Пәні | Қазақ тілі | Сыныбы 4 «Ә» | 20.12.14 |
Тақырыбы | Қысқарған сөздер |
Мақсаты | Оқушылардың бірлескен жұмыс арқылы жаңа білімді игеріп, оны жаттығу барысында тиімді таңдап, қолдана білуіне ықпал ету |
Міндеттері | Қысқарған сөздер ұғымын анықтай білу Қысқарған сөздер үшін қолданылатын сөздерді,ережені меңгеру Шығармашылыққа жетелеу |
Күтілетін нәтиже | Оқушылар топта жұмыс жасай алады Бір бірінің пікірін тыңдай отырып өзіндік ой тұжырымдайды Сөйлеу дағдылары артады. |
Сабақтың негізгі ойы | Бәріміз біріміз үшін,біріміз бәріміз үшін. |
Ресурстар | АКТ-интерактивті тақта, электрондық оқулық,сызбалар,таратпа материалдары,бағалау парағы,түсті смайликтер, 4 сыныптың Қазақ тілі оқулығы, рефлексиялық кестелер,суреттер,электронды оқулықты пайдалану. |
Оқыту әдістері | Оқытудың жаңа әдістері СТО АКТ Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау | Топтық жұмыс Жұптық жұмыс |
Сабақ кезеңі | Уақы-ты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының әрекеті |
І. Ұйымдастыру-шақыру кезеңі | 1 мин | Психологиялық сәт. Мұғалім оқушыларға топтарында орындарынан тұрып,өлеңді бірге айтуды ұсынады | Оқушылар орындарынан тұрып, өлеңді бірге айтады: Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Қуанамыз бәріміз, Арайлап атқан күнге! |
| 8 мин | Үй тапсырмасын тексеру | Ережені айту және өз мысалдарын келтіру.65,66-жаттығудың тапсырмасын оқып, мәтіндегі сөз тіркестері туралы айту.Бірін-бірі ауызша бағалайды. |
| 3 мин | 2.Топқа бөлу. Оқушыларға қиылған сөздер,сөйлем бөліктері,сөйлемдер таратылады. | Оқушылар сыни тұрғыдан ойланып,топтасады.1-топ: «Қос сөздер» 2-топ: «Біріккен сөздер», 3-топ: «Қысқарған сөздер» |
| -
мин | Бағалау парағымен таныстырады, топта рольдерге бөлуді ұсынады. Формативті бағалау Әр тапсырмалардың орындалысы түсті смайликтермен бағаланады: жасыл түс-біледі,өздігінен орындай алады,сары-жақсы,кейбір жағдайда күмән бар.қызыл-көмек қажет Сабақ соңында жиналған смайликтер саны бойынша бағағаланады. | Оқушылар бағалау парағымен танысып, топта рольдерге бөлінеді. |
| 4 мин | 4.«Тобымызды қорғаймыз!» Әр топ мүшелеріне аттарына байланысты постер қорғау ұсынылады. | Әр топ мүшелері аттарына байланысты постер дайындайды.(Біріккен,Қос,Қысқарған сөздер туралы не біледі). Оны сыныптың алдында ұсынады.Бірін бірі толықтырады. |
| 6 мин | Өткенді қайталау: «Қысқарған сөздер» Мұғалім электрондық оқулықтан қысқарған сөздер туралы теориялық мәлімет ұсынады. Қысқарған сөздерге қолданылатын ерекше сөздерді нақтылау. | Оқушылар электрондық оқулықтан Сөз тіркесі туралы теориялық мәлімет тыңдайды Олар топта бірлесе отырып Қысқарған сөздерге қатысты сөздерді санамалайды. Неліктен? |
| 8 мин | Сызбамен жұмыс Бірнеше сөзден тұратын атаулар қысқартылып айтыладыҮҚР,БҰҰ,Бұларды қысқарған сөздер деп атайды. Қорытынды. Дүниетану пәнімен пәнаралық байланыс. | Сызбамен танысу.Слайд арқылы Қысқарған сөздермен танысу, |
| 1 мин | Дәптермен жұмыс Көркем жазу Біріккен Ұлттар Ұйымы-БҰҰ | Оқушылардың жазу каллиграфиясына мән беруі. |
ІІ іске асыру кезеңі. | 1 мин | Сергіту сәті. «Жұмыр қылыш» АКТ қолдану | Топ мүшелері музыка әуенімен интер белсенді тақтадағы үлгі бойынша қимыл қозғалыс жасайды. |
| 7 мин | Шығармашылық жұмыс Сөйлемдерді көшіріп жазу,Қысқарған сөздердің астын сызып,қысқарған сөздердің толық атауларын айту. | 1-топ:- 66-жаттығу 1ші сөйлем 2-топ:- 66,2ші сөйлем 3-топ: 66-жатт,3ші сөйлемін жазу. 67-жаттығуды бірігіп орындау. |
ІІІ Рефлексия кезеңі | 2 мин | «Кім жылдам?»ойыны. .1топ Қоңыраудың даусы қалай шығады? Жаңбыр басылған соң аспанда көрінеді.
2/Өзі тәтті, өзі мұздай. Екі сөз бірігіп қалайша сайрады? Найзағай қалай ойнайды? Жиегі көгерген кілем қайдан көрінген? Адам қорыққанда не істейді? . 2 - топқа да қос сөздерге байланысты тапсырма беріледі. 1/Сөздердің құрамындағы әріптердің орнын өзгерту арқылы басқа сөз жаса. Бұл қандай сөздер? Тарс - тұрс, пыс - пыс, лып - лып, қарш - құрш. 2/Сөздердің құрамындағы әріптердің орнын өзгерту арқылы басқа сөз жаса. Бұл қандай сөздер? Тық - тық, ырс - ырс, шарқ - шұрқ, пыс - пыс. 3 / Сөздердің құрамындағы әріптердің орнын өзгерту арқылы басқа сөз жаса. Бұл қандай сөздер? Сарт - сұрт, сып - сып, ылп - ылп, сыр - сыр Осы атауларды қысқартып айт:Мемлекеттік мекеме,Педагогикалық кеңес,Қазақ ҰлттықУниверситеті,сантиметр,килограмм.
| Оқушылар бүгінгі сабақ туралы кері байланыстарын алма стиерлеріне жазып,оқып береді де,ағашқа жапсырады. Берілген тапсырмаларға оқушылар толық,нақты жауап береді. |
| 1 мин | 12. Үйге тапсырма 69,70-жаттығулар | Ауызша қысқарған сөздермен сөйлемдер құрау. |
| 2 мин | 13. Қорытынды бағалау. | Оқушыларды жауап бергенде алған смайликтермен бағалау. Өзбеттерімен бағалау бір-бірін. |