kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? тілінен ашы? саба? "Ода?ай"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данный урок предназначен для закрепление прошедших уроков.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? тілінен ашы? саба? "Ода?ай"»

Сабақтың тақырыбы: Одағай.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға одағай және оның түрлерімен  таныстыру, алғаш мағлұмат беру.

Күтілетін нәтиже:

пәндік:одағай сөздер таңырқау,қуану,шаттану,ренжу,

түңілу,өкіну,шошыну,жекіру,күрсіну сияқты көңіл күйлерін білдіретін немесе жан жануарларды,малды шақыру,қуу үшін қолданылатын түсіндіру;

тұлғалық:одағай сөздер,олардық мәні мен емлесі туралы берік білім,білік дағдыларын қалыптастыру;

жүйелік- әрекеттік: сабақ барысында туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру,ұлтжанды,өз ұлтын сүйетін жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, оза оқыту, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, суреттер ,бағалау қағаздары

Сабақтың пәнаралық байланысы:  әдебиеттік оқу, қимылды ойын.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру бөлімі: Психологиялық  дайындық.

І.Қызығушылықты ояту:

Дәптерлеріне бүгінгі күнді,сынып жұмысын  жазу.

- Тақтадағы сызбаға,торкөздерге көңіл аударайық. Ерекше торкөздерден біз жаңа сөз туралы ұғым аламыз.

Әріпжұмбақты шешу. Әріптері бар жасырынып тұрған сөзді табайық, сонда біздің бүгінгі жаңа тақырыптың атын оқи аламыз.

1.Оқу да бар,

 Жазуда жок (О)

2.Дала да бар,

Жаға да жоқ (Д)

3.Шегеде жоқ,

Таста бар (А)

4.Ғарышта бар,

Сайыста жоқ (Ғ)

5.Шанада бар,

Әнде жоқ (А)

6.Торғайда бар,

Алауда жоқ (Й)

Одағай сөзі шықты.

-Бұрын одағай деген сөзді естідіңдер ме?

II.Мағынаны тану:

- Одағай сөз дегеніміз - адамның әр алуан көңіл күйін білдіреді, басқа сөздермен байланысқа түспейді, сөйлем мүшесі болмайды. Одағайларға қатысты тыныс белгілеріне, дауыс ырғағына назар аудару керек.

- Бүгінгі өтетін тақырыбыз: «Одағай» деп аталады. О-һо! Міне, қызық! Одағайдың түрлері бар. Түрлерінің өзі қызық! Одағай сөзін буынға бөлейікші!

- О-да-ғай.

- Неше буын бар?

- 3 буын бар.

- Қызықтың өзі осында. Одағай сөзінде  қанша буын болса, сонша түрі  болады. Бірінші түрі, ол -  Көңіл күй одағайлары деп аталады. Көңіл күй одағайлары қандай мағынаны  білдіруі мүмкін?

- Қуану, шаттану, таңдану, жылау,армандау, өкіну, ренжу, т.б.

- Ал екінші түрі - шақыру одағайлары  деп аталады. Шақыру одағайлары нені білдіруі мүмкін? Кімнің қандай ойы бар?

- Білімге шақыру, мектепке шақыру,  төлді шақыру.

- Керемет! Ойларың керемет екен. Шақыру одағайлары – ол ит, құс, малды шақыру, мысалы: моһ-моһ, шөре-шөре, кә-кә, т.б. және оларды қуумен байланысты.

- Үшінші түрі  ол – жекіру одағайлары. Ол – тыйым салу мағынасын білдіреді. Мысалы: тәйт, жә.


Одағай

Көңіл күй-----Шақыру------Жекіру

- Ендеше, үш одағайдың  түрлеріне бір-бір одағай айтып, көркем етіп жазалық.

Бәрекелді, шөре - шөре,тәйт.

 Берілген сөздерді дәптерге жазып алу.

Оқулықпен жұмыс.

1- жаттығу. Сөйлемдерді тиісті дауыс ырғағымен оқу. Одағайларды табу. астын сыз. Жақсы оқығандарды қол соғып құрметтеу.

Сергіту сәті


«Жаз келді, алақай!» Қимылмен көрсетіп, әнді айту.

  • Балақай-ау,балақай,

  • Жаз келеді,алақай!

  • Жалаң аяқ жүреміз,

  • Балақты да түреміз.

  • Сайдан жидек тереміз,

  • Көлден балық сүземіз,

  • Жалтылдатып тіземіз.

  • Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей

Төмендегі сөйлемдердегі одағайдың астын сызыңдар.

  • 1. Әй, шырағым балам, әуелі ар жағында әкең тұр, соған сәлем бер.

  • 2. Уа, қой деймін,бала!

  • 3.Ойпырым-ай, мынау не деп отыр өзі?

ІІ деңгей

Көп нүктенің орнына тиісті одағай сөздерді қойыңдар.

  • 1. ..., әжем ауылдан қонаққа келді!

  • 2. ..., мынау не деп тұр!- деді атам.

  • 3. ..., ... әзер жеттім.

Керекті сөздер: аһлеп, уһлеп, алақай, ойпырым-ай.

 

ІІІ деңгей

Төмендегі одағай сөздермен сөйлем құраңдар.

Шіркін-ай, әй, ух, ойпыр-ай,қап.

Семантикалық карта

Одағай: Көңіл күй. Шақыру. Жекіру

  • Алақай +

  • Тү-у +

  • Кә-кә +

  • Тәйт +

  • Япырай +

  • Шіп-шіп +

III. Ойтолғаныс:

Практикалық тапсырмалар

- Жас «Алақай!» журналы өзін шыңдау үстінде. Өзінен біршама жас үлкен «Балдырған», «Айгөлек», «Мөлдір бұлақ» журналдары қонаққа келіп тұр. Журналдардың сендерге 1-2 тапсырмалары бар екен. 

 

«Балдырған» журналы. 

Сиқыршы бос чемоданға мысықты салып, қақпағын жапты. Біраздан кейін ашып еді, ішінен күшік шықты. Көрермендердің бет пішіні қандай болады? (таңдану)

 

«Айгөлек» журналы.

Жолаушы жылауықтар еліне тап болды. Біреуін жұбатса, екіншісі жылап, әбден мазасы кетті. Балалар бәрібір жылауын қоймайды. Жылауықтардың бет пішіні қандай болады? (жылау)

 

«Мөлдір бұлақ» журналы. Мараттың досы бар еді. Жазғы демалыста досы ауылға кетті, Марат қалада қалды. Ол досын қатты сағынды. Бір айдан кейін досымен көшеде кездесіп  қалды. Олардың бет пішінінде қандай өзгерістер болады?ү.,(қуану).

 

-Балалар, одағайды күнделікті өмірде жиі қолданамыз. Тапсырмаларды орындағанда адамдардың қандай көңіл-күйлерін көрдіңдер?

-Қуану, таңдану, жылау.

Сабақты қорыту:

Рефлексия .

Сонымен, бүгінгі сабақта не өттік?

Семантикалық картаға толтырады.  

Бағалау: Бағалау парағы арқылы әр оқушы өз білімдерін бағалайды.

Үйге тапсырма:

Ереже , 5-жаттығу.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
?аза? тілінен ашы? саба? "Ода?ай"

Автор: Кожасова Айгуль Сабитовна

Дата: 02.05.2016

Номер свидетельства: 323744


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства