Просмотр содержимого документа
«"??рман?азы" С.Ба?бергенов; "?азына к?терген бала" ?.Жапаров»
Тақырыбы: Құрманғазы. Сәуірбек Бақбергенов.
Мақсаты: білімділік. Оқушыларға Сәуірбек Бақбергеновтың «Құрманғазы» атты әңгімесі бойынша қазақтың ұлы күйші-композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының өмірімен таныстыру,
Тәрбиелік. Отан сүйгіш, елін қорғайтын, өнерін сыйлайтын азамат болуға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Үзіндіде мұғалім картадан қандай елдерді көрсетті? (Азия, Европа, Африка, Америка, Австралия, Антарктида, Россия ).
Тұрардың фамилиясы Қырғызбаев болып өзгерген себебін білесің бе? «Сибирь» деген кезде Тұрар неге елең ете қалды?
Сахалин аралын неге сұрады деп ойлайсың?
Әңгеме соңында жазушы қоңырау сылдыры неге ұқсап кетті деп жазады?
Бұл сөздің астарынан не түсіндің?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Тұрардың көңілі неге жүдеп, мұңайып қалды? Осы әңгімені оқығанда өзіңе қандай әсер алдың?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2.Жаңа сабаққа даярлық. Құрманғазы Сағырбайұлы жайлы не білесің? Ол кім?
Ү. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе. Құрманғазы Сағырбайұлы – қазақтың ұлы күйші-композиторы. Құрманғазы Сағырбайұлының өмір сүрген уақыты мейлінше қиын кезең еді. Оған «патшаға қарсы халықты үгіттеді» деген кінә тағылып, екі рет тұтқындап, түрмеге жапқан. Күйшінің қатал тағдырдың талқысына түскен бір сәті жазушы Сәуірбек Бақбергеновтің «Құрманғазы» деп аталатын әңгімесінде баяндалады.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Құрманғазы Динаға қандай әңгіме айтты?
Күйшінің бұл әңгімесінен оның өмірі жөнінде не түсіндің?
Құрманғазының анасына арнап шығарған күйі қалай аталады?
Бұл күйді қай кезде шығарған?
Күйшіні не үшін тұтқынға алды деп ойлайсың?
2. Құрманғазыны тұтқынға алып, қолын байлаған кездегі Динаның көңіл күйі қандай болғанын мәтіннен тауып оқы. Құрманғазының түрмеге кетердегі сөзін дауыс ырғағына келтіріп оқы. Бұл сөзді оқығанда өзің қандай сезімде болдың?
ҮІІ. Қорыту. 1. Құрманғазының Кенжеге айтқан ақырғы өтінішін дәптеріңежазып ал.
( - Түрмеде жатып домбыра тартқан не сәнім, оның үстіне ең болмаса домбырама арам қолдары тимесін, алып қал, Кенже, домбыраны! – деді Құрманғазы, - Динаға бер, Динаға! Дина тартсын мен келгенше ...)
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу
2. Құрманғазы күйлерінің атын дәптеріңе толықтырып жаз.
Бағалау. Сабаққа қатысып отырған оқушыларды бағалап, мадақтау
Тақырыбы: Қазына көтерген бала. Әнуар Жапаров.
Мақсаты: білімділік. Оқушыларға Әнуар Жапаровтың «Қазына көтерген бала» атты әңгімесі бойынша қазақтың аса көрнекті геолог-ғалымы әрі қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың өмірімен таныстыру, Дамытушылық: оқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдай білу қасиетін дамыту; Тәрбиелік: қиындықтан қорықпайтын, елін қорғайтын, ізденімпаз азамат болуға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа психологиялық түрде дайындау
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
Күйшінің бұл әңгімесінен оның өмірі жөнінде не түсіндің?
Құрманғазының анасына арнап шығарған күйі қалай аталады?
Бұл күйді қай кезде шығарған?
Күйшіні не үшін тұтқынға алды деп ойлайсың
Сергіту сәті. «Сарыарқа» күйін тыңдау
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2.Жаңа сабаққа даярлық. Қаныш Сәтбаев туралы не білесің?
Ү. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе.
Қаныш Сәтбаев – қазақтың аса көрнекті геолог-ғалым әрі қоғам қайраткері. Ол Жезқазған, Қарағанды, Алтай жер аймақтарын ашқан.
Жазушы Әнуар Жапаровтың төмендегі «Қазына көтерген бала»әңгімесін оқып, ғалымның өзіне тән бір ерекшелігімен танысамыз.
2. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп, жалғастырып оқу. Әр азат жолды жеке түсіндіріп айту. Рөлге бөліп оқу.
3. Сөздік жұмыс. Геолог – жер құрылысы мен қабатын және ондағы пайдалы қазбаларды табумен айналысатын ғалым.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Әңгімедегі Қаныш деп отырған бала кім? Ол туралы не білесің? Балалар қапшықтың ішінде не бар деп ойлады? Қаныштың ұстазы кім? Ол суретті көргенде қандай ойда болды? 2. Қаныш қандай бала болғанын мәтінге және кестеге сүйеніп жаз.
Қаныш қандай бала болған?
Дәлел
ҮІІ. Қорыту. Әңгіме неліктен«Қазына көтерген бала» деп аталған? Қаныштың салған суретін көз алдыңа елестету арқылы салып көр.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, сурет салу. Бағалау. Сабаққа қатысып отырған оқушыларды бағалап, мадақтау
(1899-1964)
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899 жылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы - 31 қаңтар, 1964 жылы, Мәскеу) - қазақ және Кеңес Одағыныңгеологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясынұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанныңметаллогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик. Өмірбаяны
Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым Павлодардағы орыс-қазақ мектебінде, Семей мұғалімдер семинариясында, Томск технология институтының тау-кен факультетінде білім алған. Мұғалімдер семинариясында Ж.Аймауытов, М.Әуезов сынды көрнекті қайраткерлермен бірге оқыған. Ш.Құдайбердіұлымен тығыз байланыста болып, оның шығармашылығын жоғары бағалаған.