kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?амбар батыр. ?дебиеттік о?у.4-сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? жабыды?ы

Т?рі

1. Батырлар жыры туралы о?ушылар?а жан-жа?ты т?сінік беру.

2. Елін ?ор?ау, Отанын, хал?ын с?ю батырлар жырыны? басты ?асиеттері

екендігін о?ушылар?а ??ындыру

3. Адал ж?не шыншыл болу?а т?рбиелеу.

Caбa?ты? мa?caты   ?амбар батыр жырымен таныстыра отырып, т?сініп, м?нерлеп о?у да?дыларын ?алыптастыру

К?тiлетiн н?тиже      Тапсырмаларды т?сініп тияна?ты ?з н?тижесінде орындай алады.

Психологиялы? ахуал

Психологиялы? дайынды?

Біз балдыр?ан баламыз,

??стай ?анат ?а?амыз.

Д?ниені аралап,

О?ып білім аламыз.

О?ушылар ше?берде жиналып,м??аліммен бірге б?гінгі саба??а с?ттілік тілейді.

?ызы?ушылы?ты ояту

 «?амбар батыр» туралы а?ыз ел аузынан жазылып, ал?аш?ы рет 1865 ж. басылады. Б?дан кейін 1868 ж. «?исса ?амбар», 1903 ж. «То?сан ?йлі тобыр» деген аттармен ?азанда басылып, е? толы?ыра? т?рі «?амбар батыр» деген атпен 1922 ж. Ташкентте шы?ады. «?амбар батырды?» б?л н?с?асын баспа?а даярла?ан А.Диваев. Бізше, Диваев н?с?асы тек толы?ы ?ана емес, е? к?ркемі, е? жа?сы варианты. Диваевты? 1922 жылы бастыр?ан «?амбар батырын» С?кен Сейфуллин (1933 ж.), С?бит М??анов (1939 ж.) жолдастар шы?ар?ан батырлар жина?ында ?згертілмей, ?айта басылды. 

Ма?ынаны тану

?амбар батыр жырынан ?зінді. 
Саба?ты бастамас б?рын бір шума? ?ле? о?ылады
Ой ?оз?ау:
Енді “?амбар батыр” с?зіне т?сінік берейік, ж?пта ой тол?ау. Батыр с?зіне т?сінік: ойларын тізбектеп жазамын: ер, ерлік, ер ж?рек, жауынан ?оры?пайды, жал?ыз жау?а шабады, мы?ты т.б. ?амбар батыр жыры туралы айтып,суретін к?рсетемін, не бай?а?андарын с?раймын, бас?а да ?аза? батырлары туралы с?ра?-жауап аламын. 

О?улы?пен ж?мыс
Ал, балалар, енді кітапты? (27-бетіндегі) “?амбар батыр” жырынан ?зінді берілген, соны о?ып танысамыз. ?алам алып, т?ртіп алу ж?йесі бойынша (+, ?, v,–) ж?мыс ж?ргізіп, с?здік ж?мысты ж?ргізетінімізді ескертемін. 
М?нерлеп о?ытамын. Диалог с?ра??а жауап аламын. 
-Жыр кімні? атынан баяндал?ан?
-Жырда ?анша кейіпкер бар? т.б. с?ра?тар ?оямын.
С?здік ж?мысын (—) ж?ргіземін. Т?сінбеген с?з, с?з тіркестерін ?здерінен с?ра?-жауап алып, к?рделі с?здерге т?сінік беремін. Рольмен о?ытамын. 
Топта талдау ж?мысы, топпен ж?мыс стратегиясы бойынша ?р ?й тобына с?ра?тар жазыл?ан карточкалар таратылады. ?р топ?а (5 минут) уа?ыт беріледі
• Топпен ж?мыс талданып бол?ан со? ?р топ?а уа?ыт беріліп, ?а?аз таратылады. Сонан со? а? ватман?а ?орытынды ой жазылады
Т?ciнy ?шiн тaпcыpмa
Д?птеpмен ж?мыc
1.С?здік ж?мыс ж?ргізу
О?ушылар батырлы? туралы ?з ойларын орта?а салады.

О?улы?та?ы тапсымаларды орындау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?амбар батыр. ?дебиеттік о?у.4-сынып»

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Сөйлем мүшелері

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Сөйлем мүшелері туралы білімдерін тереңдету, байланыстыртып сөйлем дағдыларын дамыту; дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары.

Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Түрлі-түсті қағаздар арқылы топтарға бөлу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Армысың, Әлем!

Армысың, Жарық күн! (Қолдарын жайып, көкке көтереді.)

Армысың, абзал Адам! (Қолдарын алға созады.)

Армысың, менің досым!

Үй тапсырмасын сұрау


Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
1. Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
2. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
3. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
4. Лепті сөйлем дегеніміз не?

Қызығушылықты ояту

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.

Қосымша шығармашылық тапсырмалар.

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1-топ
1. Сөйлем мүшелерін тіл білімінің қай саласы қарастырады?
2. Сөйлем мүшелерін нешеге бөлеміз?

2-топ
3. Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінеді?

3-топ
4. Сөйлем мүшесінің белгілері қандай?

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

Ой толғаныс


а) Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ә) Сөйлем мүшелері туралы не білеміз?

Сөйлем мүшелерін атап шығайық

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау

Күнделіктеріне жазады

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Зат есімнің септелуі

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Сабақтың білімділік мақсаты: Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларының белгілі бір грамматикалық мағына үстейтіндігін меңгерту.
дамытушылық мақсаты: сөйлеу дағдыларын жетілдіру, тілін дамыту, қызығушылықтарын арттыру;
тәрбиелік мақсаты: адамгершілік тәрбие беру, таза, әдемі жазуға баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдісі: баяндау, пікірлесу, түсіндіру, талдау, ішінара ізденіс.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, слайдтар
Пәнаралық байланыс: әдебиет

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім!

Үй тапсырмасын сұрау


а) сұрақ - жауап
1. Зат есім дегеніміз не?
2. Зат есім қалай түрленеді?
3. Зат есімнің көптелуі деген не?

Қызығушылықты ояту

«Зат есімнің септелуі» (Мақсаты айтылады).
Септік аттарының өзі яғни, атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес - өздерінің аттарын ашады. Бұл қазақ тіліндегі жеті септік. Олардың сұрақтары және септік жалғаулары бар екендігін сендер бастауыш сыныпта танысқан едіңдер. Соларды еске түсіріп көрейік.
Ілік септігі – сөздердің бір – бірімен іліктестігін көрсетеді.
Мысалы, кімнің кітабы? Асанның кітабы.
Барыс септігі – бару деген мағынаны білдіреді.
Мысалы, кімге бардың? Асанға бардым.
Табыс септігі – табу деген ұғымды білдіреді.
Мысалы, кімді көрдің? Асанды көрдім.
Жатыс септігі – орын, мекен дегенді білдіреді.
Мысалы, қайда болдың? Мектепте болдым.
Шығыс септігі – шығу деген мағынаны білдіреді.
Мысалы, неден оқыдың? Кітаптан оқыдым.
Көмектес септігі – жәрдемдесу, көмек ету деген ұғымды білдіреді.
Мысалы, кіммен таныстың? Асанмен таныстым.
Зат есімнің септік жалғаулары
Септіктердің аты Сұрақтары Септік жалғаулары
Атау септік Кім? не?
Ілік септік Кімнің? Ненің? - ның, - нің, - дың, - дің, - тың, - тің
Барыс септік Кімге? Неге? Қайда? - ға, - ге, - қа, - ке
Табыс септік Кімді? Нені? - ны, - ні, - ды, - ді, - ты, - ті
Жатыс септік Кімде? Неде? - да, - де, - та, - те
Шығыс септік Кімнен? Неден? - нан, - нен, - дан, - ден, - тан, - тен
Көмектес септік Кіммен? Немен? - мен, - бен, - пен
Сонымен септік жалғау зат есімге жалғанғанда, оған белгілі бір грамматикалық мағына үстеп, сөйлемде она басқа сөздермен байланысқа түсіреді.
Тәуелденген зат есімнің септелуін жай септеумен салыстырғанда барыс, табыс, жатыс септіктерінде айырмашылық бар.
Септіктер Тәу. жалғаудың І, ІІ жақтарынан кейін Тәу. жалғаудың ІІІ жағынан кейін
Атау септік
Ілік септік - ның,- нің - ның,- нің
Барыс септік - а,- е - на,- не
Табыс септік - ды,- ді - н
Жатыс септік - да,- де - нда,- нде
Шығыс септік - нан,- нен - нан,- нен
Көмектес септік - мен - мен

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.

Қосымша шығармашылық тапсырмалар.

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Сергіту сәті

Бір, екі – еңкей,

Бүгілмесін тізең.

Үш-төрт шалқай

Иілмесін тізең.

Қолды көтер аспанға

Саусақты сөз, жасқанба.

/Б.Бөрiбаев/

Ой толғаныс


«Септеу эстафетасы» ойыны.
Шарты: Тақтаға үш қатардан үш оқушы шығып, берілген зат есімді септейді. Қайсысы бұрын аяқтаса, қатесіз орындаса, жеңімпаз болады. Септіктердің орны ауысып кетпеу және жалғаулары дұрыс жалғануы керек.
Отан, баласы, әжесі, ата, ел.
Терме диктант
Мақал - мәтелдерден септелген зат есімдерді теріп жазады.
1. Жігітке өлең де өнер,
Өнер де өнер.
2. Шешендіктің күші – шындықта.
3. Ердің атын еңбек шығарады.
4. Тау таумен кездеспейді,
Адам адаммен кездеседі.
5. Қыз өссе, елдің көркі,
Гүл өссе, жердің көркі.
6. Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді.
Семантикалық карта. Дұрыс жауапқа «+» белгісін қоямыз.
Септіктер
Сөздер Атау Ілік Барыс Табыс Жатыс Шығыс Көмектес
Домбыраның
Қаламмен
Гүлді
Тілден
Сөзде
Балаға
Кітапты
Мектеп
Ұстазбен
Шаңқобызды
Оқушыға
Шығармашылық жұмыс.
1. Оқушылардың өздері жұмбақ құрастырып, соның ішінен септік жалғауы жалғанған сөздерді табады. Сұрақ қояды.
2. Жыл мезгілдеріне байланысты оқушылардың өздеріне 5 жолды өлең шығарту.
3. «Тілім менің - тірлігімнің айғағы». Бес минуттық эссе жазу.
Деңгейлік тапсырмалар
1. Мәтіндегі зат есімдердің астын сыз.
«Жығылғанға жұдырық» дегендей, кедейлікке кәрілік қосылады. Кәрілік тұсау, кедейлік бұғау болыпты. Қарт шешен қанатсыз қыранша отырып қалыпты. Алайда ағайындарының емен - жарқын көмегіне сүйенген ол аштан өліп, көштен қалмапты. («Шешендік сөздер» кітабынан)
2. Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қой.
Сандыбай қарға... тұзын екі қолы... ұстап, айна... қарағандай жымиып отыр. Бойында әдет пен әдепке сыя бермейтін мінез... болғандықтан, жынды Бижан атанған адам. (Ғ. Мүсірепов)
3. Мәтіннен көптік, септік жалғауларының астын сыз және түрін ажырат
Шеткі үйлерден қымызға жүгіретін Тезекбай, Терлікбайлар үйлерінің қасында солбырайып тұр. Сабаның даусы шықпайды. Көрінгенмен құрдас болып, арсалаңдап жүретін. Дүрмағанбеттің де иығы түсіп кетіпті. Қолында жүгені, жылқы жаққа бара жатыр. (Ж. Аймауытов)

Мақал – мәтелдер.
І қатар.
Туған жер – алтын бесік.
ІІ қатар.
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
ІІІ қатар.
Ең тәтті де, ащы да – тіл.
Тест сұрақтарына жауап беру
1. « Әке» сөзі қай септікте тұрғанын тап
А) А. с. С) Б. с.
В) І. с. Д) Ж. с.
2. Ілік септігінде тұрған сөзді белгіле
А) Оқушы С) Оқушының
В) Оқушыға Д) Оқушыда
3. Табыс септігінің жалғауын белгіле
А) – ны,- ні,- қы,- кі,- ғы,- кі. С) - ны,- ні,- ды,- ді,- ты,- ті
В) – ны,- ні,- шы,- ші,- ды,- ді Д) - нан,- нен,- тан,- тен,- дан,- ден
4. Барыс септігінің сұрағын белгіле
А) кімге? неге? қайда? С) кімге? кімді? нені?
В) кімдерге? Кімді? нені? Д) кіммен? немен?
5. Жатыс септігінде тұрған сөзді белгіле
А) көктемде С) мектеппен
В) далаға Д) ауылдан
6. Шығыс септігінде тұрған сөзді табыңыз
А) Сабаққа С) Сабақты
В) Сабақтан Д) Сабақпен
7. Көмектес септігінің сұрақтарын ата
А) кімде? неде? С) кімнен? неден?
В) кімге? неге? Д) кіммен? немен?

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Бағалау парақшаларын толтыру.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?амбар батыр. ?дебиеттік о?у.4-сынып

Автор: Наушабекова На?има Сейдімхан?ызы

Дата: 01.04.2016

Номер свидетельства: 313672


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства