kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?ыс ?ызы?ы» («А?бота» орта??ы тобында ашы? ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Таби?ат с?лулы?ына ?ызы?ушылы?тарын байыта отырып, орман ?леміне саяхат жасау, т?рлі геометриялы? пішіндерден ??растыру ар?ылы танымды? ?абілеттерін арттыру. ?ыс мезгіліні? ?ызы?тарын игерте отырып, ?з білімдерін к?рсете білуге, есте са?тау, ойлау ?абілеттерін дамыту. ?ыс?ы ойындарды? суреттерін ??растыруда шы?армашылы?тарын ізденіспен білімпазды??а т?рбиелеу.

?діс – т?сілдер: т?сіндіру, к?рсету, с?ра? – жауап, ??гімелесу.

С?здік ж?мыс: ?ыс, орман.

Алдын  – ала ж?ргізілетін ж?мыстар: ?ыс?ы орман?а саяхат. ?ар мен м?зды? ?асиеттеріне т?жірибе.

?олданылатын к?рнекі ??ралдар: ?ыс суреттері, дидактикалы? материалдар.

Билингвальді компонент: ?ыс – зима, орман – лес, ?ар – снег, м?з – лед, су – вода.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?ыс ?ызы?ы» («А?бота» орта??ы тобында ашы? ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті) »


Мақсаты: Табиғат сұлулығына қызығушылықтарын байыта отырып, орман әлеміне саяхат жасау, түрлі геометриялық пішіндерден құрастыру арқылы танымдық қабілеттерін арттыру. Қыс мезгілінің қызықтарын игерте отырып, өз білімдерін көрсете білуге, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Қысқы ойындардың суреттерін құрастыруда шығармашылықтарын ізденіспен білімпаздыққа тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, әңгімелесу.

Сөздік жұмыс: қыс, орман.

Алдын – ала жүргізілетін жұмыстар: Қысқы орманға саяхат. Қар мен мұздың қасиеттеріне тәжірибе.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қыс суреттері, дидактикалық материалдар.

Билингвальді компонент: қыс – зима, орман – лес, қар – снег, мұз – лед, су – вода.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

Шаттық шеңбері:


Білер қазақ баласы,

Сәлем - сөздің анасы.

Бәріңізге ізетпен,

Біздер сәлем береміз.

Қимыл – қозғалыс жасау арқылы орындайды.

- Сәлеметсіз бе?

- Здравствуйте?

- God morning?

Ұйымдастырушылық - ізденістік

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс айларын атаңдаршы?

- Қыс мезгілінде ойын ойнау үшін қандай заттар қажет?

- Қардан не жасаймыз?

- Қардың түсі қандай?

- Қар ери ма, еріми ма?

- Қар ерісе неге айналады?

- Қар қатса неге айналады?

- Қане, балалар, бұл сұрақтың нақты жауабын тәжірибе жасау арқылы көзімізді жеткізейік.

Тәжірибе: «Қар, мұз, су».

Есік қағылып, Ақ Қоян келеді:

- Балалар, мен көжегімнен адасып қалдым. Менің сүйкімді ақ көжегімді көрдіңдер ме?

- Мен көжегімді алып кетейін.

Жарайды балалар.

Музыка әуенімен балалар орманға саяхат жасайды.

- Балалар бәріміз орманға саяхат жасайықшы.

Орманға барар жолда қасқырмен кездесеміз.

I. Қасқыр:

Мен көкжал қасқырмын,

Малшыны састырдым.

Аш болсам, ұлимын.

Ауылды торимын.

- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, жұмбақ шешу білесіңдер ме?

1. Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.

(қар)

2. Көлдің беті көк әйнек,

Сырғанауға тым әйбат.

(мұз)

3. Қоймасын қыс ақтарып,

Жерді жапты ақ мамық.

(қар)

4. Тікен – тікен тік пісте,

Қысы, жазы бір түсте.

(шырша)

5. Күміс тұяқ тұлпарды,

Ерттеп міндім ат қылып.

(шана)

6. Жазда болмайды,

Қыста болады.

Терезеге қонады,

Әсем ою ояды.

(қырау)

7. Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ желеді.

Аузы жоқ құлиды.

(боран)


II. Қоян:

Сәбізді жақсы көремін,

Мен қоянмын, қоянмын.

Орман менің тұрағым,

Аю, түлкі достарым.

Балалар 2 топқа бөлініп, тапсырма орындаймыз:

1. Қолғаптың сыңарын тап.

Мақсаты: Әр түрлі қолғаптың сыңарын табу арқылы шапшаңдықтарын арттыру.

2. Аққаланы құрастыру.

Мақсаты: аққаланың бөліктерін ажырата отырып, саусақ бұлшықеттерін дамыту.



III. Түлкі:

Өзі айлакер, өзі қу,

Жүрген жері айқай, шу.

Таныстырсам өзімді,

Түлкі деген мен болам.


Сергіту жаттығуы.

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнап күлеміз.

Бірге балық аулаймыз,

Міне біздер қандаймыз.

Бөлінбейді іргеміз,

Әрқашанда біргеміз.




IV. Аю:

Тәтті балдың атасы,

Мен қорбаңбай аюмын.

Қыста ұйықтап қалатын,

Аю деген мен болам.

Дидактикалық ойын:

«Үсірем – үсірем».


Шарты: шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу.


Қоянды шығарып салу.

- Ақ Қоян сізге балалармен бірге орындаған тапсырмалар ұнады ма?


- қыс мезгілі

- желтоқсан, қаңтар, ақпан.

- коньки, шана, шаңғы.

- аққала

- ақ

- ериді

- суға

- мұзға


















- Міне, сіздің көжегіңіз?

- Жоқ. Сіз бізбен бірге орманға саяхат жасаңыз.




























- қар



- мұз



- қар



- шырша



- шана



- қырау



- боран































Қимыл – қозғалыс жасау арқылы сергіту жаттығуын орындайды.

































Балалар ойынға қызығушылықпен қатысады.

- Ақ Қоян өзінің сыйлығын балаларға береді.

















- Сау болыңыз.

Рефлексиялық - түзетушілік

- Балалар біздер қайда саяхат жасадық?

- Бізге қонаққа кімдер келді?

- Орманда қандай аңдармен кездестік?

- Қасқырдың тапсырмасы ұнады ма?

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау – сәләмәт болайық.

- қысқы орманға.


- қонақ апайлар.

- қасқыр, аю, қоян, түлкі.

- иә.

- Сау болыңыз!

  • До свидания!

  • Goоd bay!


Күтілетін нәтиже:


Біледі: Қыс қызықтарының ерекшеліктерін және қардың қасиеттерін;


Игереді: Тапсырмаларды орындауда іскерлік шеберліктері мен танымдық құрастыруларды;


Меңгереді: Қыс қызықтары тапсырмаларында ойланып жұмыстануды меңгерді.





























Ж. Молдағалиев атындағы №2 ОЖББМ жанындағы

«Өрлеу» шағын орталығы








Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық».

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру. Тіл дамыту. Құрастыру.



Тақырыбы:

«Қыс қызығы»

(«Ақбота» ортаңғы тобында ашық ұйымдастырылған

оқу іс-әрекеті)





Өткізген: тәрбиеші

Қосанова А. М.










Орал - 2015 жыл


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«?ыс ?ызы?ы» («А?бота» орта??ы тобында ашы? ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті)

Автор: ?осанова Алмаг?л Махамбет?ызы

Дата: 23.01.2015

Номер свидетельства: 160347


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства