kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ыс?а мерзімді жоспар. П?ні: ?аза? тілі. Та?ырыбы:"В дыбысы" 3 класс

Нажмите, чтобы узнать подробности

В дыбысыны? айтылу ерекшелігін бай?ату, в дыбысы бар с?здерді? орыс тілінен енгендігін а??арту, в ?ріпі бар с?здерді? ма?ынасын т?сіндіріп, оларды д?рыс жазу?а ?йрету, в дыбысы туралы ал?ан білімдерін ке?ейту.
Саба?ты? міндеттері:1) Білімділік: Балаларды в ?ріпі бар с?здерді д?рыс айту?а ж?не ?атесіз жазу?а машы?тандыру
2) Дамытушылы?: Ауызша ж?не жазбаша тілді дамыту,?ызы?ушылы?тарын оятып, танымды? к?з?арастарын ?алыптастыру;
3) Т?рбиелік: О?ушыларды тап?ырлы??а, ?зара сыйласты??а, саналылы??а баулу, ?йымшылды? пен е?бек с?йгіштікке т?рбиелеу.??гімелесе отырып, адам бойында?ы жа?сы ?асиеттерді сі?іру. Ізденімпаз,е?бек?ор, ?йымшыл, болу?а ы?пал ету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ыс?а мерзімді жоспар. П?ні: ?аза? тілі. Та?ырыбы:"В дыбысы" 3 класс »

Пән мұғалімі:Өтеуова Гүлсана Бейбітқызы Пәні: қазақ тілі Класс: 3

Сабақтың тақырыбы: В дыбысы

Сабақтың мақсаты: В дыбысының айтылу ерекшелігін байқату, в дыбысы бар сөздердің орыс тілінен енгендігін аңғарту, в әріпі бар сөздердің мағынасын түсіндіріп, оларды дұрыс жазуға үйрету, в дыбысы туралы алған білімдерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:1) Білімділік: Балаларды в әріпі бар сөздерді дұрыс айтуға және қатесіз жазуға машықтандыру
2) Дамытушылық: Ауызша және жазбаша тілді дамыту,қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру;

3) Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, өзара сыйластыққа, саналылыққа баулу, ұйымшылдық пен еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.Әңгімелесе отырып, адам бойындағы жақсы қасиеттерді сіңіру. Ізденімпаз,еңбекқор, ұйымшыл, болуға ықпал ету.

Күтілетін нәтиже: - Сабақ барысында В дыбысы бар сөздерді дұрыс айтып, қатесіз көшіріп жазуға үйренеді, оқушының оқу, сауатты жазу, ойлау қабілеті артады; Төзімділікке тәрбиеленеді;Сөздік қоры, тілі дамиды.

Кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдас-тыру кезеңі

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.

-Шаттық шеңбері«5» болсын алар бағамыз,Білімнен бақыт табамыз
Өнерменен өрістеп,Өсе берсін санамыз.

Тренингке қатысады,

жұпқа бөлінеді.

От шашу

Смайликтер

Қызығушы-лықты ояту

Өткенді еске түсіру, тексеру, бағалау. (тыңдау,айту,сөйлеу,әңгімелесу,оқу,жазу)

- Оқушылар дыбыс дегеніміз? Әріп дегеніміз ше?

- Дыбыстардың неше түрі бар? Дауысты дыбыстарды ата.

- Дауыссыз дыбыстарды ата.

"Кім жылдам?" О- «торсық» сөзінің екінші әрпі. К- «Көкек» сөзінде үш рет айтылатын дыбыс? З- 10-ның алдындағы санның соңғы әрпі. А- ең жақын,ең аяулы адам кім? Л-ешкінің төлінің бірінші әрпі
- Жарайсыңдар балалар! Сабағымызды әрі қарай жалғастырамыз.

-Өткенді қайталайды.

-Сұрақ қояды

Бірін-бірі бағалауы


Оқулық

Мағынаны тану

Ойын "Жоғалған әріпті тап".- Кие..., ...олейбол,паро...оз,а..тобус, ...аза .
Әрбір сөздің қандай мағынаны беретінін сұрау.
- Бұл аталған сөздердің бәріде қай тілден енгенін білеміз бе?
- Орыс тілден енген екен, ия.
- Бұл сөздердің бәрінде де В әріпі бар. В әрпінің сөз ішіндегі орнын анықтайықшы?
- Киев – сөз соңында, волейбол, ваза - сөздің басында,
автобус, паровоз - сөздерінде сөздің ортасында келіп тұр.
- Бұдан шығатын қорытынды не? Балалар, «В» - ұяң дауыссыз дыбыс. Ол сөздің барлық буынында кездеседі. «В» дыбысы орыс және шет тілдерінен енген сөздерде қолданылады. Біз оны дауысты дыбыстардың көмегімен ғана дауыстап айта аламыз. Ол сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі. Мысалы: вагон, аквариум, диван.
Көркем жазу: - Ал енді балалар мен тақтада сендерге «В» әрпінің бас және кіші әрпін жазамын. Сендер соны дәптерлеріңе жазып шығыңдар.
-Оқулықпен жұмыс.1-жаттығу. Өлеңді жатқа айту.
- Өте жақсы балалар, ендеше 3 – жаттығу.
Жұмбақты оқу, шешуін табу.
Үй ішінде - бөлме,
Бөлме іші - көлде.
Түрлі ұсақ - балық,
Жүзді сайран салып.
- Шешуі не екен? - Аквариум
- Аквариум дегеніміз не, білеміз бе? Көргенбіз бе? Аквариум суретін көрсету.
Аквариум сөзі де орыс тілінен енген екен. Бұл сөздің қазақшасы қандай мағына береді деп ойлайсыңдар? ( оқушыларды сөйлету)
- Дұрыс. Аквариум - қолда балық өсіруге арналған су құйылған шыны ыдыс.
- Өте жақсы балалар, ал енді осы жұмбақтың шешуін қатыстырып сөйлем құрап көрейікші.
Аквариум сөзін буынға бөлдіре отырып, в дыбысының орнын анықтату.
- Өте жақсы балалар, аквариумнен басқа тағы қай жерлерде балықтар болады?
- Өзен, көл, су тоғандарында.
4 – жаттығу. « Қай әріпті жоғалттым?» ойынын ойнату.

6-жаттығу. 1) Мәтінді оқыту.
2) В әрпі бар сөздерді тапқызу, дәптерге жаздырту.

Велосипед, автомобиль, трамвай, автобус.
- Бұл сөздердің бәрінде де В әрпі бар екен.
- Ендеше үш қатарға үш сөз беріледі, әр жұп бірлесе отырып, сол сөзге дыбыстық талдау жасайды.
1 қатар ---------------- 2 қатар ---------- 3 қатар
Велосипед ---------- трамвай --------- автобус

-Сергіту сәті


-Өткенді қайталау үшін сұрақтарға жауап береді.

-Сұрақтарға жауап береді.





-Дәптерлеріне жазады.






Қорытынды жасайды.








-Оқиды

-Сұрақтарын қояды.

Дауыс күшін дамытуға арналған «Жел соғады» жаттығуы
Даламен біз жүріп келеміз, бізге күн сәуле түседі
Міне самал жел ақырын-ақырын есті в-в-в-
Кенеттен күшті жел соқты У-У-У.

Мұғалімнің сабаққа жақсы қатысқан оқушылар-ды

мадақтауы

-Бірін-бірі бағалау.

От шашу




Тақта


Дәптер

Оқулық


20-21 бет


Ой толғаныс

-Шығармашылық тапсырма: 5-жаттығудағы жасырынған сөздерді табу.

-Оқушылар тапсырманы жұппен орындайды.

Үш шапалақ


Рефлексия

-Ойын: «Тез құрастыр»

В дыбысы қандай дыбыс?
В дыбысы сөздің қай буынында кездеседі?
В дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтір.

Балалар осы сөздерді қатыстырып сөйлемдерді құрастырады.

-айтады

Мадақтау


Қорытынды-лау


-Бүгінгі сабақта нені үйрендік? Не ұнады? Не ұнамады?

Бүгін сендер сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.

Үйге:2-жаттығу, мәтінді көшіріп жазып келесіңдер

. Бағалау:бағдаршам түстерін таңдау

-Түсінбеген тапсырмалары болса сұрақтарын қояды


Бағдаршам

Көңіл-күйлерін білдіреді.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
?ыс?а мерзімді жоспар. П?ні: ?аза? тілі. Та?ырыбы:"В дыбысы" 3 класс

Автор: ?теуова Г?лсана Бейбіт?ызы

Дата: 18.09.2015

Номер свидетельства: 231711


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства