kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Құмдағы құпия Б.Баймаханов

Нажмите, чтобы узнать подробности

3-сыныпқа арналған әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Құмдағы құпия Б.Баймаханов»

Пәні: әдебиеттік оқу

Күні: 01.03.2017

Сыныбы: 3 «А»

Мұғалім: Сапарова Н.С

Сабақтың тақырыбы: Құмдағы құпия. Б.Баймаханов

Сабақтың мақсаты: 

 Мәтінді оқып, оның мазмұны арқылы қоршаған табиғаттағы сан алуан құбылыстар мен жұмбақтарды білуге деген қызығушылығын арттыру;

 Өз бетімен ізденуге, ойлануға мүмкіндік беру, дүниетану, денешынықтыру пәндерімен байланыстыру;

 Әсемдікті көре білуге, ести білуге, сақтай білуге тәрбиелеу. 

Көрнекілігі: мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар,үлестірмелі тапсырмалар, слайдтар, АКТ.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Топтастыру:

-Қайырлы күн, бүгінгі ашық сабағымызға келген қонақтарымыз!

Сағатымызды  бастамас бұрын топтарға бөлініп алайық.

  • Балалар, шалқан ертегісін білеміз бе?

  • Олай болса бізге 4 ата , 4 әже, 4 бала, 4 қыз керек.Осылайша әр топқа ата, әже, бала, қыз болып топтарға бөлінеміз.

Тағы да айта кететін бір жайт.Топтар бір-бірін бағдаршам, басбармақ әдістерімен бағалап отырады. Топ басшылары яғни, аталар топ мүшелерін сабақтың соңында кестені толтырып отырып бағалайды.

Психологиялық дайындық!    Өзіміздің көңіл күйімізді табиғат құбылыстарымен байланыстырып айтайық. Мысалы: менің көңіл-күйім күндей жарқын.

Үй тапсырмасын тексеру:

-Үйге қандай тапсырма берілді?

- Аюдың әулеті мәтінін оқып, түсінгенін айту;

- «Аю - жыртқыш аң» тақырыбына мәтін жазу. (1-2 оқушыдан сұрау)

Үй тапсырмасын бекіту:

Кестені толтыру

1 топ:

Аюдың түрі

Қайда мекендейді?

Немен қоректенеді?

Ақ аю



 2 топ:

Аюдың түрі

Қайда мекендейді?

Немен қоректенеді?

Қара аю



3 топ:

Аюдың түрі

Қайда мекендейді?

Немен қоректенеді?

Сүйір ерінді аю



4 топ:

Аюдың түрі

Қайда мекендейді?

Немен қоректенеді?

Бамбук аюы




Жаңа сабақ

- Балалар,  айналамыздағы табиғатта өзіміз күнде көріп жүрсек те, кейде

әдемілігіне мән бермейтін құбылыстар болады екен. Бізді қоршаған табиғат қандай ғажап! Сендер дүниетану сабағынан жер беті бедерінің қандай болатынын оқығанбыз. (тасты жер, құмды жер, таулы жер, орманды жер). Бүгін біз құмды жердегі табиғат құпияларын оқимыз. Яғни бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы «Құмдағы құпия».

Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын жазу

Тақырыпты жазу

 «Құмдағы құпия» атты мәтіннің авторы жайлы  аздап мәлімет айтып өтейін.  Бекмырза Баймаханов 1965 жылы  Алматы облысында дүниеге келген. Қазіргі заманның тарихшысы,  филология ғылымының докторы.  Ғылыми зерттеулер топтарының басшысы. Жалпы зерттеулерді құптайтын азамат. 

  • Құмды жер тіршілігі қандай болады деп ойлайсыңдар?

Топ мүшелері тізбектеп  оқып шығады. 

  • Бізге таныс емес сөздер бар ма екен? 

Олай болса сөздікпен жұмыс жасайық.

Сөздікпен жұмыс:

Сәкі – ағаштан жасалған отырғыш

Геолог- жер асты қазба байлықтарын жер астынан іздеп табатын маман иесі. 

Ботаник – өсімдіктер әлемін зерттейтін маман.

Экспедиция – кез-келген жерді зерттейтін ұжым. 

Селеу - астық тұқымына жататын көпжылдық кейде біржылдық өсімдік 

(оқушылар сөздік дәптерлеріне жазып алады)

  • Мәтіннің мазмұнын кім айтып береді?

- Бозторғай туралы қай әңгімеден оқыған едік?

- Бозторғайдың неше түрі бар екен?

- Аңшылық өнерде бозторғай ға қатысты қандай қандай ырымдар бар? Дүниежүзінде бозторғайлардың 74 түрі бар, Қазақстанда олардың 13 түрі өмір сүреді.
Ол Қазақстанның шөлді даласынан басқа аумағында кеңінен тараған. Бозторғайлар жердегі шұқырларға ұялап, оған 2 – 6 тарғыл жұмыртқа салады, кейбір түрлері жылына 2 рет жұмыртқалайды. Балапандарының денесін, әсіресе, жонын қалың мамық жапқан. Бозторғайлар – жыл құсы. Олар қыстау үшін күзде оңтүстіктегі жылы аймақтарға ұшып кетеді, қысы жұмсақ жылдары Қазақстанның оңтүстік аудандарында қыстап қалады. Бозторғайлар өсімдік дәнімен және жәндіктермен қоректенеді. Арамшөптердің де дәнін жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді.


- Қазақстанның алғашқы геологы кім екенін білеміз бе?

- Иа

- Сәтбаев Қаныш Имантайұлы (1899-1964) — аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металло-гения мектебінің негізін қалаушы. (суреті)

Оқушыларға  сұрақ қоюдың үлгісі бойынша «бастама-жауап-кейінгі әрекет» (БЖӘ) стратегиясын  пайдаланып  отырдым. 

 Бастама (мүғалім) : Темір анасымен құмды далаға қашан барды?

Жауап (оқушы):  былтыр. 

Кейінгі әрекет (мұғалім): дұрыс

Бастама (мүғалім) : Темір қандай оқиғаның куәсі болды?

Жауап (оқушы):  бозторғайдың ұясын көрді, жұмыртқасын көрді. 

Кейінгі әрекет (мұғалім): жарайсыңдар

Бастама (мұғалім):   Құс ұясы неден жасалған екен?

Жауап (оқушы):  селеудің үлпілдек шашағынан.

Кейінгі әрекет (мұғалім):  жарайсыңдар.

Бастама (мұғалім): құмда қандай жәндік бар екен?

Жауап (оқушы):  тасбақа

Кейінгі әрекет (мұғалім):  тағы құмды далада тіршілік ететін қандай жәндіктерді білесіңдер?

Бастама (мұғалім):  бозторғайдың жұмыртқасы қандай екен? Суретін көрсету  

Жауап (оқушы):  теңбіл-теңбіл

Кейінгі әрекет (мұғалім):  дұрыс айтасыңдар

Бастама (мұғалім):  Мысалы тауықтың жұмыртқасымен салыстырғанда, екеуінің айырмашылығы бар ма?

Жауап (оқушы):   пішіні, түсі

Кейінгі әрекет (мұғалім):  дұрыс

Ендеше барлығымыз тақтаға назар аударайықшы.  (бозторғайдың суреті мен видеосын көрсету). 

«Миға шабуыл» стратегиясын негізге ала отырып келесі сұрақтарға жауап берейік:

- Бозторғай жұмыртқалары мен ұясын қалай, қайда алып кетуі мүмкін?

  -Бұл әрекетін қалай түсінуге болады?

 - Бұл біз үшін құпия ма?

- Балалар, бозторғайға ұясын көшіру, жұмыртқаларын тасу оңай шаруа ма?

 - Ал сендер Темірдің анасы мен оған қандай мазмұнда хат жазар едіңдер?

«Кейіпкерге хат» жазайық.  

Хаттарды оқу. 

  • «Құстарға қиянат жасауға болмайды» деген идеяны алып шығу керек. Міне,  мәтін идеясының  тәрбиелік құны осында жатыр. Темір де , шешесі де білмегендіктен, бозторғайдың тыныштығын  бұзғанын өздері де білмей қалды. Егер олар  осындай тағы да құстардың ұясын көрсе, алдында жасаған қателіктерін жасамайды деп ойламыз.  

 «Сергіту сәті» 

Жаңылтпаштар жаттайық

  1. Шымшық шымшықты шымшылады. 
    Шымшықтар 
    Тыныштықты тыншымады.

  2. Шағалаға 
    Камал аға 
    Қадала қарады. 
    Камал аға 
    Шағалаға 
    Қалада емес 
    Далада қадала қарады.


Қорытынды:

  • Халық арасында бозторғайды қадірлеген. Бозторғай туралы ақындар өлең шығарып, әншілер ән шырқаған.Саят Медеуовтың «Бозторғай» әнін тыңдайық.

1-топ:

5 жолды өлең жазу. «слайд»

1. Зат есім (1 сөз)    бозторғай

2. Сын есім (2 сөз)  кішкентай, қамқоршы

3. Етістік (3 сөз) қорғайды, шиқылдайды, жылдам ұшады

4. Сезімді білдіретін сөйлем (4 сөз) Бозторғай қандай шапшаң құс!

 5. Синоним (1 сөз) құс

2-топ:

Жоспар құру:

  1. Темірдің анасымен экспедицияға шығуы

  2. Бозторғайдың ұясын көруі

  3. Ұясын көшіріп әкетуі

3-топ:

Бозторғай мен тауықтың жұмыртқасын салыстыру. Венн диаграммасы

4-топ:

Темір қандай бала? Мінездеме жазу


Бағалау 

Бағалау парағы: (Топ басшылары топ мүшелерін бағалайды)

Аты-жөні

Мұқият тыңдауы

Сұраққа жауап беруі

Топ ережесін бұзбауы

Пікір қосуы

1






2






3






4







Рефлексия «2 жұлдыз, 1 тілек» Бүгінгі сабағымызды қортындылау үшін. Таратқан стикерлерге 2 жұлдызға ұнаған сәттерін, 1 тілек досына, сабаққа, т.б. жазуға болады.

Сабақ соңында топтардың жиынтық бағалары есептелінеді. 


Үйге тапсырма:  Ізденуге «Бозторғай» жайлы қосымша мәлімет жазып келу. 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Құмдағы құпия Б.Баймаханов

Автор: Сапарова Назира Сарсекеновна

Дата: 06.03.2017

Номер свидетельства: 398134


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства