..............................
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның рәміздері | Мұғалімнің аты-жөні: ......................................... Күні: .02.2017 ж. |
СЫНЫП: 1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: 0 |
Сабақ негізделген оқу мақсаттары | • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен танысy; • тудағы бейнелердің мағынасын білy; • мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді үйренy. |
Сабақ нәтижесі: | Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Жаңа білімге мысалдар келтіре біледі. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Тақырып мазмұнын түсінуі тиіс. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды. Оқулықтағы тапсырмаларды өз бетінше орындауды үйренеді. |
Тілдік құзіреттілік | Қазақстан, елтаңба, ту және әнұран, гимн. |
Ресурстар | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Білім қоржыны. |
Пәнаралық байланыс | Музыка, қазақ тілі. |
Алдыңғы оқу | Мен қазақпын. |
Сабақтың жоспары |
Жоспарланған уақыт | Сабақ барысы | Бағалау түрлері |
Ұйымдастыру кезеңі 5 минут | Сәлемдесу. Топқа бөлемін : «Жалаулар» арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды қалаған жалауларын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады. Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Қызыл өрік» би Сынып реттілігін қадағалау. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау. | 1-топ: «Бақыт» жалауы 2-топ: «Сүйіспеншілік» жалауы 3-топ: «Жарқын өмір» жалауы «Қызыл өрік» би билету. |
Қызығушылық ты ояту 12 мин | Видео тамашалау -Балалар видеоны тамашалағанда сендерге қандай ой келді. Айтып беріңдер. Топтарға тапсырма: Әр топқа суреттер үлестіру. Бұл суреттер қада бейнеленген деп ойлайсыңдар? Олардың әрқайсысы нені білдіреді? | Қалыптастырушы баға Сұраққа жауап берген оқушыға 1 жетоннан беріп отыру. Сұраққа жауап берген оқушыға 1 жетоннан беріп отыру. |
Негізгі бөлім: Мағынаны тану 10 мин | Оқулықпен жұмыс. Таныстырылым арқылы оқулықта берілген тірек сөздерге түсінік беру. Ту, елтаңба, гимн, мемлекеттік рәміз. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Дәптермен жұмыс. 41,42-беттер. Дүниетану дәптері. | Қалыптастырушы баға Тапсырмаларды орындаған оқушыға 1 жетоннан беріп отыру. Тапсырмаларды орындаған, сұраққа жауап берген әр оқушыға 1 жетоннан беріп отыру. |
Ойтолғаныс: 4 мин | Қызықты тапсырмаларды орындайық... 1-топ:«Бақыт» жалауы Оқушыларға ноутбуктан Қазақстан Республикасының гимнін тыңдайды. Мазмұнына сай суретті салады. 2-топ:«Сүйіспеншілік» жалауы Өз тобыңны туын жаса. Тобыңның туы қандай болады? 3-топ:«Жарқын өмір» жалауы Сурет қиындыларын құрастырып жабыстыру. | Қалыптастырушы бағалау |
Қорытынды бөлімі Сабақты бекіту минут | Тапсырмаларды орындаған, сұраққа жауап берген әр оқушыға 1 жетоннан беріп отыру. |
Үйге тапсырма: | Суреттер бойынша әңгімелеу. | Қалыптастырушы бағалау жетондарын санау. |
Бағалау минут | Мұғалім «Бағалаушының» қалыптастырушы бағасымен санаса отырып, жиынтық баға қояды. Күнделікпен жұмыс жасайды. | Жиынтық баға |
Кері байланыс: минут | «Алма ағашы» кері байланыс | Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, алма ағашына жабыстырады. |
| Рефлексия |
Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспар ланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды | |
Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды? | |
Келесі сабақта өз жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз | |