Это урок был проведен в рамках декады младшего школьника.Урок запланирован с учетом возрастных и физиологических особенностей учащихсы класса.На уроке были использованны такие методы и приемы как, "Домино" игровой прием, работа в группах, составление постера и Место автора ит.д. Учащиеся работали на интерактивной доске с Веннской диаграммой, писали миниэссе, защищали постер, творческие работы. урок очень интерестный.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"??стар.Балы?тар" та?ырыбы бойынша ашы? саба? »
Кеңес Одағының Батыры
И.М.Бережной атындағы
Келлер орта мектебі КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Джунисбекова Роза Құралқызы
бастауыш сынып онкүндігі аясында
өткізілген ашық сабақ жоспары. Күні: 11.04.2015 жыл Пәні: Дүниетану Сыныбы: 1 «а» Сабақтың тақырыбы: Құстар. Балықтар. Сабақтың мақсаты: Жануарлардың топтары-құстар, балықтар туралы , тіршілік ету ортасы туралы, атауларын ажырата білу, жануарларға қамқорлық көрсетуге, оларды қорғауға тәрбиелеу. Сабақтың міндеті
Оқушылардың ақыл ойын,сөйлеу тілін дамыту,қиялын ұштау.Тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру, талдау. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, үлестірмелі тапсырмалар, жануарлар суреті.
Берілген қима суреттердің ішінен сүтқоректілерді тауып қағазға жапсыру,сол туралы білгендерін айту.
2топ.Бунақденелілер жайлы айту.
Берілген қима суреттердің ішінен бунақденелілерді тауып қағазға жапсыру,сол туралы білгендерін айту.
Венн диаграммасы арқылы сүтқоректілілер мен бунақденелілерді салыстыру. Ұқсастығы мен айырмашылықтарын ажырату.
ІV. Жаңа сабақ 1/Жаңа тақырыпқа шолу:
Тірі табиғаттың бір бөлігі - жануарлар. Жануарлар мынадай топтарғабөлінеді:сүтқоректілер,бунақденелілер,құстар,балықтар, жорғалаушылар,қосмекенділер. Құстарды «қанатты жануарлар» деп атайды. Құстар тіршілік ету ортасына қарай үй құстары және жабайы құстар болып бөлінеді. Жабайы құстардың түрі өте көп. Олардың бәрі де пайдалы. Мысалы, аққу – сұлулықтың символы. Тырна – табиғатымыздың көркі, сұлу құс. Дуадақ – өте әдемі құс. Бір кездері ол еліміздің далаларында кездесетін еді. Дәмді еті үшін көптеп ауланды да, қазір саны азайып кетті. Сонымен қатар біздің жерімізде кездесетін құстар – қарлығаш, сауысқан, қарға, торғай, кептер, шағалалар да бар. Бұл құстардың ішінде жүйрік, бірақ ұша алмайтын құстар да бар. Оларға дуадақ, пингвин жатады. Олардың жабайы құс аталуының себебі неде? Себебі олар азығын өздері тауып жейді. Құстардың келесі бір тобы – үй құстары. Үй құстары қолда өсіріледі. Олар өте пайдалы. Жұмыртқасы, еті – тамақ, мамығы жастық, көрпе, жылы киім үшін пайдаланылады. Үй құстарына тауық, әтеш, үйрек, қаз және күркетауық жатады. Қазақстанда құстарды көптеп өсіруге арналған үлкен құс фермалары бар. Олар қала халқын құс етімен қамтамасыз етеді. Балықтар – суда тіршілік етуге бейімделген жануарлар түрі. Олар өкпе арқылы емес, желбезегі арқылы тыныс алады. Балықтардың 22000-нан астам түрі бар деп есептеледі. Балықтардың денесін қабыршақ жапқан. Олар суда жүзбе қанаттары арқылы қозғалады. Балықтар судағы шөптермен, майда жәндіктермен қоректенеді. Олар уылдырық шашу арқылы көбейеді. Үйде балықтарды арнайы ыдыс-аквариумда өсіруге болады. Біздің елімізде кездесетін балықтар – шабақ, сазан, шортан, жыланбалық, бекіре, т.б.
V.Оқулықпен жұмыс
1/Топтық жұмыс:
Әр топ өзіне қатысты мәтінді оқиды, топта отырып талқылайды. Топтан бір оқушы ортаға шығып, автор орындығына отырып, екінші топқа әңгімелеп айтады.
«ҚҰСТАР» тобы құстар туралы
«БАЛЫҚТАР» тобы балықтар туралы
Сергіту сәті.
2/«Домино» ойыны
Ойынның мақсаты: Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.
Ойынның шарты: Әр топқа тақырыпқа қатысты сұрақтар мен жауаптар беріледі. Оқушылар топта отырып, сұрақтарын оқиды да сәйкес келетін жауапты таңдайды. Сұрақтың үстіне жауапты жапсырып қояды.
VІ. Жаңа сабақты бекіту. 1/Дәптермен жұмыс:
1-тапсырма Суреттен құстарды, балықтарды тауып белгіле.