kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?адыр Мырза ?ли- балалар жазушысы,?аза? жырыны? шо? ж?лдызы

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды ?адыр мырза ?лиді? шы?армашылы?ымен таныстыру ж?не а?ын шы?армашылы?ын насихаттау. Балаларды? тілдік ??зыреттілігін дамыту.О?ушыларды ?адыр мырза ?лиді? шы?армашылы?ымен таныстыру ж?не а?ын шы?армашылы?ын насихаттау. Балаларды? тілдік ??зыреттілігін дамыту.О?ушыларды ?адыр мырза ?лиді? шы?армашылы?ымен таныстыру ж?не а?ын шы?армашылы?ын насихаттау. Балаларды? тілдік ??зыреттілігін дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?адыр Мырза ?ли- балалар жазушысы,?аза? жырыны? шо? ж?лдызы»

Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырза Әли- балалар жазушысы,қазақ жырының шоқ жұлдызы.
Мақсаты:
Оқушыларды Қадыр мырза Әлидің шығармашылығымен таныстыру және ақын шығармашылығын насихаттау. Балалардың тілдік құзыреттілігін дамыту.

Күтілетін нәтижелері:
1. Ақын шығармашылығы бойынша үлкен мағлұмат қалыптасады.
2. Балалар ақын шығармашылығындағы мысалдармен, жұмбақтар, нақыл сөздер бойынша ақпараттармен танысады, оларды өмірдегі, өз тәжірибесіндегі түрлі жағдайларда қолдана алады.
I. Сабақтың кіріспе бөлімі
Балалардың қызығушылығын ояту
1-Жүргізуші .Құрметті қонақтар,ұстаздар,оқушылар.Әдеби кешімізге қош келдіңіздер.

Биік,биік самғаған
Сұңқар болғым келеді
Бір бәйгеден қалмаған
Тұлпар болғым келеді

Кемеңгерлер мықты ғой иілмеген
Кім бар бірақ ажалға күйінбеген
Есті жырлар бітуге тиісті ғой
Есте қалар әдемі түйінменен
2-Жүргізуші .Ақындық туралы Қадыр атамыз былай дейді: Дарын иесінің ақын болып қалыптасуы ең алдымен өз ауылы,өз қара шаңырағынан деген екен.
(Ақын туралы  бейнекөріністі тамашалайық)
Бәрін тез-тез болады деп кім күткен,
Күндер өткен жұлдыз жауар түндіктен
Мырзалының,үміт артқан өлгенше
Үш ұлынан жалғыз еркек кіндік мен

Жүз демеймін-түсінеді жөнді ұққан.
Жалғыз едім мен бір ірі сондықтан
Жалғыз едім өспей қойған атадан
Жоғалуға қақым жоқты сондықтан!

Өлең жаздым тоғыз тарау,жеті өрім
Сездім соның жүректерге жетерін
Жалғызбын деп жанға нөкер болмадым
Өзімніңде болған емес нөкерім
1-Жүргізуші .Иә,Ақын түйінінде үлкен шындық бар.Өзгелер сияқты Қадырдың қадірін оқырман қауым бірден ұғынды.Қадыр атамыздың сүйікті оқырманына халқының қазақы қасиеттерін,тектілігін,тазалығын ту еткен туындылар ұсынған болатын.Оқушыларымыздың орындауында халқымыздың сүйікті әніне айналған

«Әже туралы » әнін қабыл алыңыздар.Әнін  Нұрғиса .Тілендиев жазған.
Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған

Сағынышым- сары  ормандай  самсаған

Әке болып  жүргенімді  ұмытып

Әлі күнге  еркелеймін мен саған.



Рамина

Қадір атамыз балаларға сонымен қатар көптеген басқа елдің шығармаларын аударып жұмбақтар жазған. (Слайдтан кітаптары көрсетіледі.)
Дәл осы сәтте Қадыр атамыздың мына жұмбақ өлеңі есіме түсіп тұр,айтып берейінші:
Көзім түсті апамның
Көзіндегі жасына.
«Белгісі ме қапаның?»
Деп келдім мен қасына

Айкөркем Ия,-ия есіме түсті, жұмбақ өлеңнің арғы жағын мен жалғастырып көрейінші
Сұрамақпын,білмекпін
Жанына не батқанын.
Байқамаппын ,көрмекппін,
Пияз турап жатқанын.-деп ақындар жырлағандай Қадыр атамызда түрлі тақырыптарға балаларға арнап өлеңдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар жазған болатын,ендеше жұмбақ шешіп көрейік.

Балалар тапқырлық танытайық

1)Дос үйіне түстің бе?
Түгел соның үстінде.(дастархан)


2)Қайнаған шілдеде оған суық,
Ыссыға төзбегенді тығам қуып.(тоңазытқыш)

3)Бояуларым қашып кетті,
Көк қағазды басып кетті,
Қатарларын тізіп алды
Арттарында ізі қалды.(кемпірқосақ)

4)Екі езуі құлағына жетеді,

Тамақ жесе ызың-ызың етеді.(Ара)

5)Жоқ өзінде баста,
Қаста,мойында
Ұзындығы жазулы тұр бойында.(сызғыш)
2-жүргізуші: Рамина жұмбақтарымыз балаларға оңай болған сияқты олай болса

( Қ.Мырза Әлінің француз тілінен қазақ тіліне аударған жұмбақтарын шешіп көрсін)


1-жүргізуші: қойсақ-қояйық

1. Кім әйнекті сындырмай көктеп өтеді? (Күннің сәулесі)

2. Баспана іздеп басын қатырмайтын бөбек . (Кенгурудың баласы)

3. Екеуі қатар тұрады, бірақ бірін – бірі көрмейді? (Екі көз)

4. Менің қалтам бос, бірақ ішінде бірдеңе бар. Ол не? (Тесік )

5 Қандай ағаш өсуін тоқтатады? (Жаңа жылғы шырша )

6. Өзі дыбыс шығармайды, дыбыстың бәрін жұтып жатады.Ол не? (Құлақ)

2-жүргізуші:

Ендігі кезекте Қадыр атамыздың өлеңдеріне берейік.Оқушылар қандай өлеңдерін білесіңдер?

«Ана-тілі»

Ана тілің-арың бұл, Ұяттың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте.

Ана тілің,біліп қой
Еркіндігің,теңдігің

Ана тілің,біліп қой
Мақтанышың,елдігің.


1-жүргізуші:балалар ұстаздарға, қонақтарға не үшін? Өлеңін айтып берейікші.

«Не үшін?»
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Құлақ не үшін керек?
Ақыл-кеңес беру үшін.
Жүрек не үшін керек?
Жауларымнан қыңбау үшін.
Тіл мен жағың не үшін керек?
Ақиқатты айту үшін.
Ал аяғың не үшін керек?
Шетте жүрсем,туған жерге қайту үшін.

2-жүргізуші:
«Мұғалима»
Мынау менің сезгенім

Ол кластың анасы
Өзінің де өзгенің
Баласы оның баласы
Қай кезде де,ол анық
Қайғырмайды өзі үшін
Біздер үшін қуанып

Қызарады біз үшін

Ән ұстазым: Құрметті ұстаздар бұл әнді сіздерден сұраймыз.

1- жүргізуші :Ақынның әр өлеңін оқыған сайын қанаттанасың, рухтанасың, жігерленесің. Бірде бала, бірде дана боласың,сүйсінесің,тамсанасың, күй тартқандай боласың, халқымыздың бүкіл болмысы көз алдыңа келеді.

Қадыр мырза Әлі «Анама»

Анасыз бір жоқ күнің
Әжесіз бір жоқ күнің
Ұсынамыз бүгін біз
Сізге сұлу шоқ гүлін
Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі,
Ауырмасын ешқашан
Аналардың жүрегі!
Қуаныштың ағайын,
Қоңырауын қағайын.
Ағартпасын тентектер
Бір ананың самайын!
Жамандардың мақсаты
Жұрттың аузын қақсату
Нағыз бақыт-Ананың
Ақтау дер ем ақ сүтін.- деген екен.
Ендігі кезекте қазақ биі : (слайдтан эстрада жұлдыздарының әндерін тыңдау)


2-жүргізуші . Қадыр Мырза Әли «Данышпан» «Бұлбұл бағы» «Күміс қоңырау», атты 40-тан астам жыр жинақтарымен 200ге жуық ән мәтіндерін жазған.Оның әндері халық арасына көп тараған.Солардың бірі отбасының жырын жырлаған «Апам үшін»


Апам  үшін  күндеде, күндеде

Отын-ағаш жарамын, жарамын

Су  құямын гүлгеде,  гүлгеде

Дүкенге де барамын, барамын

Жоқтатпаймын әпкемді, әпкемді

Берем  шайын қайнатып

Жылай  қалса  бөпемді

Жұбатамын, ойнатып,

Апам бірақ мен үшін,

Оқымайды сабақты.

1-жүргізуші :

Айналайын Қадырым!
Елге қымбат қадірің
Сенен басқа ақын жоқ
Елдің ойлар тағдырын-деп ақындар жырлағандай Қадыр атамыз көптеген мысалдар жазған балаларға арнап,сол мысалдарды үзінді тыңдайық.

«Құлақ не үшін керек?»
-Құлақ не үшін керек?-деп сұрады тәрбиеші тәтей.
-Жеу үшін!-деді атасының жанында көп жүретін қонақшыл балдырған.-Шерту үшін!-деді бір үйдің шалдуарлау жалғыз ұлы.-Бұрау үшін!-деді әлден тілазар болып өсіп келе жатқан бала.-Тыңдау үшін!-деді ақырын ғана ағайынының қолында өсіп жатқан кішкене жетім.
«Биялай мен Қолғап»
—-Әже,әже! Биялай кисем қолым тоңбайды.Ал,қолғап кисем-ақ болды тоңа бастайды.Неге олай?!
—-Биялайдың ішінде төрт саусағың біріне-бірі жақын тұрып жылу береді.Ал қолғапта әр саусақ өз алдына дара қалады.Жалғыздың аты жалғыз.Біраздан кейін тоңа бастайтыны сол! Жақындық бар жерде жылу бар-балам.


2-жүргізуші :.Қорытынды: Қадыр атамызды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап,әріпті көзілдіріксіз көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі.Мұндай даусыз даңқ, танымалдықтың сыры-Қадыр талантының қарапайымдылығында.Ендеше Қадыр жырлары ешқашан ұмытылмай ұрпақтан ұрпаққа насихатанна бермек. Барлығымыз бірге «Атамекен»әнін бірге орындайық. Бүгінгі «Қадыр Мырза Әли- балалар  жазушысы»қазақтың жарық жұлдызы, өмір бойы жүректе сақталады.

Біз әрдайым Қадыр ақын атамыз бен мақтанамыз.Осымен кешіміз өз мәресіне жетті.

-Сау болыңыздар






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
?адыр Мырза ?ли- балалар жазушысы,?аза? жырыны? шо? ж?лдызы

Автор: Хами Санду?аш Беркін?ызы

Дата: 16.03.2016

Номер свидетельства: 306448


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства