kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қасқыр қысты қалай өткізеді? Әдебиеттік оқу

Нажмите, чтобы узнать подробности

жабайы аңдармен таныстыру,аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсінік беру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қасқыр қысты қалай өткізеді? Әдебиеттік оқу»

Сабақтың тақырыбы: Қасқыр қысты қалай өткізеді? (М.Дулатов).

Сабақтың мақсаты:Жабайы аңдар, олардың өмірімен таныстыру.Қасқыр, оның жабайы, жыртқыш аң екендігін ұғындыру, пайдасы, зияны туралы айту, түсінік беру.Халық педагогикасы арқылы имандылыққа тәрбиелеу.Әр түрлі ой дамыту стратегияларын пайдаланып, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.

Көрнекіліктер: қасқыр т.б. жабайы аңдардың суреттері, “Зоопарктегі аңдар” сюжетті суреттер, жеке үй жануарларының суреті, қосымша суреттер, кітаптар, энциклопедия, Ақсу-Жабағылы қорығы туралы буклеттер, аңдардың маскілері, ватман қағаз, М.Дулатовтың портреті т.б.

Сабақта қолданылатын әдістер: Ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою, топпен жұмыс, салыстыру кестесі, 5 жолды өлең т.б. стратегияларды пайдалану.

Пән аралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, математика; өмірмен, қоршаған ортамен байланыс, халық педагогикасын пайдалану, көрнекілік қолдану.

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру.Ой ашар:

  1. Қыс туралы жұмбақ өлең оқу, жауабын сұрау. Мәнерлеп оқимын, жауабын сұраймын (күз, қыс).

  2. Жыл мезгілдерін сұрау. Қыс мезгіліне тоқталу. Сурет бойынша әңгіме, “Қыс туралы” қыс айлары, қыс мезгіліндегі мерекелер туралы сұрау. 16 желтоқсан тәуелсіздік алған күн, Жаңа жыл мерекелерін сұрау. Қай жылы, қай ғасырда өмір сүрудеміз? т.б. сұрақтар қою.

Үй тапсырмасын сұрау: Үйге М.Иманжановтың “Қысқы кеш” әңгімесін оқу, өз суреттерін салу, сурет бойынша әңгімелеу берілген, енді оқушылардың суреттері тексеріліп, 1, 2, 3 оқушыдан сурет бойынша әңгімелеп беруін сұраймын. Қалған оқушылардың суреттері қабырғаға ілінеді.Тақырып бойынша диалог арқылы пысықтау сұрақтарына жауап алынады. Классик ақын Абай атамыздың табиғат лирикасына арналған өлеңдері сұралып, соның ішінде қыс өлеңінен 3 шумағын сұраймын.

Жаңа сабақ: Оқушылардың М.Дулатовтың “Қасқыр қысты қалай өткізеді?” атты әңгімесін оқитынымызды айтамын, портретімен таныстырамын. Тақтаға, дәптерге сол күнді, тақырыпты жазамыз. Енді балалардан қасқыр туралы не білетіндігін сұраймын. Қасқыр туралы өз серіктесімен ой бөлісуін, 2 минуттан кейін оқушылардың жауаптарын тізбектеп, тақтаға жазып шығамын.Ой қозғау:     Қасқыр туралы не білеміз?

Жыртқыш аң.Жабайы аң.

Орманда, тауда, тоғайда.Етті жақсы көреді.

Түсі қара көкшіл, сұр, ақ болады.

Оның жауы – бүркіт.Сүтқоректі.

Аңқау болады т.б. ойларын тізбектеп жазамын.

Ойларын қорытып жазып болған соң мәтінді таныстырамын, авторы – Міржақып Дулатов. Мәнерлеп оқып беремін. Оқушылардан қарындаштарын алып отыруын сұранамын, ескертемін. Түртіп алу жүйесі бойынша +, ?, v, – белгісімен  оқушылар жұмыс істейді. Түсінбеген сөздерін сұраймын. Бір-бірінен сұратамын, білмесе өзім түсіндіріп айтып, сөздік жұмысын жүргіземін.

Диалог: Әңгіме ұнады ма, не туралы т.б. өздеріне тізбектеп оқытамын. Сонан соң тақырыпты тереңірек ұғындыру үшін топпен жұмыс жүргізіледі. Әр топта 4 оқушыдан. Әр үй тобына карточкалар, сұрақтарға байланысты сюжеттік суреттер қоса таратылады. Әр топтың сұрағы. Әрбір негізгі сұраққа қосымша сұрақтар беріледі?

Топпен жұмыс:

І топтың сұрағы: Оқиға қалай басталды?

Оқиға орны. Табиғат қандай?Қыс көрінісін айтып бер.

Жалғыз жүрген не? Неге ол жалғыз деп ойлайсың?

ІІ топтың сұрағы:  Қасқырдың көңіл-күйі қандай?

Ол не үшін орманда жүр?Неге ол көңілсіз?Оның түр-түсі, жүрісі қандай екен?

Оған сендердің жандарың ашиды ма?

ІІІ топтың сұрағы: Ормандағы ең үлкен аң – аю туралы не білесіңдер?

Оның көңіл-күйі қандай?Неге ол тамақ жинамаған?

“Ораза” деген сөзді қалай түсінесің?Жалпы аюды суреттеп бер, ол туралы өлең-тақпақ білесің бе?

ІV топтың сұрағы: Түлкі қысқа қалай дайындалған?

Ол неге қу, көңілді? Ол нені жақсы көреді?

Түлкі туралы қандай ертегі, өлең оқыдыңдар?

Онда ол көбінесе нені алдап кетеді? (еске түсіру).

Түлкі туралы білетін тақпақ, жаңылтпаштарды айтыңдар.

V топтың сұрағы: Қоян мен көртышқан қысқа қалай дайындалған?

Олардың көңіл-күйі қандай?Олар нені жақсы көреді екен?

Қоянды қыста несі жаудан құтқарады?

Олар туралы қандай мультфильмдер көрдіңдер?

Ол жерде қоян қандай?

Қоян туралы тақпақ, өлең, жұмбақ білесіңдер ме?

VІ топтың сұрағы: Әңгіме қалай аяқталды?

Қасқыр неге қораны аңдыды?

Қасқыр нені жақсы көреді?

Жалпы қасқырдың өмірі туралы не білесіңдер?

Ол Қызыл кітапқа енген бе?

Топпен жұмыс жүргізу, әр топтан сұрақтарға жауап алынып, талданады, қосымша мұғалім толықтырып отырады. Қасқырдың төрт түлік малдың жауы екендігіне байланысты төрт түліктің пірлері сұралады. Қасқырдың зияны мен пайдасы айтылып толықтырылады. Ол ауыл шаруашылығына зиян келтіретіндігін, жұқпалы ауру тарататындығы айтылады. Ақсу Жабағылы т.б. қорықтар туралы буклеттер, кітаптар көрсету. “Аңдар паркінде” атты сюжетті таблицадағы суреттерді көрсету. Олардың тек орманда ғана емес, зоопаркте де болатындығын естеріне түсіру, атын атату. Sinkuein   (5 жалды өлең) жаздыру. Дәптермен, тақтамен жұмыс. Негізгі ойды білдіретін, үш сұраққа жауап арқылы 5 қатарлы өлең жаздыру. Әр қатарға үш түрлі тапсырма беру.

І. Қасқыр.  ІІ. Түлкі.  ІІІ.Қоян. Өзіндікжұмыс.

  1. Не? __________________________

  2. Қандай? _________________________

  3. Неістеді? ____________________________

  4. Синоним (ұқсас сөз) (1 қатарға) сөз, сөз тіркестерін жазу.

  5. Жалпы ойды қорытатын бір сөйлем жазу _______________________.

Мысалы: Қасқыр.

Жыртқыш, жабайы, көкшіл аң.

Жортып жүрді, тамақ іздеді, ауылға келді.

Жыртқыш аң.

Аш қасқырдың жағдайы нашар.

Жабайы аңдар мен үй жануарларының ұқсастығы мен айырмашылығын табу, жұппен жұмыс. Тақтаға ақ ватман қағаз ілінеді.

Енді сахналық көрініс, рольдік ойындар, аңдар маскісін киген оқушылар, жүргізуші автор. Тақырыбы“Аңдар айтысы” деп аталады. Жүргізетін автор. Оқушылар ортаға шығып, тақпақ айтып, өз өнерлерін көрсетеді. Сабақ соңында бағаланып, үй тапсырмасына “Еркін жазу” стратегиясы бойынша әңгімені аяқтап келу, өз қиялдарымен әңгіме жазу тапсырылады. Бағалау кезеңі.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Қасқыр қысты қалай өткізеді? Әдебиеттік оқу

Автор: Утегалиева Клара Акошевна

Дата: 03.11.2016

Номер свидетельства: 355093

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Балабақшадағы бала тілін дамытудағы маңызы"
    ["seo_title"] => string(47) "balabak_shadag_y_bala_tilin_damytudag_y_man_yzy"
    ["file_id"] => string(6) "384211"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1485449899"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(24) "М.Дулатов. ?ыс"
    ["seo_title"] => string(16) "m-dulatov-k-ys-2"
    ["file_id"] => string(6) "296527"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1456042955"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства