kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? ежелден еркіндікті а?са?ан (зияткерлік сайыс)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты : о?ушыларды ?лтты? рухта т?рбиелеу. Елін, жерін, Отанын с?юге, ??рметтеуге, ма?таныш етуге, Отанына лайы?ты азамат болып ?суіне ы?пал ету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? ежелден еркіндікті а?са?ан (зияткерлік сайыс)»

Қазақ ежелден еркіндікті аңсаған

(зияткерлік сайыс)

Мақсаты : оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеу. Елін, жерін , Отанын сүюге, құрметтеуге, мақтаныш етуге, Отанына лайықты азамат болып өсуіне ықпал ету.

«Тәуелсіздік» атты киелі ұғымды оқушылар бойына сіңіру.

Барысы:

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және қадірменді қонақтар! Тәуілсіздігіміздің 25 жылдығана арналған «Қазақ ежелден еркіндікті аңсаған» атты зияткерлік сайысымызға қош келіпсіздер! Сайысымызды бастамас бұрын әділқазы мүшелерін сайлап алайық. (Сайлап алған соң бағалау парағы таратылады)

«Желтоқсан құрбандары»

Қазақтың өр ұлдары мен ер қыздары көбеймесе азаймады. Оның айғағы 29 жыл бұрынғы ел намысы үшін жанын құрбандыққа қиған желтоқсандықтар болатын. Оның айғағы - дүниені дүр сілкіндіріп, әлемге қазақ деген атты паш еткен - Желтоқсан оқиғасы.

Арыстандай алысып,

Жолбарыстай жұлынған

Қыздарыт көп қазақтың.

Өзінің жас өмірін қиып кете берген Сәбираның өмірімен таныса отырайық.

Сәбира Мұхаметжанова 1985 жылы сегіз жылдық мектепті үздік бітіріп, бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын оқу орнына студент болып қабылданды. Ол Алматыдағы жастар шеруін жұдырықтай жүрегімен қолдап, Өскемен қаласының көңілі ашық, көкірегі ояу студенттермен бірге Ушанов алаңына қарай өлең айтып, шеру тартты. Қатал жиналыс Сәбираны айыптап, «Тәртіпсіз» деп бағалаған. Албырт жас жатақхананың өзі тұратын бөлмесінің терезесінен секіріп қаза тапты.

Желтоқсанның қазаққа

Ызғары көп тастаған.

Намыстан өлген ұлтымның

Қыздары көп қарағым!

Өр намыс иесі, қайсар жас қыз Ляззат Асанова жайлы айтып өтер болсам.

Ляззат Асанова Алматы облысы Панфилов ауданының Ақжазық ауылында дүниеге келген. Алматының Чайковский атындағы музыкалық училищесінде қобызшы мамандығы бойынша оқып жүрген Ляззат Асанованың алты жылдық қысқа ғұмыры ерте үзілді. Лязатты жерлеудің алдында денесін ақ жауып арулаған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін , бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қолынан қаза тапқан. Ляззат әпкемізді мәңгі есімізде қалдырамыз. Аруағына бас иеміз.

Тәртіп қорғау санаға екті нені,

Өз халқына ойпырмай кекті ме еді?

Азаматты сойылмен қанға бояп,

Шаштан сүйреп қыздарды тепкіледі.

Қанды Желтоқсан оқиғасының алғашқы құрбаны болған Ербол Сыпатаевқа тоқталып өтейік.

Ербол Сыпатаев Талдықорған облысы Панфилов ауданың Ленин атындағы совхозының екінші бөлімшесінде туып өскен. Ол Энергетика институтының ІІ курс студенті болатын. Ербол бір үйдің жалғыз ұлы болатын. 1986 жылдың 18 желтоқсанында кешкі сағат 8 де ауруханада бас сүйегі мен иығынан ауыр жарақаттанған Ерболды әкелді. Ол есін жинамастан қайтыс болды. Біздерт Ербол ағамыздың жастық жігері мен ерлігін мәңгі есімізде сақтап әруағына бас иеміз.

Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өрендер ақталады.

Ер намысын қорғаған сарбаздарым,

Ерліктерің мәңгілік сақталады.

Қайрат Рысқұлбеков Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Бірлік ауданында дүниеге келген. 1982 жылы ол Алматы Сәулет құрылыс институтына түседі. Сол Желтоқсан оқиғасынан кейін оны «Савицкийді өлтірген қылмыскер» деп жала жауып «Аса қауіпті қылмыскерлер изоляторында» ұстады.

Көрініс

«Қайраттың тұтқындалуы»

«Қайратты тергеу сәті»

Автор: Тұрыңдар! Сот келеді.

Тергеуші: сот үдерісін бастаймыз! Бірінші куәгердә шақырамыз. Сізге сұрақ; Сіз алаңда Қайраттың Савицкийді өлтірген іне куә бола аласыз ба?

1 – куәгер. Боламын , өз көзіммен көрдім. Керек десеңіз менде қолында таяғымен түскен суреті бар. Ол ұлтшыл, Қайрат оңбаған!

Тергеуші: 2 – куәгерді шақырамыз. Сізге сұрақ; Сіз Қайраттың Савицкийді өлтіргенін бейнетаспаға түсіргеніңіз рас па?

2 – куәгер : Рас рас, ол Савицкий аяғымен теуіп, таяқпен ұрды. Менің қолымда түсірген бейнетаспа бар.

Тергеуші: Енді Қайрат Рысқұлбековке сөз беремін.

Қайрат; Мен ұлтшыл да, кінәлі де емеспін,

Сот: Барлық куәгерлерді тыңдай отырып Қайрат Рысқұлбековті «Айыпты » деп табамын

Қайрат : Хақ,о халқым!

Өткен заманымызда бас кесер өлім алдында жазаға кесілгендердің соңғы тілегін орындаған. Менің де соңғы ақтық сөзім бар.

Жалалы боп қатты батты жаныма,

Жазалаушы қағаз алдым қолыма.

Жігіттер ай айтып, айтпай не керек?

Жазған екен маңдайыма сорыма.

Біріншіден, мен анамды сағындым,

Екіншіден, бұл құдайға не қылдым?

Бостандықта еркін жүрген жан едім

Енді міне абақтыға жабылдым.

Әкетай ау пайғамбардай жасың бар

Туа бермес сіз секілді асылдар.

Қартайғанда жүрегіңді жаралап,

Кесір болды ай біз секілді масылдар.

Айналайын, қарындасым, қарағым,

Қолда кісен, мен айдауға барамын.

Қайғы шегіп, азап тартқан ағаңды

Айтшы жаным қандай жанға баладың?!

Айналайын, інішегім, құлыным

Сені ойласам үзіледі жұлыным.

Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай

Кетіп барам , мен айдауға , құлыным!

Мен не етермін, не етермін

Мен келмеске кетермін.

Көрмеген қош бол таңдарым

Көре алмай мен өтермін!

Тергеуші: Сот үдірісі аяқталды. Қылмыскерді апарыңдар!

Мұғалім: Қайтыс болғаннан кейін Қ. Рысқұлбековке «Халық қаһарманы »атағы беріліп, айрықша «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира , Ляззаттарға ақтау жөнінде анықтама қағаздары берілді.

Бірге:

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн.


Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Жұртым менің не қиындық көрмеді.

Жылап тұрып аналарым бұл жолда

Сан перзентін қара жерге жерледі.


Болсын осы ар алдында сөз ақтық

Қан мен намыс болса бойда қазақтық.

Қайтпас қайсар, қасиетті күреспен

Алыппыз біз мәңгі теңдік , азаттық.

Ән : Желтоқсан желі ызғарлы

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Осы кезеңде Қазақстанды дүнеи дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитын , сыйлайтын деңгейге жеткізген Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман , жасыл жайлау, көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!

Тәуелсіздік күнін еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке, себебі осынау жүрекжарды қуанышқа толы үшін ата - бабаларымыз қанын төкті, жанын берді. Бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап ұрпақтан – ұрпаққа табыс етті.

Тәуелсіздік - рухы күшті ғажап күн,

Артта қалды бодан болған азап күн.

«Елім, жерім, қазағым» деп тебіренем

Өйткені мен тәуелсізбін азатпын.

Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы 1991 жылдың 16 желтоқсан күні жүзеге асты. Дүниеге жаңа мемлекет – Тәуелсіз Қазақстан келді.

Алтын күн шуағын көк байрақ шашатын,

Жатқызбай әлемге құшағын ашатын

Қазақтың терінен нәр алған даласы

Тәуелсіз бейбіт ел мәңгілік ел жасасын!

Сайысымыздың кезеңдері:

  1. ХҮІІІ – ХІХ ғасырлардағы ұлт – азаттық көтерілістер.

  2. Берілген сөзге сипаттама.

  3. «Портреттер сөйлейді».

  4. «Еліміздің маңызды тарихи оқиғалары»

  5. Тәуелсіздік шежіресі «Суреттер сөйлейді» ойыны

  6. «Болашақ біздің көзімізбен» сурет көрмесі (үй тапсырмасы)

  7. «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» интелектуалды ойын

  8. «Тәуелсіздік тұғыры биікте» атты жыр , өлең арнау

  9. Марапаттау

  10. Қорытынды

Қысқа мерзім ішінде Қазақстан әлемдік аренада Тәуелсіздік мемлекет ретінде орнығып, бүкіл әлемге аты шықты. Отанымыздың тарихын ұмытпайық , туымызды желбіретіп биіктен көрінуге тырысайық!

Қасиетті Қазақстан – мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, жерім,Отаным – бақ дәулетім,

Болашағым. Өнер білім өркенім.

«Тәуелсіздік бастауы Желтоқсан!»

Оқушылар міне араға жыл салып, көптен күткен Тәуелсіздік мерекесі келіп жетті. Өздерің білесіңдер әрбір мереке үлкен бір мәнге ие , өзінше бір тарихы бар. Желтоқсан оқиғасы Тәуелісздіктің бастауы . желтоқсан оқиғасы дегенде көз алдымызға өктемдікке қарсы кеуделерін ашу мен ыза кернеген, құр қол қазақ жастарының мұздай қаруланған бас кесерлерге қарсы тұруы келіп, ой санамызда олар үшңн мақтаныш сезіммен бірге өксігі әлі де басыла қоймаған , өкініш сезімі жаулап алатыны бар.

Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы.
1 - оқушы
Туған жер – алтын таң.
Кең далам, таулы орман.
Ұл мен қыз қорғаймыз,
Бақытты ұлы Отан.
2 - оқушы
Отан дейміз от жаққан жерімізді
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен.
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді
3 - оқушы
Отан дейміз кең - байтақ астананы
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Мұғалім:Қазақстан біздің сүйікті - Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары бар. Осының бәрі Алтай менен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп жасанып - жасарып жатыр.
«Отан отбасынан басталады» - деп халқымыз айтқандай Отан кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті – оның жарық дүниедегі жансаясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны.

Қазақстан

Дүрсілдейді сонау Балқаш жағасы,

Баршы өзің, көңіл бөліп қарашы!

Тұр ғой соғып туған дала жүрегі

Жеріміз бар қасиетті, киелі

Сен бақытты ,атам қзақ баласы.


Кең далалы, кең пейілді қазақпыз

Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз!

Қас тағдырдың қиқаңына көнбейміз

Ел намысын ешбір жауға бермейміз,

Сертің осы азат жігіт, азат қыз!

Жақсы оқушылар келесі кезекте сайысымыздың алғашқы«ХҮІІІ – ХІХ ғасырлардағы ұлт – азаттық көтерілістер» атты кезеңі

Өз елінің еркіндігі , тәуелсіздігі үшін тарихта ерекше орын алған көтерілістер болды: Сырым Датыұлы, Кенесары Қасымұлы, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұды бастаған және 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілістер. Олардың да басты арамны еліміздің тәуелсіздігі болды.

Әр топқа өздері таңдап алған көтеріліс бойынша сұрақтар қойылады.

Кенесары Қасымұлы

  1. «Кенесарыға көзсіз ерлік тән еді» деп айтқан кім? (Л. Майер)

  2. Кенесары Қасыұлы көтерілісін зерттеген үшін 25 жыл сотталған тарихшы (Ермахан Бекмаханов)

  3. 1837 – 1847 жылдары хан Кенені қолдаған батырлар (Ағыбай, Бұқарбай, Иман, Басықара)

  4. Хан Кенесары Қасымұлы туралы тарихи шындықты ашып жазып, әдебиет тарихында батыл қадам жасаған кім? (І . Есенберлин )

  5. «Кенесары Наурызбай»дастанының авторы кім?

Сырым Датұлы

  1. Cырым батыр бастаған көтеріліс болған жылдар (1783 - 1797)

  2. «Cырым батыр жігерлі, тіреу ойлы, қайратты, батыл, тапқыр, ерекше тұлға» деп кім баға берді? (Ч. Бульжер)

  3. Сырым Датұлы бастаған көтеріліс нәтижесі (Жайықтың жағалауындағы қазақтарға мал жаюға рұқсат етілді)

  4. Сырым Датұлы қандай ру бірлестігін басқарды? (Байбақты)

  5. Сырым Датұлы ұлт азаттық көтерілісіне шықпас бұрын қай көтерілістен сабақ алды? (Е. Пугачев)

Исатай мен Махамбет

  1. Махамбеттің орыс достары (Даль мен Карелин)

  2. 1836 – 1838 жылдағы көтерілістегі ірі шайқастар (Тастөбе, Ақбұлақ)

  3. Көтерілістің нәтижесі (халықтан жиналатын алым салық жеңілдетілді)

  4. Махамбеттің мына өлеңін оқып беріңіз

  5. Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліс қандай жасақтармен қосылу мүмкіндігіне ие болды? (Кенесары, Жоламан)

«Қазақ халқы» бейне сюжет тамашалау.

Жақсы келесі кезекте «Берілген сөзге сипаттама» кезеңі. Әрбір оқушы берген сипаттамаларын қорғап шығады.

1 – топ Тәуелсіздікке сипаттама

2 – топ Отанға сипаттама

Тәуелсіздік

Тыныш, бейбіт, еркін, егемен, ерікті, тату

Отан

Туған елім, атамекен, өзен , су, көлім, әке шеше, туысым, туған өлке.

Сайысымыздың келесі кезеңі - «Портреттер сөйлейді».

Әр топқа адамдардың портреттері мен сөздері беріледі. Соны сәйкестендіріп шешу керек.

1 топқа

  1. «Аласын білім кітаптан» ақыл сөзі кімнің шығармасынан келтірілген? (І.Жансүгіров)

  2. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы (А. Құнанбаев)

  3. Дала жұлдызы атанған кім? (Ы. Алтынсарин)

2 топқа

  1. «Мағжан не жазса да сырлы, көркем жазады» кімнің сөзі? (Ж. Аймауытов)

  2. Адамдық борышың ,

Халқыңа еңбек қыл . (Ш. Құдайбердіұлы)

  1. «Күнәдан таза басым бар

Жиырма бірде жасым бар

Қасқалдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар» (Қ. Рысқұлбеков)

Сайысымыздың келесі бөлімі «Еліміздің маңызды тарихи оқиғалары»

Біз тәуелсіздікті аңсап , зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы керек. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы.

1 топқа

  1. Қазақстанның республикасының рәміздер қашан қабылданды? (4маусым 1992 жылы)\

  2. Елтаңбадағы шық аспан, бейбітшілік пен тыныштық белгісін білдіретін қандай түс? (көк)

  3. ҚР ның Мемлекеттік Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)

  4. ҚР ның Мемлекеттік Туда бейнеленген өмір мен қуат белгісі не? (алтын күн)

  5. ҚР ның Мемлекеттік Елтаңбасының авторы кім? (Жандарбек Мәлібеков пен Шотаман Уәлиханов)

  1. топқа

  1. ҚР ның Мемлекеттік Елтаңбасының не бейнеленген? (шаңырақ, тұлпар, жұлдыз, Қазақстан деген жазу бар)

  2. ҚР ның Мемлекеттік Елтаңбасында бейнеленген жеңіс, тәуелсіздік бостандық белгісі не? (киелі тұлпар)

  3. ҚР ның Мемлекеттік Әнұранының авторы кім? (Ш. Қалдаяқов, Н. Назарбаев, Ж. Нәжмеденов)

  4. ҚР ның Мемлекеттік Туында қандай ою бейнеленген? (қошқармүйіз)

  5. Н. Ә. Назарбаев қайда, қашан дүниеге келген?

Келесі сайысымыз Тәуелсіздік шежіресі «Суреттер сөйлейді» ойыны

Келесі бөліміміз «Болашақ біздің көзімізбен» сурет көрмесі (үй тапсырмасы) буклет

Мұғалім : Енді балалар «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» атты интелектуалды ойынымызды бастаймыз.
1 топ

1) Тәуелсіздікке неше жыл болды? 29 жыл
2) Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?

«Елтаңба», «Әнұран», «Ту».
3) Біздің сүйікті Отанымыз қалай аталады? «Қазақстан»
2 топ

1) Еліміздің астанасы қай қала? «Астана»
2) Бас қала қай қала? «Алматы»
3) Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті (Н. Назарбаев)

Өте жақсы балалар. Сендерге көп рақмет.

Келесі кезек «Тәуелсіздік тұғыры биікте» атты жыр , өлең арнау бөлімі

Би: Елбасы елдің тұтқасы


Енді бізге қайта оралды заңғарлар,

Сталиндік тозақтарда жанғандар.

Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер

Ілиястар, Бейімбеттер, Мағжандар.


Ей, тәкаппар дүние

Маған да бір қарашы.

Танимысын сен мені

Мен қазақтың баласы.



Желтоқсан айы естесің

Дауыл боп бұрқап, естесің.

Азаттық күйе қашаннан

Көкейін елдің тескенсің.


Бұрқ етті қазақ баласы

Кеудеде өршіп наласы.

Алаңға қарай ағылды

Таусылып барлық шарасы.


«Ер үшін төккен ерлер қанын жуып,

Ерлерді ұмытса да ел ұмытпас.

Арқаның елі, жері , шөлі, белі

Ерлерді ұмытса да ел ұмытпас» деп Мағжан Жұмабаев айтқандай , дүниені дүр сілкіндіріп, қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қаласың.


Туған тілім

Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!

Туған тілім – анам тілі – өз тілім!

Туған тілім – далам тілі – өз тілім!

Туған тілім – адам тілі – өз тілім!


Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып ақ алыңдар!


Туған өлкем

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туған өлкем.


Алтын дәнді даласы бар

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туған өлкем.


Ер еңбегі шалқып тасқан,

Ел еркіндей бақыт тапқан.

Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туған өлкем.


Астана

Бәйтеректің басын сен шықтың ба?

Сарыарқаның саф ауасын жұттың ба?

Өзегіңді жарып аппақ бір сезім

Өз еліңнің ұлылығын ұқтың ба?


Төгеді Есіл төңірегіне өмірлі ән,

Өз Астананаң өз қолыңмен соғылған.

Енді қазақ бір біріңді аяла!

Түбі бірге, түп қазыққа шоғырлан!

Алатауда қалды жылдар ең асыл,

Есілдің де жандай ыстық жағасы.

Жан даламның Алматы мен Астана

Көздеріңнің ағы менен қарасы.

Би: «Астана»

Хор: Қазақтай ел қайда

Әділқазы мүшелеріне сөз береміз.


Марапаттау


Қорытынды

Міне балалар, «Менің Қазақстанымды әлем таниды!»
деген тақырыптың мәнін терең түсіне алдыңдар деп ойлаймын. Ел алдындағы, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Ерінбей, жалықпай білім алыңыздар, ел болашағы сіздердің қолдарыңызда..Бұдан былай біздің жүрегімізге желтоқсан қасіреті сияқты ұлтымыздың қайғысы емес, мерейлі мерекелі, шуақты берекелі қуаныштар толсын!

Тәуелсіздік – баға жетпес бағымыз,

Қымбатты да , ең қымбатты барымыз.

Тәуелсіздік – білектегі әліміз,

Тәуелсіздік – жүректегі әніміз!


Орыс, қазақ, неміс, татар-бар ұлтым,

Кең аймақты, қазыналы туған жер.

Ақ көңілді ашық жарқын ел жұртым,

Құшағыңа қиыншылық алған жер.

Қаймықпаған қиындықтың жүгінен,

Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен.

Бүгінгі ұрпақ-бақытты ұрпақ атынан,

Құттықтаймыз! Тәуелсіздік күнімен.


Бүгінгі кешімізге қатысқан кеш қонақтарына алғыс айтамыз! Елімізде тек бейбітшілік пен бірлік, тыныштық, ынтымақ, ырыс болғай деген тілекпен «Қазақ ежелден еркіндікті аңсаған » атты зияткерлік сайысымызды аяқтаймыз.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
?аза? ежелден еркіндікті а?са?ан (зияткерлік сайыс)

Автор: Адамбаева Гульжан Каанатовна

Дата: 29.09.2016

Номер свидетельства: 346636


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства