| № | Сабақтың тақырыбы | Мақсаты,міндеттері | Сағат саны | Күні | Ескерту |
| 1 | Жеке бас тазалығы | Денсаулық туралы ғылым-«Валеология»жөнінде түсінік беру. | 1 | | |
| 2 | Тазалық құралдары | Балалардың «Амансың ба?», «Саумысың?», «Сәлеметсің бе?»деген сөздердің мағынасы жөнінде білімдерін бекіту.Дәрігер Салауатпен ,Әліппе-дәптермен таныстыру. | 1 | | |
| 3 | Рақмет саған,жаттығу! | Ертеңгілік жаттығу жасаудың денсаулыққа пайдасы жөнінде түсіндіру.Бала денсаулығының басты кепілі-дене бітімінің сымбаттылығы,бүкірею, жалпақтабандылықтың алдын алу туралы мағлұматтар беру. | 1 | | |
| 4 | Дұрыс отыра білу | Ағзаны қорғауда мұрынның маңызын түсіндіру.Жаттығу жасаған кезінде қауіпсіздік ережелер сақтауға үйрету.Секіру, жүгіру кезінде аяқтарын ауыртып алмай , ептіболуға тәрбиелеу. | 1 | | |
| 5 | Күн тәртібі | Балалардың күн тәртібі туралы білімдерін кеңейту.Күн тәртібін жүйелі орындаудың денсаулықты нығайтудың маңызын түсіндіру.Ұйқының адам денсаулығы үшін маңызы туралы ұғымдарын кеңейту. | 1 | | |
| 6 | Менің таңым | Ұйқы күн тәртібінің құрамды бөлігі деген түсінік қалыптастыру. Балаларға күн тәртібін сақтауда қауіпсіздік ережелерін ұмытпау керек екенің еске салу, жыл мезгіліне байланысты киіну, күн батарда ұйқтауға болмайтының айту. | 1 | | |
| 7 | Мен кіммін? | Балаларға адам денесінің құрылысын көрсету.Адамдардың бір-бірінен айырмашылығы болатынын түсіндіру. | 1 | | |
| 8 | Адамның дене мүшелері | Балаларды қауіпсіздік ережелерін еске сала отырып, дұрыс қозғалтуға , бұлшықетін,буындарын созылудан ,сынудан,шығарып алудан сақтануға үйрету.Бұлшықетін,сүйектерді қатайту,іскерлік білімдерін қалыптастыру. | 1 | | |
| 9 | Мен және мені қоршаған орта | Балаларға флора және фауна туралы мәлімет беру.Өсімдік және жануарлар әлеміне деген жауапкершілік ,ұқыпты қарым-қатынасты қалыптастыру. | 1 | | |
| 10 | Суретпен жұмыс | Күннің көзінде көп жүруге болмайтының айтып, қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету.Күн,ауаның барлық тіршілік иелері үшін маңызы туралы түсінік беру. | 1 | | |
| 11 | Күн,ауа және су-біздің достарымыз | Денені шынықтырудың әртүрлі жолдарымен таныстыру және оның адам денсаулығына тигізер әсері жөнінде мағлұмат беру. | 1 | | |
| 12 | Ауаның ластануы | Балаларға күннің астында көп жүрудің өзі қауіпті екенін түсіндіру.Қауіпсіздік ережелерді сақтай білуді үйрету. | 1 | | |
| 13 | Спорт-денсаулық кепілі | Балаларды дене шынықтырудың маңызымен таныстыру.Дене тәрбиесі және емдік дене шынықтырудың пайдасын түсіндіру. | 1 | | |
| 14 | Шынықсан - шымыр боларсың | Жүректің жұмысы туралы мәлімет беру. Ойындар кезінде және денені шынықтыру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтап жүруді жаттықтыру. | 1 | | |
| 15 | Тазалықшының кеңестері | Көзді күтуге,қажет болса көзілдірікті дұрыс пайдалануға үйрету.Балаларды көзілдірік киген үлкен-кішіге адамгершілік қарым-қатынасту болуға тәрбиелеу. | 1 | | |
| 16 | Дәрігер кеңесі | Адамның есту қабілетінің рөлі және тіс аурулары туралы мәлімет беру. Көзіңе зиян келмеу үшін теледидарды жақын қарауға болмайтының айту және тістерің сау болу үшін тәттіні көп жеуге болмайтының түсіндіру. | 1 | | |
| 17 | Ұлдар мен қыздар | Балаларға ұлдар мен қыздардың ұқсастығын және айырмашылығын түсіндіру.Олардың өз құрдастарымен тәрбиелі қарым-қатынастарын қалыптастыру және дамыту. | 1 | | |
| 18 | Қызбен ұлдың ерекшелігі | Адамның денсаулығын сақтап ,нығайтудағы көңіл күйдің тигізетін әсері жайлы білімдерін қалыптастыру. | 1 | | |
| 19 | Тамақтану мәдениеті | «Тамақтану »тусінігінің маңызын ашу.Бала денсаулығын нығайтудағы дәрумендердің рөлін көрсету.Ас қорыту ағзаларымен таныстыру. | 1 | | |
| 20 | Жеміс пен көкөністің пайдасы | Тамақтану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау керек екенің ,оның ішінде тамақтың алдында қолыңды жуу, тамақты әбден шайнап жеу керек екенің айту. | 1 | | |
| 21 | Мен және менің отбасым | Балалардың үйдегі орны туралы түсініктерін қалыптастыру: үлкенді сыйлау,кішіге қамқор болу,жауапкершілік сезімдерін дамыту. | 1 | | |
| 22 | Үйдегі қауіпсіздік ережелері | Балаларға үйдегі қауіпсіздік ережелері жөнінде түсінік беру. | 1 | | |
| 23 | Бағдаршам сыры | Жолда жүру ережелері туралы мағлұмат беру.Балалардың жолда жүру тәртіп ережелерін қалыптастыру | 1 | | |
| 24 | Көшеде абай бол! | .Бөтен адамдармен қарым-қатынаста қауіпсіздік тәртібі жөнінде білім беру. | 1 | | |
| 25 | Сыпайы бол! | Қоғамдық орындарда балалардың өзін ұстай білуіне,мейірімді,кішіпейілді, сыпайы болуға тәрбиелеу. | 1 | | |
| 26 | Әдепті бала-арлы бала | Әдептілік,сыпайылық,ізеттілік туралы мағлұмат беру | 1 | | |
| 27 | Айболит және оның достары | Әртүрлі ауру түрлерімен және оның пайда болу себептерімен таныстыру .Жұқпалы және тұмау ауруларының алдын алу шараларының маңызын көрсету. | 1 | | |
| 28 | Айболиттің құралдары | Балаларға қауіпсіздік ережелерін сақтауға , оның ішінде таза жүруді, ит, мысықпен бірге ұйықтаға болмайтының айтып түсіндіру. | 1 | | |
| 29 | Пайдалы кеңестер | Салауатты өмір салаты туралы түсініктерін бекіту.Ішімдікке және темекі шегуге жағымсыз әсер қалыптастыру. | 1 | | |
| 30 | Жағымсыз әдеттер. | Балаларға үйдегі қауіпсіздік ережелері жөнінде түсінік беру. | 1 | | |
| 31 | Біз жыл бойы не үйрендік? | Жыл бойы өткен тақырыптарды қорытындылап,бекіту. | 1 | | |
| 32 | Бақыттың түсі қандай еді? | Психологиялық тренинг өткізу.Алған әсерлерімен бөліседі. | 1 | | |