Д?ниетану п?нінен ?ткен "??старды? ту?ан жерге оралуы" та?ырыбында ?ткен саба?ымда о?ушылар?а жыл ??стары туралы т?сінік бердім. Саба? барысында сыни т?р?ыдан ойлау стратегиясыны? ой ?оз?ау, жина?тау, талдау сия?ты ?діс-т?сілдерден пайдалана алдым. О?ушыларым топпен ж?не жеке ж?мыс жасады.Топпен ж?мыс жаса?ан кезде о?ушылар бірлесіп жа?даяттан шы?у?а е?бектенді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"??старды? ту?ан жерге оралуы" »
Сабақтың тақырыбы: Құстардың туған жерге оралуы
Сабактың мақсаты: 1)білімділік. Құстардың негізгі белгілері жайлы түсінік беру, құстардың табиғаттағы тіршілігі , соның ішінде жабайы құстар мен үй құстары , олардың тіршілігі , дене бітімі , дамып өсуі туралы білім беру : құстар әлемі , құстарға қатысты халық болжамдары , құстардың емдік қасиеттері , үй құстарының пайдасын меңгерту .
2)дамытушылық: Оқушының тілін, ой-қиялын ұштау , дүниетанымын қалыптастыру , құстар әлеміне деген қызығушылыгын арттыру , өз ойларын ашық айтуға, еркін сөйлеуге дағдыландыру.
3)тәрбиелік : Табиғаттың жаршысы - құстарды қорғауға , олар туралы білімдерін кеңейтуге , үй құстарын асырай білуге тәрбиелеу.
6) Жануарлар балаларын неден қорғайды ? ( суықтан және жауларынан қорғайды) .
7) Қай кезде малды өрісіне жаяды ? ( күн жылы кезде ).
8) Мал қай кезде семіреді ? ( жаңа шыққан шөпті жеген кезде ).
IV. Жаңа сабақ : Құстардың туған жерге оралуы
Жұмбақ
Балалар мына жұмбақты шешсеңдер жаңа сабағымыздың аты шығады.
Көкте ұшады тізіліп,
Біз қараймыз қызығып. (құстар)
V. Ой қозғау:
Оқушылар біз құстардың түрлерін білеміз бе ? Онда айтайық : тауық , қарлығаш, тоқылдақ, тырна, күрке, торғай, аққу т.б. Құстар туралы тусіндіру. Слайдтан көрсетіліп шығарылады. Көктемде үй құстары балапан шығарады. Адамдар оларға ұя жасайды. Балапандарын күтіп қоректендіреді . ( Қаз , күрке тауық , үйрек).
Көктем - құстардың туған жерге оралатын шағы .
Олар ұя салып жұмыртқалайды , балапан басып шығарады .Құстардың ұяларын жасап , жұмырқа салған кезі - қауіпті де қиын кез. Себебі , жұмыртқаға қауіп төндіретін жаулар көп болады .Құстар ұяларын ағаш бұтағына , жардың қуысына салады. Құстардың ұясын бұзуға болмайды . Құстар- табиғат тазалықшысы . Оларға ерекше қамқор көрсетуіміз керек , себебі құстар да адамзат көмегіне зәру.
(тоқылдақ, қараторғай , бұлбұл , қарлығаш т.б. туралы слайдтан көрсетіледі. Алуан түрлі ерекшеліктері , қасиеттері туралы айтылады ).
Құстардың пайдасы : Құстар өсімдікке зиянды жәндіктерді , құртады. Қараторғай 1 тәулікте 300 рет тамақ әкеледі.
Бір шымшық балапандарымен бірге 40 ағашты тазартады. Тоқылдақ-орман емшісі , жыл сайын ұясын ауыстырып отырады . Үй құстарының пайдасы –еті мен жұмыртқасы.
Тізбектей оқу Оқушыларға тізбектей оқыту .
Топтарға тапсырма беріледі :
1- топқа. Ол- өте көрікті , сұлу құс . Ол 30-40 жыл өмір сүреді . Тіршілінінің көп уақытын суда өткізеді . Жақсы жүзеді , бірақ сүңги алмайды . Құрлыққа сирек шығады . Жұп құрып тіршілік етеді . Қазақ халқы ежелден қастерлеп, жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы әрі киелі , құстың төресі санап , оған еш уақытта оқ атпайды , жылан да жұмыртқасына тиіспген .
Бұл құсты ата . Кесте , слайд ( аққу )
2-топқа.
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып , қастерлеп,
Нелерге? тастаңдар.
Қыстап қалатын отырықшы құс ?
Бұл құсты атаңдар ? торғай
3- топқа. Ол-адамның досы . Ұясын үй маңына салады .
Шыбын –шіркейлер аулап , жылына 1 млн шыбын шіркей жейді. Балапандарының аяғын матап тастайды , ол –татулық пен бірліктің символы. Бұл құсты атаңдар ?
Сергіту сәті : Қәне қанат жазайық ,
Құстар құсап ұшайық.
Ұшып –ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Халық болжамдары
Қыста қаздар қаңқылдаса, күн жылы болады .
Торғай шаңға аунаса, жаңбыр жауады .
Әтеш қыстыгүні бір аяғын көтеріп тұрса , аяз болады .