Сабақтың мақсаты: сан есімнің заттың санын білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.
Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілінен ашық сабақ. Тақырыбы:"Сан есім"»
Сабақтың тақырыбы: Сан есім.
Сабақтың мақсаты: сан есімнің заттың санын білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру; сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.
1-тапсырма.Бір таңбалы сандарды бір бөлек, екі таңбалы сандарды бір бөлек сөзбен жаз.
8, 21, 5, 77, 4, 13, 3, 68, 54, 9, 95, 6.
2-тапсырма. І топ:
Апта күндерінің тұсына аптаның нешінші күні екенін жазыңдар.
Дүйсенбі -
Сейсенбі -
Сәрсенбі -
Бейсенбі -
Жұма -
Сенбі -
Жексенбі –
ІІ топ:
Жеті атаны ретімен жазыңдар.
Бірінші -
Екінші -
Үшінші -
Төртінші -
Бесінші -
Алтыншы -
Жетінші -
3-тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құрастыр.
Құрастырған әңгімеңнен сан есімдерді тап. Әңгімеге ат қой.
4-тапсырма.Дәптермен жұмыс.
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, көшіріп жаз.
1. Біздің сыныптағы үздіктер саны ... болды. 2. Қорадағы малдың ... сыртқа шығып кетіпті. 3. Өрмекшінің ... аяғы бар. 4. Қазақ әліпбиінде ... ... әріп бар. 5. Кібісе жылдың ақпан айы ... ... күнге толады. 6. Үстел үстіндегі кітап - ... .