Пәні: | Әдебиеттік оқу |
Бөлімі: | Менің туған өлкем |
Күні: | |
Педагогтің аты-жөні: | |
Сынып: 2 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Еліммен мақтанам М.Әлімбай «Біздің Отанымыз – Қазақстан» |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 2.2.3.1 – мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау; 2.2.9.1 – сұраққа жауапты анықтамалық кітаптардан, жинақтардан, сөздіктерден табу және ақпаратты берілген үлгі кестеге салу. |
Сабақтың мақсаты | Мәтіндегі негізгі ойды табу Қосымша мәліметтер іздеп, толықтыру |
Құндылықтар | денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету |
Р.Л Сабақ барысы |
Сабақтың кезеңі/уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы (2 мин) | Ұйымдастыру кезеңі: Біз қандаймыз? Әдемісің,әдептісің Ақылдысың,тәртіптісің Сенімдісің, талаптысың Тәп-тәтті балдаймыз Психологиялық тренинг Көздерімізді жұмып, қазір ұшақпен Астанаға ұшамыз, кәне бәріміз Астанамызды елестетейік, Астана қандай ғажап қала! Тағы да ұшаққа отырып, биікке көтерілеміз. Барлық Қазақстанның үстіне әуелете ұшып жүрміз,ұшып жүрміз. Енді қаламызға қайта оралайық. - Қиял әлеміне еріп қайда бардық? Сендерге қиял әлемі саяхаты ұнады ма? Несімен ұнады? - Ал, өздерің осы Қазақстанның қандай көрікті жерлерін білесіңдер? - Картамен жұмыс Қазақстан картасы төрт бөліктен тұрады.Оңтүстік , Солтүстік , Батыс , Шығыс Қазақстан. Біздер Шығыс Қазақстанда орналасқанбыз. - Өсіп азамат болғанда өз елдерің, туған жерлерің үшін қандай қызмет жасар едіңдер? - Иә, өз туған жерін көркейту, әр адамның перзенттік борышы. Өйткені ол біздің Отанымыз. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл деген дана халқымыз. | Оқушылар сабаққа назар аударады. Оқушылар әр қатарға хормен жауап береді Картамен жұмыс | | https://www.youtube.com/watch?v=qM2j9lq_pEw |
Сабақтың ортасы (5 мин) 10 мин | - Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашып алу үшін мына «Пазл құрастыр» ойынын ойнайық 1.- Біздің Отанымыз? (Қазақстан) 2.-Ал енді осы Қазақстан қандай ел? (тәуелсіз, егеменді) – 3.-Отанымыздың астанасы қай қала? (Астана) 4.-16 желтоқсан қандай мереке? 5.-Мемлекеттік рәміздерге не жатады? 6.-Қазақстан Республикасы Туының авторы кім? «Ой қозғау» әдісі Сурет бойынша сөйле. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау Автор туралы әңгімелеу «Біздің Отанымыз – Қазақстан» Мәнерлеп оқу. Видео роллик тамашалау Оқулықпен жұмыс «Түртіп алу » әдісі ЕББҚ Мәтін не туралы? Талқылау сұрақтары: 1.Мәтіннен өзіңе қажет қандай ақпарат алдың? | Learningapps платформасы арқылы тексеріледі Оқушылардың жауабы тыңдалады. Сурет бойынша білетін ақпаратымен бөліседі Сұраққа жауап береді 1. автор туралы әңгімелейді 2.мәтінді тыңдап, көзбен жүгіртіп оқу әдісі арқылы бірге оқып,мұғалім кдіріс жасаған жерді жалғастырып оқу Ойын «Қар кесегі» | Дескриптор: -тәуелсіздік сөзінің мағынасын анықтайды (1б) Мадақтау Дескриптор: -автор туралы әңгімелейді(1б) -мәтіннің мазмұнын сұрақтар қояды (1б) Дескриптор: -сұраққа жауап береді Дәрумендер арқылы бағалау (жауабына қарай) Сұраққа жауап береді | М.Әлімбайдың суреті оқулық 101 – 102 бет https://youtu.be/LPi7bOYxj1U?si=CcaDh8xACCNhWwgC |
10 мин Сергіту сәті 2 минут | 2 – тапсырма Жеке жұмыс «Адасқан сөздер» ойыны Автор елін таныстыруды неден бастаған? Қалай жалғастырған? Мәтінге сүйеніп жаз. Қазақстанның шекарасы,табиғаты, қазбалары Елдегі дәнді дақылдар мен жемістер Қазақстаннан шыққан ұлы тұлғалар | 1. мәтіннің басталуын жазады 2.мәтіннің жалғасуын жазады 3.мәтіннің аяқталуын жазады Сұраққа жауап береді Жұппен тексереді Менің –Отаным Қазақстан әнін орындайды | «Комментарий» арқылы Дескриптор: -мәтіннің басталуын жазады(1б) -мәтіннің жалғасуын жазады(1б) -мәтіннің аяқталуын жазады(1б) Дескриптор: -тапсырманы орындайды | Оқулық 100- бет Дәптер қаламсап Таратпа |
Сабақтың соңы 9 мин | Топтық жұмыс 1-тапсырма Әр топқп дәнді дақылдар таратылып береді Тапсырманы орындауда қолдау көрсету 2-тапсырма Әртопқа қазбалар таратылып беріледі 3-тапсырма Шығармалардан үзінді беріледі авторымен атын анықтау 4- тапсырма Бақша дақылдары,жеміс,жидек,көкөніс беріледі пазл құрастырады Талқылау сұрақтары: 1. Автор елін таныстыруды неден бастаған? | Дәнді дақылдарды ажыратып,қандай дәрумендер бар екенін айтады Қажеттілігін жазады Балалар өлеңді айтып, жаттығу жасайды Шығармалардан үзінді беріледі авторымен атын анықтайды Бақша дақылдары,жеміс,жидек,көкөніс беріледі пазл құрастырады, қандай дәрумендер бар екенін атйады | «Комментарий» арқылы Дескриптор: -1 тапсырманы орындайды(1б) -2 тапсрманы орындайды(1б) -3 тапсырманы орындайды(1б) 4 тапсырманы орындайды (1б) Дескриптор: -тапсырманы орындайды | Таратпа қаламсап |
Рефлексия 7 мин | «Дәрумендер» әдісі (Бағалау) Бүгінгі сабақты толық түсіндім (9,10 дірумен) Бүгінгі сабақты түсіндім, сұрағым бар(7,8 дәрумен) Бүгінгі сабақты түсінбедім (5,6 дәрумен) Үйге тапсырма Өлкемнің ғажайып жерлерін ұлдар жазып келеді Елімнің атақты тұлғаларын қыздар жазып келеді «Рефлексиялық шеңбер» Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді. Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен? Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды? Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз? Сабақта қандай қиындықтар туындады? Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен? | Бүгінгі сабақтан алған білімдерін жинаған білім дәрумендеріңнін саны арқылы анықтайды. Рефлексиялық шеңбер | «Комментарий» арқылы | «Дәрумендер» тақтасы Балалар дың аттары жазылған ұяшықтар дәрумендер таратпасы |