kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? тілі ашы? саба? "Ода?ай"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Металлдан, ?йнек пен бетоннан жасал?ан б?л «терек» с?улеттік ма?ынасы жа?ынан да, жасалуы жа?ынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл ??рамасынан, салма?ы 1000 тоннадан жо?ары бес ж?зге жуы? ?ададан т?рады. Есіл ?зеніні? сол жа?алауында бой к?терген з?улім «Б?йтеректі?» биіктігі 97 м (Астана ?аласыны? елорда статусына ие бол?ан жыл?а байланысты та?дал?ан), диаметрі 27 м; негізгі есікке бастайтын ?шекейлі темірбетон саты жер бетінен 4,8 м жо?ары орналас?ан. ?лемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік ж?не салма?ы 300 тоннадан т?ратын к?нні? т?суіне ?арай т?сін ?згертетін «хамелеон» ?йнегінен жасалын?ан шар биіктігі жа?ынан рекорд?а (?лемдегі е? ?лкен шарды? е? биіке к?терілуі бойынша) ие болды. «Б?йтерек» нысаны ?ш б?ліктен т?рады; жер асты б?лігі ?лтты? тамыр жаюы, ал одан кейінгілері ?ркендеу кезе?деріні? нышандарын білдіреді. Е? жо?ар?ы жа?ында «Аялы ала?ан»
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі ашы? саба? "Ода?ай"»

Одағай

Тақырыбы: Одағай

Мақсаты: Оқушыларға одағай және оның түрлерімен  таныстыру, алғаш мағлұмат беру.

Міндеттері:

Білімділік. Оқушыларға жаңа сөз табы  одағай туралы мағлұмат беріп, одағайдың  түрлері, айтылу ерекшеліктері, жазылу емлесі жайлы  кеңірек түсінік беру,сөйлем ішінен тауып, түрлеріне ажыратуды үйрету.

Дамытушылық. Оқушылардың  есте сақтау қабілеттері мен сөздік қорларын арттыру, өз ойларын  жүйелі түрде жеткізе білуін, таным деңгейін дамыту.

Тәрбиелілік. Оқушыларды  техникалық – ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге, сауатты жазуға баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, оза оқыту, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, слайд, суреттер ,бағалау қағаздары

Сабақтың пәнаралық байланысы:  әдебиеттік оқу, қимылды ойын.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру бөлімі: Психологиялық  дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасыҮстеу дегеніміз не? Шылау дегеніміз не? қорытындылау/

1.Іс- әрекеттің мезгілін,мекенін,сын- қимылын білдіретін сөз табын ....... дейміз.

а. сын есім

ә. есімдік

б. үстеу

2.Үстеу қандай сұрақтарға жауап береді?

а. қандай? қалай? қашан?

ә. қалай?қашан? қайда?

б. қашан?қай?нелер?

3.Көп нүктенің орнына тиісті шылау сөзді жазыңдар: Елдің болашағы... ойлаған жөн.

а. үшін

ә. дейін

б. туралы

4. Шылау дегеніміз ...

а. мағынасы бар сөйлем мүшесі

ә. өз алдына толық мағынасы жоқ сөздер

б. көңіл күй білдіретін сөздер

5.Дейін,шейін сөздері қандай сөздер?

а. одағай

ә. шылау

б. қаратпа сөз

ІІІ. Жаңа сабақ

Дәптерлеріне бүгінгі күнді,сынып жұмысын, тақтадағы  әріпті  жазу.

Оо (қандай дыбыс) Олар орманға  барды.

- Тақтадағы сызбаға,торкөздерге көңіл аударайық. Ерекше торкөздерден біз жаңа сөз туралы ұғым аламыз.

Әріпжұмбақты шешу.Әріптері бар жасырынып тұрған сөзді табайық, сонда біздің бүгінгі жаңа тақырыптың атын оқи аламыз.

1.Оқу да бар,

 Жазуда жок (О)

2.Дала да бар,

Жаға да жоқ (Д)

3.Шегеде жоқ,

Таста бар (А)

4.Ғарышта бар,

Сайыста жоқ (Ғ)

5.Шанада бар,

Әнде жоқ (А)

6.Торғайда бар,

Алауда жоқ (Й)

Одағай сөзі шықты.

-Бұрын одағай деген сөзді естідіңдер ме?

Одағай сөз дегеніміз - адамның әр алуан көңіл күйін білдіреді, басқа сөздермен байланысқа түспейді, сөйлем мүшесі болмайды. Одағайларға қатысты тыныс белгілеріне, дауыс ырғағына назар аудару керек.

- Бүгінгі өтетін тақырыбыз: «Одағай» деп аталады. О-һо! Міне, қызық! Одағайдың түрлері бар. Түрлерінің өзі қызық! Одағай сөзін буынға бөлейікші!

- О-да-ғай.

- Неше буын бар?

- 3 буын бар.

- Қызықтың өзі осында. Одағай сөзінде  қанша буын болса, сонша түрі  болады. Бірінші түрі, ол -  Көңіл күй одағайлары деп аталады. Көңіл күй одағайлары қандай мағынаны  білдіруі мүмкін?

- Қуану, шаттану, таңдану, жылау,армандау, өкіну, ренжу, т.б.

- Ал екінші түрі - Шақыру одағайлары  деп аталады.Шақыру одағайлары нені білдіруі мүмкін. Кімнің қандай ойы бар?

- Білімге шақыру, мектепке шақыру,  төлді шақыру.

- Керемет! Ойларың керемет екен. Шақыру одағайлары – ол ит, құс, малды шақыру, мысалы: моһ-моһ, шөре-шөре, кә-кә, т.б. және оларды қуумен байланысты: пырс, ара.

- Үшінші түрі  ол – Жекіру одағайлары. Ол – тыйым салу мағынасын білдіреді. Мысалы: тәйт, жә.



Одағай

Көңіл күй-----Шақыру------Жекіру

- Ендеше, үш одағайдың  түрлеріне бір-бір одағай айтып, көркем етіп жазалық.

Бәрекелді, шөре - шөре,тәйт. Берілген сөздерді дәптерге жазып алу.

563-жаттығу. Сөйлемдерді тиісті дауыс ырғағымен оқу. Алғашқы үш сөйлемді көшіріп жазып, одағайлардың астын сыз. Жақсы оқығандарды қол соғып құрметтеу.

Сергіту сәті

«Жаз келді, алақай!» Қимылмен көрсетіп, әнді айту.

  • Балақай-ау,балақай,

  • Жаз келеді,алақай!

  • Жалаң аяқ жүреміз,

  • Балақты да түреміз.

  • Сайдан жидек тереміз,

  • Көлден балық сүземіз,

  • Жалтылдатып тіземіз.

 

Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей

Төмендегі сөйлемдердегі одағайдың астын сызыңдар.

  • 1. Әй, шырағым балам, әуелі ар жағында әкең тұр, соған сәлем бер.

  • 2. Уа, қой деймін,бала!

  • 3.О йпырым-ай, мынау не деп отыр өзі?

ІІ деңгей

Көп нүктенің орнына тиісті одағай сөздерді қойыңдар.

  • 1. ..., әжем ауылдан қонаққа келді!

  • 2. ..., мынау не деп тұр!- деді атам.

  • 3. ..., ... әзер жеттім.

Керекті сөздер: аһлеп, уһлеп, алақай, ойпырым-ай.

 

ІІІ деңгей

Төмендегі одағай сөздермен сөйлем құраңдар.

Шіркін-ай, әй, ух, ойпыр-ай,қап.

Семантикалық карта

Одағай Көңіл күй Шақыру Жекіру

  • Алақай +

  • Тү-у +

  • Кә-кә +

  • Тәйт +

  • Япырай +

  • Шіп-шіп +

Біздің қолымыздан келеді

 

Практикалық тапсырмалар

- Жас «Алақай!» журналы өзін шыңдау үстінде. Өзінен біршама жас үлкен «Балдырған», «Айгөлек», «Мөлдір бұлақ» журналдары қонаққа келіп тұр. Журналдардың сендерге 1-2 тапсырмалары бар екен. 

 

«Балдырған» журналы. 

Сиқыршы бос чемоданға мысықты салып, қақпағын жапты. Біраздан кейін ашып еді, ішінен күшік шықты. Көрермендердің бет пішіні қандай болады? (таңдану)

 

«Айгөлек» журналы.

Жолаушы жылауықтар еліне тап болды. Біреуін жұбатса, екіншісі жылап, әбден мазасы кетті. Балалар бәрібір жылауын қоймайды. Жылауықтардың бет пішіні қандай болады? (жылау)

 

«Мөлдір бұлақ» журналы. 

Мараттың досы бар еді. Жазғы демалыста досы ауылға кетті, Марат қалада қалды. Ол досын қатты сағынды. Бір айдан кейін досымен көшеде кездесіп  қалды. Оардың бет пішішінде қандай өзгерістер болады?

(қуану).

 

-Балалар, одағайды күнделікті өмірде жиі қолданамыз. Тапсырмаларды орындағанда адамдардың қандай көңіл-күйлерін көрдіңдер?

-Қуану, таңдану, жылау.

Қарлы кесек ойыны. (Снежный ком)

Правила игры, сейчас у кого будет предмет, должен сказать одно слово, связанное с сегодняшней темой. Он должен передать предмет другому учащемуся, тот продолжает, например, 1. Алақай 2. Алақай ауылға 3. Алақай ауылға барамыз!. А другой учащийся записывает на доске.  

Сабақты қорыту:

 

Сонымен, бүгінгі сабақта не өттік?

Одағай  дегеніміз не?

Одағай туралы не білеміз?

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
?аза? тілі ашы? саба? "Ода?ай"

Автор: ?осанова Гулаш Кобегеновна

Дата: 05.01.2016

Номер свидетельства: 272423


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства