Топтарға жеке –жеке тапсырма І топқа Қайталанып тұрған сөздерді мағынасы жуық сөздермен алмастырып жазу. Біз әдемі саябаққа серуен жасадық.Онда әдемі жасалған бұрқақ бар екен. Әдемі қыздар шарларын әуелетіп ұшырып жүрді. ІІ топқа Жақша ішіндегі сөздердің тиістісін қою арқылы сөйлемдерді көшіріп жазу. Үкі – (керекті, пайдалы, қажетті) құс. Оның көзі (бақырайған, үлкен), қауырсыны (сұлу, көрікті, әдемі). Үкі Қазақстанның таулы жерлерінде (жиі, көп, қаптап) кездеседі. (Бұрынғы, ерте, баяғы) кезде үкінің қауырсынын (сұлулық, әдемілік, сәндік) үшін қыздардың бас киіміне таққан. «Мақалдың жалғасын тап» ойыны І топ. Ақылды іс тындырады,. . . .Ақымақ тіс сындырады. ІІ топ. Жақсы сөзге жан семіреді, . . . . . Жаман сөзден жан қорқады. І топ. Ашу – дұшпан, ..........Ақыл – дос. Ақылыңа ақыл қос. ІІ топ. Дос жылатып айтар,. . . . . . . дұшпан күлдіріп айтар І топ. Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа, . . . . . . . . Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа. ІІ топ. Ағаш кессең, ұзын кес, қысқартуың оңай, . . . . . . . . .Темір кессең, қысқа кес, ұзартуың оңай. Данышпандар кітабы. Біз жасап тұрған өмір қарама - қарсылықтан тұрады. Күн мен түннің ауысуы, ыстық пен суықтың болуы табиғи болса, бейбітшілік пен соғыс адамның жақсы, жаман әрекетімен байланысты. Адам баласы көңіліне ақылды көп түйсе, білгір болатыны, ал түймесе надан болатыны анық. Адам өзінің оңы мен солын кішкене кезден осылай таныса, әрине оның жас шағы кемелдене отырып ардақты кәрілікке жеткізетіні белгілі. Тапсырма: мәтіндегі қарама-қарсы (антоним) сөздердің жұбын табу. І топ. Керісінше Мен қазір деймін көңілсіз Ал сіздер деңдер көңілді. Егер мен десем ол алыс Қарсы болыңдар.жақын деп. Егер мен дұрыс десем, Айқайлаңдар..бұрыс деп. Ал егер де бұл басы десем, Айтасыңдар соңы деп. Тапсырма: Өлеңдегі мағыналары қарама – қарсы (антоним) сөздерді табу. ІІ топ. Қарама – қарсы мағыналы сөздерді қойып, жаңа мәтін құрастыру • Мен көптен нашар оқушымын. • Дәптерімді ұқыпсыз ұстаймын, жазуым лас. • Сабақтан кейін үйге көңілсіз қайтамын. • Менің күнделігімді көргенде анам ренжиді. • Осының бәрінен шаршап кеттім. Мен басқалардан кеммін бе? «Атамекен» сөзіне жуық мағыналы сөз таптыру. (Отан, Туған жер т.б.) Екі топқа постер қорғату. |