Просмотр содержимого документа
«?озы. ?оша?ан. Жі?ішке дауыстылар »
Алматы облысы,Қарасай ауданы
М.Мәметова атындағы орта мектеп КММ
Бастауыш сынып мұғалімі:
Нуржауова Ләйла Құдайбергенқызы
Сабақтың тақырыбы: Қозы. Қошақан. Жіңішке дауыстылар
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
Оқушыларға Ж.Смақов туралы қысқаша мәлімет беру.Төлдің пайдасы туралы танымдық қабілеттерін арттыру. Өлеңді мәнерлеп оқу,мазмұндауға машықтандыру.Жіңішке дауыстыларды меңгерту.
Дамытушылығы:
Жуан және жіңішке дауыстыларды ажырата білуге үйрету.Әр өлең жолын мазмұндай отырып, тілдік қорын, танымдық белсенділігін дамыту.
Тәрбиелігі:
Жалпы төлдерге қамқорлық жасауға баулу.Көркем, сауатты жазуға,өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, парақшалар, семантикалық карта, тест
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа психологиялық даярлық
Бес болсын алған бағамыз
Білімнен бақыт табамыз,
Өнер,білім көп тоқып
Өсе берсін санамыз.
ІІ. Үй тапсырмасына шолу жасау.
Үйге қандай тапсырмалар берілді? Біз қандай үй жануарларын білеміз?
1-ші слайд.Төрт түлік мал иелерін атау.
Түсініктеме: Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық.Малдың еті,сүті, терісі, жүні, сүйегіне дейін өз қажеттіліктеріне жарата білген. Қазақ халқының бар өмірі төрт түлік
малмен байланысты болған. Халық ұғымында әр малдың пірі, киесі болған.
2-слайд «Төлдерін тап»
3-4 слайд төлдер
Қандай жуан дауыстыларды білеміз? Мысал келтірейік.
Сиыр өлеңдерін жатқа айтқызу.
Сиырдың пайдасын әңгімелету. Тағы қандай төлдерді білесіңдер?
«Сиыр»- сөзінде неше дауысты дыбыс бар, буынға бөліңдер.Неше буынды сөз?
Олай болса, біз де бүгін сол еркелетіп айтатын теңеу сөздерге байланысты сабағымызды топпен отырып, әр топқа атау берейік.
І-топ - Ботақандар
ІІ-топ – Құлыншақтар
ІІІ-топ – Қошақандар
Жаңа сабақтың тақырыбын баяндау.
ІІ. 5-ші слайд.
«Қозы» өлеңінің авторы Ж.Смақов туралы қысқаша мәлімет беру.
Жақан Смақов (1932-1974) Қарағанды облысы,Жаңаарқа ауданы, Ынталы колхозында дүниеге келген.Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.Еңбек жолын Талдықорған облыстық газетінде бастайды.Ол көптеген республикалық газеттерде жоғары лауазымды қызметтер атқара жүріп, балаларға арналған көптеген өлеңдер жазады. 1958 жылы қазақ теледидары ашылысымен сонда қызметке ауысады. Балаларға арнап түрлі көрсетілімдер ұйымдастырады. Оның «Құсбегі» телефильмі бүкіл одақтық экранға шыққан. Жақан ағамыздың