kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

??стар –бізді? досымыз, ?ор?ау?а ?лес ?осы?ыз!

Нажмите, чтобы узнать подробности

??стар –бізді?  досымыз, ?ор?ау?а ?лес ?осы?ыз!

   К?ктемде жыл ??старыны? ?оныс аударуына  байланысты ж?не оларды ?ор?ау ма?сатында  халы?аралы? ??старды ?ор?ау  ?йымдарыны? шешімі   бойынша,1906 жылдан бастап,1-к?кек-Халы?аралы? ??стар к?ні деп белгіленіп, жыл сайын Д?ниеж?зіні? к?птеген халы?тары ??стар к?нін зор ы?ыласпен атап келеді.

      ??стар таби?атты? с?лу м?сін ?рі с?йкімді ??рамдас б?лігі бол?анды?тан,олар туралы а?ыз-??гімелер,ма?ал-м?телдер,тыйым с?здер мен  с?з-тіркестері  хал?ымызды? ауыз ?дебиетіне к?птеп кездеседі.

Б?л арада а?ын Мырзан Кенжебаевты? мына жыр жолдары соны? ай?а?ы болма?:

?асиетті с?з бар еді  «Кие»деген,

(Киеліге жоламас к?йе деген).                                                                                             

Жерін,елін,Отанын с?йетіндер,

Е? алдымен б?л с?зді с?йеді ерен. 

  Хал?ымызды? ?ажырлы да ?айсар,батыр ?лдарыны? бірі  Б.Момыш?лы (1910-1982) атамыз «с?лулы? дегенні? тамыры таби?аттану деген н?рседе жатыр.. ??старды алып ?ара?ан.  Оларды? ішінде ?аншама с?лулы? бар. Сол, себепті  ?ара?ым, с?лулы?  деген н?рсені? ?зі таби?атты? жаса?ан шеберлігі. Осы к?нде 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«??стар –бізді? досымыз, ?ор?ау?а ?лес ?осы?ыз!»

Құстар –біздің досымыз, қорғауға үлес қосыңыз!

Көктемде жыл құстарының қоныс аударуына байланысты және оларды қорғау мақсатында халықаралық құстарды қорғау ұйымдарының шешімі бойынша ,1906 жылдан бастап ,1-көкек-Халықаралық құстар күні деп белгіленіп , жыл сайын Дүниежүзінің көптеген халықтары құстар күнін зор ықыласпен атап келеді.

Құстар табиғаттың сұлу мүсін әрі сүйкімді құрамдас бөлігі болғандықтан,олар туралы аңыз-әңгімелер,мақал-мәтелдер,тыйым сөздер мен сөз-тіркестері халқымыздың ауыз әдебиетіне көптеп кездеседі.

Бұл арада ақын Мырзан Кенжебаевтың мына жыр жолдары соның айғағы болмақ:

Қасиетті сөз бар еді «Кие»деген,

(Киеліге жоламас күйе деген).

Жерін,елін,Отанын сүйетіндер,

Ең алдымен бұл сөзді сүйеді ерен.

Халқымыздың қажырлы да қайсар,батыр ұлдарының бірі Б.Момышұлы (1910-1982) атамыз «сұлулық дегеннің тамыры табиғаттану деген нәрседе жатыр. ... Құстарды алып қараған. Олардың ішінде қаншама сұлулық бар. Сол, себепті қарағым, сұлулық деген нәрсенің өзі табиғаттың жасаған шеберлігі . Осы күнде ғалымбыз деп жүрміз, бірақ табиғатқа қарсылық ету күнә»-деп , табиғат сұлулығын сезіне білуге және оны аялы алақанымен аялай түсінуді кейінгі ұрпаққа аманат етіп тапсырған. Қазақстанның Қызыл кітабында (2010 ж) құстардың 57 түрі тіркеліп, оның 8 түрі өте сирек кездесетіндіктен Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабына да енгізілген. Ондай құстарға мыналар жатады: бұйра бірқазан, шиқылдақ қаз, қызыл жемсаулы қараша қаз, мәрмәр шүрегей, ақкөз сүңгуір, ақбас үйрек, ақ тырна , тарбақ шырғалақ.

ІІ.Сұрақ-жауап:

1-топқа «Бұлбұл » тобына

  1. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланған ?

  2. Қандай құс хат тасушы атанған ?

  3. Топ балықты бірден асайтын қай құс?

  4. Қандай құс мүлдем ұя салмайды?

  5. Үй маңына жақын құстар ?

  6. Қазақта қай құсты киелі құс дейді?

  7. Орман емшісі

  8. Қайырымды достар: арқар, суыр, ...

  9. Шағала, үйрек қандай құстар тобына жатады?

  10. Әтеш қалай дыбыстайды?

ІІ топ « Қарлығаш » тобы

  1. Орманның әнші құсы?

  2. Ең үлкен құс қалай аталады?

  3. Тауық, қаз, қораз бір атаумен ата?

  4. Түнде жақсы көретін құс?

  5. Ұя жасау үшін өткір тұмсықты құс ?

  6. Құстың негізгі мекені ?

  7. ҚР туында қандай құс ?

  8. Күн көзіне тура қарайтын құс ?

  9. Ең ұзақ жасайтын құс ?

  10. Иісі қандай жақсы – көкірегіңді ашады, суы қандай тәтті ... мәтіндегі құс ?

Көктем мезгілі, күн жылы , құстарға тамақ көп. Алуан түрлі өсімдіктің дәнімен, жидекпен қоректенеді. Тойынған құстар түрлі дыбыс шығарып , ән салады емес пе ?

Олай болса бейне көріністен құстардың дыбысын тамашалайық.

ІІІ. «Кімнің ойы ұшқыр? » «Құстар қалай дыбыстайды » ойыны .

Сауысқан-

Шағала-

Тоқылдақ-

Бұлбұл-

Әтеш-

Торғай-

Сұңқар-

Тауық-

Аққу-

Қаз-

ІҮ. Жұмбақ шешу.

Әр топқа 10 жұмбақ жасырынады.

Қазақ халқы кейде айтайын деген ойына, сөзіне теңеу сөздер қолданады емес пе ?

Міне құстарды да сол теңеу сөзге қосқан : тауықтай шоқысқан, тотыдай таранған, бұлбұлдай сайраған, қаз дауысты деп жатады.

Ү. Топтық жұмыс «Дебат » ойыны

«Құстардың пайдасы » және «Құстардың зияны» тақырыбын қорғайды.

1-топ: Құстардың пайдасы. 2-топ : Құстардың зияны.

ҮІ. Сахналау. «Қырғауыл мен түлкі » ертегісі.

ҮІІ. Көрермендерге сұрақ

  1. Қанатың кең жаятын құс ?

  2. (Мұхитта тіршілік ететін альбатростың құлашы кең болады. Оның қанаттары ұзын әрі жұқа болады бір ұшынан екінші ұшына дейін 3 метр)

  3. Ұсақ тастармен қоректенетін құстар ?

  4. (Кейбір үй құстары ұсақ тастарды жұтып жібереді, жеген дәндерін тез қорытуға жақсы), т.б

Жүргізуші: Тамылжыған тамаша табиғаттың көрікті көктемінде құстар әні толастамасын! Бейбіт аспанда қалықтаңдар , шаттана шарықтаңдар, қанатты достар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
??стар –бізді? досымыз, ?ор?ау?а ?лес ?осы?ыз!

Автор: Сагадиева Бинур Назатхановна

Дата: 02.03.2016

Номер свидетельства: 301359


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства