Күләш Ахметова -ақын, жазушы. Ол Қырғыстан Республикасы ,Талас ауданында, Киров ауылында 1946жылы 26 сәуірде дүниеге келген. «Ақ гүлім менің», «Жапырақ жаздың жүрегі» атты жыр-жинақтары жарық көрген. Астана қаласы қандай қала? Оқушылар өз ойын ортаға салады. -Енді осы Астана қаласының ішіне саяхат жасайық.(Астана қаласының әсем жерлерін көрсету) 1. «Астана » өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын ашу Бұл жерде ақын ауызбірлікке,бейбітшілікке,егеменді ел болуға Отаныңды,еліңді қорғауға шақырып тұр. Алматы бас қала болған кезде де біз біраз жетістіктерге жеткенбіз.Ең бастысы тәуелсіздікке қол жеткізгенбіз. Ақын өлеңдегі Алматы мен Астана сөздерін адамның көз жанарына теңеген,себебі Алматы мен Астана да Қазақстан Республикасының құтты мекені десек те артық айтқандық болмас.Алматы бұрыңғы тарихы бар астана болса,Астана қазіргі бас қала.Алматыда «Тәуелсіздік монументі» болса,Астанада 97 метр биіктікте орналасқан «Бәйтерек» монументі бар. 2. Оқушыларға тізбектей оқыту 3. Тапсырмалар орындау: 4. Өлеңдегі ақын ойын сызбаға сүйеніп түсіндіру. а) Сарыарқа ә) Алатау б) Алматы ↓ ↓ ↓ Есіл Алматы Астана ↓ Астана ↓ Бәйтерек 5.Өлеңнен осы сөздердің әрқайсысына қатысты жолдарды тапқызып,тұтастай оқыту. Мысалы: Өз Астанаң өз қолыңмен соғылған. Поэзия минуты (Оқушылар Астана мен Алматы қалалары туралы өлеңдер оқиды) Дәптермен жұмыс Қараша айының жиырма бірі Класс жұмысы Астана Күләш Ахметова Шығармашылық жұмыс: –Енді балалар барлығымыз тақтадағы бәйретектің суретіне зер салайық.Осы сурет сендерде қандай сезім туғызды? Ақынға ілесіп, суреттен алған сезімдеріңді өлеңмен жеткізіп көріңдер. Бәйтеректің басына сен шықтың ба ? .......................................................... |