kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

“??мырс?аны? ?ана?аты”(ертегі)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

О?ушыларды шы?армаларды? мазм?ны  мен  таныстыра отырып, негізгі ойды таба білуге ?йрету. ?з бетінше жа?а а?паратты алуды ?алыптастыру. Ертегіні т?сініп о?у ар?ылы ?мір мен байланыстыра отырып негізгі идеясын ашу.

Білімділік: 

М?тіннен негізгі ойды ажырату?а, еркін с?йлеуге ?йрету.

Дамытушылы?: 

?з бетінше ж?мыс істеу да?дысын, шы?армашылы?ын ?алыптастыру, с?здік ?орын молайту.

Т?рбиелік:  О?ушыларды е?бек?ор, ?ана?атшыл болу?а ?немшілдікке баулу.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«“??мырс?аны? ?ана?аты”(ертегі)»


Сабақтың тақырыбы “Құмырсқаның қанағаты”(ертегі)

(3 сынып)

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды шығармалардың мазмұны мен таныстыра отырып, негізгі ойды таба білуге үйрету. Өз бетінше жаңа ақпаратты алуды қалыптастыру. Ертегіні түсініп оқу арқылы өмір мен байланыстыра отырып негізгі идеясын ашу.

Білімділік: 

Мәтіннен негізгі ойды ажыратуға, еркін сөйлеуге үйрету.

Дамытушылық: 

Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын, шығармашылығын қалыптастыру, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік:  Оқушыларды еңбекқор, қанағатшыл болуға үнемшілдікке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары, түсіндіру, топтастыру, ой қозғау әдісі, салыстыру, автор орындығы,тізбектей оқу, тірек сызба, Джиксо әдісі.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, сюжеттівидео, стикер, смайлик.
Барысы.

Ұйымдастырукезеңі.

Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.

Психологиялық дайындық.

Күліп- қағып қолымды,

Бір,екі,үш деп соғайын.

Қарап тұрып көршіме,

Қолымды мен бұлғайын,

Жылы-жылы жүзбенен,

Маңдайынан сипайын.

Ыстық алақаныммен.

Қолыңды бер қысайын.

Үйге берілген ізденіс жұмыстары.

І топ. «Қанағат қарынтойғызады» деген мақалдың мағынасын түсіндір.

ІІ топ. Құмырсқаның қандай қасиетін білесіңдер?

Суретпен жұмыс.

Жұмбақпен жұмыс.

Ине бел, қылқа мойын, қара батыр.

Қара тауды арқалап бара жатыр.  Бұл не?    

Бір балуан өзі күшті, қайраты мол.

Өзінен үлкен затты көтерер ол.

Мейлі қыр, мейлі жота, мейлі төбе.

Қайқаңдап өте берер бәрінен ол.      Бұл не? (құмырсқа)

  Құмырсқа туралы түсінік. (Ой қозғау).

Құмырсқа – жарғаққанаттылар отрядының тұқымдасы. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Құмырсқалар көбіне топтанып (10-100 мың дарасы бірігіп) илеу жасап тіршілік етеді.

Әр илеуде аталық, аналық “жұмысшы” және “жауынгер” құмырсқалар болады. Құмырсқалар 20 жылға дейін өмір сүреді. Құмырсқа денесінде 70- тен астам микроэлемент, 20 – дан астам амин қышқылы, витаминдер бар.




  • Ендеше бүгінгі сабағымызда 3 сынып“Құмырсқаның қанағаты”ертегісімен танысамыз.

Сабақтың эпиграфы: Қадыр Мырза Әлі

«Ана-тілі»

Ана тілің-арың бұл,

Ұяттың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Ана тілің,біліп қой
Еркіндігің,теңдігің

Ана тілің,біліп қой
Мақтанышың,елдігің.

  • “Құмырсқаның қанағаты”ертегісі бейнекөрініс

  • Оқушыларды топқа бөлу .

І топ- Ғалым, ІІ топ -Қанағат тобы

  • Оқулықпен жұмыс (мәтінді мәнерлеп оқу)

Ертегі мазмұнын талдау

  1. Оқымысты деген кім?

  2. Құмырсқаның ақылы, қайраты, қанағаты барын қайдан білдің?

  3. Оқымысты құмырсқаны неге, қалай сынады?

  4. Құмырсқа 1жыл бойы неге дәннің жартысын жеді?

  5. Құмырсқа 1дәнді 1жылға азық етемін десе, екіншіде жарты дәнді 4-5 жылға азық етемін дегені несі?

6. Құмырсқаның қасында дән жатқанда ашығу себебі не деп ойлайсың?

Жылға азық етемін дегені несі?

Мәтінмен жұмыс.

Мәтінді мына тақырыптар бойынша 4 бөлікке бөлу.

І топ

А) Еңбекқор құмырсқа

Ә) Құмырсқа мен оқымысты адамның әңгімесі

ІІ топ

Б) Қораптағы құмырсқа

В) Қораптағы құмырсқа мен оқымыстының әңгімесі

Сергіту сәті.

Өздік жұмыс. Дәптермен жұмыс.

Ітоп

Құмырсқа бойындағы қасиеттерді жазу”

ІІ топ

Құмырсқаның сөзін мәтіннен тауып оқу

Ой тұжырым”

Құмырсқа- еңбекқор жәндік. Аз нәрсеге қанағат тұтады. Барлығы бірлікте, ынтымақта болады. Сол сияқты адамдар да қолда бар нәрсеге қанағат тұтып, еңбектенуі керек.

Шығармашылық тапсырма. І топ

Құмырсқа”сөзіне 5 жолды өлең құрастыру

  1. Не?

  2. Қандай?

  3. Не істеді?

  4. 4 сөзден тұратын сөйлем 5. Синоним





Шығармашылық тапсырма. ІІ топ

«Автор орындығы» әдісі

Сұрақ-жауапқа құрылған хат”ойыны

  1. Не?

  2. Қай жерде?

  3. Не істеді?

  4. Ол не айтты?

  5. Ол айтты:

  6. Адамдар не деді?

  7. Оқиға немен аяқталды?

Рэфлексиялық бағалау кезеңі

Тест тапсырмалары.

Ғұлама бақ ішінде нені көрді?

а) аралардың ұясын

ә) құмырсқаның илеуін

б) ағаштарды

2. “Сенің басың неге үлкен?” дегенге құмырсқа не деп жауап қайырды?

а) ақылым көп

ә) көп ойланамын

б) көп еңбектенемін

3. Құйрығы неге үлкен?

а) қанағаты көп

ә) ақылы көп

б) қайраты көп

4. Ал белі неге жіңішке?

а) ақылы көп

ә) қанағаты көп

б) тамақты аз жейді?

Тест жауаптарын кодоскоп арқылы тексеру.

3- сынып тест жауаптары: 1-ә, 2-а, 3-б, 4-ә

Диалогтік талдау әдісі

Құмырсқаны сипаттау.

Сенің бойыңда құмырсқаға ұқсайтын мінез бар ма?

Құмырсқадан не үйрендік?

Оқырман көзімен” атты әдіс.

«Не білдік?», «Не сезіндік», «Не түйдік»

Кері байланыс парағы

Не үйрендім? , Мені мазалайтын сұрақ? , Менің көңіл күйім?

Оқушыларды бағалау (Смайликтер арқылы)

Үйге тапсырма:

Ертегіне түсініп оқу

  1. Ертегі мазмұнына сәйкес сурет салу.

Құмырсқа...” немесе “Жазушының орнында болсаң оқиғаны қалай аяқтар едің?” тақырыбында ой толғау жазу.













«Құмырсқаның қанағаты»

(ертегі)

Ертеде бір оқымысты болыпты. Ол барлық халықтың, жан–жануардың, жәндік, өсімдіктің тілін түгел біледі екен. 

   Бір күні ғұлама бақ ішінде келе жатып, құмырсқаның илеуіне тап болады. Қарап тұрған біреуі жоқ: бір тобы індерін кеңейтіп жатыр, бір тобы нән құртты сүйретіп келеді, енді біреулері күзет қорықта жүр, ал ана біреуі басқа илеуден ұшырасқан құмырсқамен алысып жатыр. 

   Әлгі адам бір құмырсқаны ұстап алады да: 

   – Сенің басың неге үлкен? - деп сұрайды. 

   – Ақылым көп. 

   – Құйрығың неге үлкен? 

   –  Қайратым  көп. Өзімнен  қырық  есе ауыр жүкті көтере аламын. Қайратымды құйрығыма жинамасам, ауыр жүкті көтергенде, тоңқалаң асар едім,  -  дейді 

   Құмырсқа:  

   – Ал сенің ішің неге жіңішке? 

   – Қанағатым көп.  

   – Жарайды,  - деді оқымысты. – Ақылың мен қайратыңның көп екеніне көзім жетіп тұр. Енді қанағатыңның қандай екенін білейін. Егер саған бидайдың бір дәнін берсем, қаншаға жеткізер едің? 

   – Бір жылға жеткізер едім, – депті құмырсқа. 

   – Оқымысты құмырсқаны сауытқа салып, қасына бидайдың бір дәнін қояды. Бір жыл өткен соң сауытты алып қараса, құмырсқа бір қырынан бүк түсіп, қимылсыз жатыр екен. Қасында бидай дәнінің жартысы қалыпты. Әрі–беріден кейін бірте–бірте мұртын, аяғын қимылдатады да, құмырсқа орнынан тұрады. 

   – «Бір дән маған бір жылға жетеді» деп едің. Жыл өтті, ал сен дәннің жартысын ғана жепсің. Оның қалай? – деп сұрады оқымысты. 

   – Иә ... ол дәнді бір жылда жеп бітірсем, қазір менің халім әлде қайда жақсы болған болар еді. Бірақ сен бір жылдан кейін мені босатуды ұмытып кетсең, онда мен бостан–босқа аштан өлген болар едім. Сол себепті бір жыл бойы жарты дәнді қанағат қылдым, – деп жауап береді құмырсқа. 

   – Егер босатуды ұмытып кетсем, қалған жарты дәнді қанша уақытқа жеткізген болар едің? 

   –  Төрт-бес жылға жеткізген болар едім, –депті құмырсқа.  































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
“??мырс?аны? ?ана?аты”(ертегі)

Автор: Хами Санду?аш Беркін?ызы

Дата: 26.02.2016

Номер свидетельства: 299270


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства