «Жасыл» | Оқушылар шеңбер құрып, ынтымақ туралы тақпақ айтады. Балалар таспадан өзі ұнатқан түстерді таңдап, топқа қалай бөлінетіндіктерін тауып, 4 топқа бөлінеді. Көңілдері көтеріледі. |
Тұсаукесер | Топ ережесін еске түсіру. 1. Сабаққа кешікпеу 2. Мұғалімді тыңдау 3. Уақытты үнемдеу 4. Сабақта белсенді болу 5. Бір-бірін тыңдау Үй тапсырмасы 3-жаттығу Құпия суреттер – мына сурет бойынша ережеге қатысты сұрақтар сұралады. Бұл не? деп СҰРАМАҢЫЗ 1.Сөйлемнің дара мүшесі туралы не айтуға болады? 2.Туынды сөз дегеніміз не? 3.Түбір сөздің соңғы буынының жуан болуына қарай қосымшаның да жуан жалғануы туралы не айтуға болады? 4.Кім деген сұраққа жауап беретін сөз табы? 5.Адамның кәсібіне қатысты атауды білдіретін сөз табына қандай жалғау жалғанады? 7. Жіктік жалғауының III жағы 8. Бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылатын сөздер? | |
Негізгі бөлім | Серпілген сауал арқылы жаңа тақырыпты ашу. Оқулықпен жұмыс «Детальдарын қосу» әдісі арқылы 1 –жаттығу орындалады(жұптық жұмыс). Жұпта жұмыс істеу кезінде білімдерініңізді көрсету үшін сөйлемді кеңейтуіңіз қажет. I топтың жұптары: Бастапқы сөйлемнің мысалы: Бақта ақ,қызыл,сары, гүлдер қаптап өсіп тұр.(бірыңғай тұрлаусыз мүшелер бастауышпен байланысқан) II топтың жұптары Бастапқы сөйлемнің мысалы: Есік алдында атам,әкем, анам,әжем жүр екен.(бірыңғай бастауыш, баяндауышпен байланысқан) III топтың жұптары: Бастапқы сөйлемнің мысалы: Сексеуіл, жантақ-шөл өсімдіктері.(бірыңғай бастауыш, баяндауышпен байланысқан) IV топтың жұптары Бастапқы сөйлемнің мысалы: Әкем мен ағам бақшадағы арамшөптерді жұлды,жинады.(бірыңғай бастауыш, баяндауышпен байланысқан) Шығармашылық жұмыс Топтық жұмыс 2-жаттығу Үш тілде сөздік жұмысы жүргізіледі. I топ Қыс тақырыбына сурет салады. II топ Жаз тақырыбына «ТАРИХИ СӘТ» Бүгінгі сабақты тарихи оқиға ретінде баяндау. Сіздің оқиғаңыздың басы, ортасы және аяғы болуына көз жеткізіңіз. Оқиғаны әртүрлі жанрда айтуға болады. Мысалы: ертегі ,мәтін 1997 жыл – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы Жарлыққа қол қойды 1998 жыл – жаңа елорданы аты Астана деп өзгертілді III топ Көктем тақырыбына қызықты мәлімет жинайды. Интернет желісі арқылы. 1.Бесқонақ-Наурыздың 17-21 аралығында болатын жауын- шашын.Бес күнге созылатын лайсаң күнді «бесқонақ» деп атаған. IV топ Күз тақырыбына сөйлем құрайды. Семантикалық картамен жұмыс Сергіту сәті Тақтамен жұмыс Жеке жұмыс 4-жаттығу Төрде тұрған тақтадан Түрлі бейне тапты ағам: Тоқылдақ, торай,тырнаны, Торпақ,тышқан,тұлпарды, Терек,тауық,тырманы. Тоқылдақ та, торай да, тырна да Торпақ пен тышқан, тұлпар да, Терек пен тауық, тырма да | Оқып,жұпта талқылап, жаттығуды орындайды. Жұптағы оқушылар бірін-бірі бағалайды. Оқушылар топта бірлесіп орындап, қорғайды. Топ басшысы бағалайды. Мәнерлеп оқып, тақтаға орындайды. |
Қорытынды | Конверт-сұрақ 2-3 сұрақ жазып, конвертке салыңыз (оқу мақсатына қарай). Әрбір оқушыда өзінікі болатындай етіп, бірнеше конверт дайындаңыз. Әрқайсысына екі минут беріңіз: оқушы стикерде атын және жауабын жазады. Стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқыңыз (аттарын атамастан); сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды. | Оқушылар стикерге жауап жазады,талқылайды. |